ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНА ТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ ӘСЕРІ МЕН ОНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Женсхан Д., Есенбаева А.Е.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Астана қ., Қазақстан Республикасы
e-mail: azan_tanat@mail.ru
XXI ғaсырдaғы хaлықaрaлық туризмнің негізгі тенденциялaрын құру Дүниежүзілік туристік ұйымның aнaлитиктерінің құзіреті болып тaбылaды. Осы кезеңдер аралығын қамтитын хaлықaрaлық туризм көптеген елдердің экономикaсының өсіп-өркендеуіне үлес қосып, адaмның әлем, жер және тaбиғaт турaлы көзқaрaсын, тaным көкжиегін кеңейтіп, тұлғaны жaн-жaқты қaлыптaстырып отырғaны белгілі. Себебі, Дүниежүзілік Туристік Ұйымның есебі бойыншa әрбір турист өзінің бaрғaн елдерінде кем дегенде мың доллaрдaн aстaм қaржы жұмсaп, көлік пен қонaқ үй қызыметінен бaстaп, тaмaқ өнеркәісібі мен aуылшaруaшылығынa дейінгі 32 сaлaны қосымшa жұмыспен қaмтaмaсыз етеді. Сонымен, туризм жaңa жұмыс орындaрын aшып, хaлықты жұмыспен қaмтуғa, шaғын және ортa бизнесті дaмытуғa, бюджеттің кіріс бөлігін ұлғaйтуғa және туристік инфрaқұрылымды ұйымдaстыруғa игі ықпaлын тигізеді.
Туризм өз кезегінде әлемдік шaруaшылықтың ең қaрқынды және өз шығынын өзі өтей aлaтын түрі болып сaнaлaды. Фрaнция, Испaния, Грекия, Түркия, Венгрия және Египет елдерінде туризм мемлекет бюджетіне өте үлкен кіріс кіргізетін негізгі экономикaның сaлaсы болып тaбылaды [1].
Туризмнің ұлттық экономикаға әсерін қарастырсақ, турист туристік фирма қызметіне жүгініп, автоматты түрде орналастыру, тамақтану және транспорттық, қаржылық, сақтандыру кәсіпорынның тұтынушысы болады. Олар табысынан мемлекетке салық және өздерінің жұмысшыларына жалақы төлеу арқылы аймақтың экономикасының өсуіне ықпал етеді, сәйкесінше ел экономикасының дамуына әкелед [2]. Демек, туризмнің ұлттық экономикаға әсерін келесі суреттен көруге болады (1-сурет).
1-суреттен туризмнің бірнеше қызмет көрсету салаларына тікелей әсер ете отырып, аймақтық және ұлттық экономикаға әсер ететінін көреміз. Сонымен қатар бұл суретте туристік кластердің өзегі болып табылатын, әрі қызметтер ұсынатын туристік агенттіктер мен туроператорлар қамтылған. Ал Қонақүйлер, демалыс үйлері, көлік компаниялары да туристік бизнестің ең маңызды жоғары буындары болып табылады және туристік агенттіктер ұсынатын қызметтер пакетіне жиі кіреді.
Қазақстан Республикасындағы туристік кластерді дамытудағы артықшылықтар мен оған кедергі болатын факторларды еліміздегі қазіргі жағдайларды ескере отырып, келесідей жүйелеуге болады.
Мемлекет экономикасы
Аймақ экономикасы
Орналастыру кәсіпорыны
Тамақтандыру кәсіпорыны
Тасымалдау кәсіпорыны
Қаржылық мекемелер
Сақтандыру мекемелері
Турист
Туристік агенттік
Сурет-1. Туризмнің ұлттық экономикаға әсері
Осыған сәйкес еліміздегі туристік кластерді дамытуда қолда бар артықшылықтарға тоқталсақ олар келесідей:
-
шет ел туристері үшін туристік мемлекеттерді таңдауда ең бірінші алғышарт-қауіпсіздік;
-
өзіне тән мәдениеті бар (мәдени-танымдық туризм);
-
бұзылмаған табиғаты бар (экологиялық туризм);
-
іскерлік белсенділігі жоғары (іскерлік туризм);
-
белсенді демалыс түрлерін өткізу мүмкіндіктері бар (спорттық сауықтыру және экстремальді туризм);
-
жағажай туризмін қалайтын туристер үшін Каспий, Бұқтырма, Қапшағай, Алакөл, Балхаш сияқты басқа да өзен-көлдеріміз бар;
-
денсаулығын түзеткісі келетін туристерге «Сарыағаш» (ОҚО), «Арасан-Қапал» (Алматы облысы), «Баянауыл» (Павлодар облысы), «Щучинск-Бурабай» (Ақмола облысы) және басқа да санаторийлер бар;
-
қазақ халқының қонақжайлылығы. Демек, Қазақстандағы туризм саласы бірқатар басымдылықтарға ие табысты салалардың бірі деп айтуға болады. Егер статистикалық деректерді негізге алатын болсақ, 2015 жылдың IV тоқсанындағы еңбек нарығының негізгі индикаторлары бойынша еліміздегі Экономикалық тұрғыдан белсенді халық, 8961,8 мың адам, оның ішінде 8510,7 мың адам еңбекпен қамтылған. Жұмыспен қамтылған халық санының ішінде 325,3 мың адам, яғни 26,2% туризммен тікелей байланысты салаларда (тұру және тамақтану бойынша қызметтер; өнер, ойын-сауық және демалыс) жұыспен қамтылған [3]. Бұл дегеніміз туризм саласы еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі ең басты сала екендігін көрсетеді. Сонымен қатар туризм саласында жұмысмен қамтылудың бірқалыпты тұрақты өсімін байқауға болады.
Сурет -2. 2010-2015 жж. аралығындағы туризм саласы бойынша жұмыспен қамтылғандар саны, мың адам
2-суреттен көріп отырғанымыздай туризм саласы бойынша жұмыспен қамтылған адамдар саны 2015 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 66,8% өскен. Бұл көрсеткіш Қазақстанның еңбек нарығы үшін туризмнің тиімді сала екендігін нақтылай түседі. Дегенмен, қарастырылып отырған саладағы кейбір мәселелердің болуына байланысты ЖІӨ үлесі өте төмен. Атап айтқанда 2015 жылдың басында ЖІӨ–гі өнер, ойын-сауық және демалыс бойынша -0,7%; тұру және тамақтану бойынша қызметтер – 0,9% құрады.
Сонымен қатар, республикада туризмді жеделдетіп дамытуға қиындық келтіретін негізгі себептерге мыналарды жатқызуға болады:
- туризм орындарындағы инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы, туристік объектілерге жетудің қиындығы, туристер демалатын жерлердегі қызмет көрсету деңгейінің жоғары болмауы, жол бойы инфрақұрылымы объектілерінің сервис сапасының және санының жеткіліксіздігі;
- туризм саласында білікті кадрлардың жетіспеушілігі – оның ішінде білімнің академиялық сипаты, білім бағдарламаларының еңбек нарығының талаптарынан, өндірістердің қажеттіліктерінен, жұмыс берушілердің күтуінен біршама алшақтығы және т.б.;
- орналастыру орындарын айқындаудың, сондай-ақ орналастыру орындарының белгілі бір түріне қолданылатын стандарттардың болмауы, заңнамада жұмыскерлер мен жұмыс берушілерге қатысты қолданылатын әлеуметтік туризмді реттеу қағидаларының болмауы (туристік сертификаттар жүйесінің болмауы), туризм индустриясы мен қонақ үй бизнесін нормативтік реттеудің жеткіліксіз деңгейі;
- туристік бизнесті дамыту үшін ықтимал кедергілер, оның ішінде әкімшілік кедергілердің болуы бұдан әрі жетілдіруді талап ететін, мемлекеттік қолдау құралдарының болуы [4].
- туризмнің дамуындағы кедергілер қатарына маркетингтік қызметтердің толық ұсынылмауын да атап өтуге болады. Елімізде көптеген әсем орындар болса да, олар шетел туристері арасында танымал емес. Ғажайып туристік әлеуеті бар, бүкіл әлем үшін ашық, туристерге қауіпсіз туристік орталық ретінде Қазақстанның имидждік стратегиясын жасау оларды елге тартудың маңызды факторы болып табылады.
Ендігі кезеңде елдің шикізаттық емес өндірісін дамыту, туризм саласын дамыту секілді сұрақтар өткір мәселеге айналды. Осы орайда мемлекеттің негізгі міндетінің бірі – экономиканың басымдық берілетін салаларына қызмет көрсету және тауар өндірісін жедел дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған инвестицияларды тарту.
Туризм саласындағы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың ішінде өндірістік инфрақұрылымдарға жұмсалған инвестиция әлеуметтік инфрақұрылым салаларына қарағанда көбірек. Мысалы: 2014 жылды 2009 жылмен салыстырғанда тұру және тамақтану бойынша қызметтер – 23,4% өскен; ал өнер, ойын-сауық және демалыс қызметтеріне керісінше 12,1 % төмендеген. Осыдан қорытынды жасайтын болсақ туризмедегі даму мен оны инвестициялау тұрақты емес [5].
Туризмді дамытудың негізгі экономикалық көрсеткіштерінің өзгерісін талдай келе, қазақстандық туризмнің әлеуеті толық іске асырылмай отыр деген қорытындыға келуге болады, өйткені туристік саланы дамыту көліктік-логистикалық жүйенің қажетті инфрақұрылымын қамтитын, оның ішінде туристік көрсетілетін қызметтерге қазақстандық және шетелдік азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндікті қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы (автомобильдік, авиациялық, теміржол) арқылы өткізу пункттерін реконструкциялауды ескере отырып, қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті туристік кешенді құруға тікелей байланысты. Туристік кешенді құру бюджетке салықтық түсімдер, шетелдік валюта ағыны, жұмыс орындары санының өсуі есебінен еліміздің экономикасының дамуына да едәуір үлес қосады, сондай-ақ мәдени және табиғи мұраның сақталуына және оңтайлы пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етеді.
Келтірілген мәселелерді негізге ала отырып, туризм индустриясы мен туризм кластерін дамытудағы негізгі бағыттар ретінде келесілерді атап өтуге болады:
- жаңа орналастыру және демалу нысандарын салу, көлік пен тасымалдау кешенінің қызметін кеңейту, т.б. арқылы инфрақұрылымды дамыту;
-
халықаралық тәжірибеге сәйкес Дүниежүзілік туристік ұйым ұсынған туризм бойынша мамандықтарды «Қазақстан Республикасының бакалавриат және магистратура мамандықтарының жіктемесіне» енгізу. Атап айтқанда, ДТҰ ұсынатын туризм мамандықтары келесідей: туризм менеджері, халықаралық туризм менеджері, маркетинг пен жарнама бойынша менеджер, ақпараттық технологиялар бойынша менеджер, туристік агенттіктерде сатулар бойынша менеджер, қоғаммен байланыс бойынша менеджер, туризмнің белсенді түрлері, жолсеріктер мен экскурсия жүргізушілерін даярлау;
-
гидтер, экскурсияшылар, туризм нұсқаушыларын қоса алғанда, туристік индустрия мамандарын, оның ішінде айрықша қорғалатын аумақтар мен мемлекеттік ұлттық парктер үшін, оқытып-үйрету семинарлары мен біліктілігін арттыру курстарын тұрақты негізде жүргізу;
- туристік бағыттағы тартымды ел ретінде Қазақстанды үгіттейтін тиімді маркетингтік саясатты жүзеге асыру;
- әкімшілік кедергілерді қарапайымдау, оның ішінде визаларды тіркеу мен бақылау жүйесінің күрделілігін төмендету, «туристік өнімнің» арзандауына жағдай жасау, турфирмалар үшін салық төлемдерін төмендету;
- қазақстандық туристік ұсыныс пен сұраныс жайы туралы ақпараттық базаны жеке сектормен ынтымақтастық жасау арқылы кеңейту;
- шетел туристері үшін жеке қауіпсіздік пен беріктілікті қамтамасыз етуде мемлекеттік кепілдікті ұсыну шараларын ұйымдастыру;
- компаниялар кооперациясына жағдай жасау, сол арқылы туризм қызметінің жоғары технологиялық кешенін қалыптастыру және саланың материалдық-техникалық базасын нығайту;
- туристік нысандар құрылысын қаржыландыру.
Туризм саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру және саланы дамыту жағдайын қамтамасыз ету үшін экономиканың басым секторларының бірі ретінде қазақстандық туризмді әлемдік туристік нарыққа ықпалдастыру үшін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешендерін құру қажет. Осы тұрғыда қарастыратын болсақ, Қазақстанның қазіргі инвестициялық саясатының туризм саласына бағыттау керек екендігін атап өткен дұрыс. Ұлттық экономиканы дамытуды, оның ішінде туризм саласын дамуды мақсат еткен Қазақстан Республикасы үшін ең маңызды құралы – инвестициялық саясат. Туризм саласын қаржылай нығайті үшін келесі шараларды жасау маңызды деп есептейміз: туризмнің бәсекеге қабілетті түрлеріне баса назар аудара отырып, оны инвестициялауды тұрақты қамтамасыз ету; туризммен тікелей байланысты салаларға икемді салық тәртібін жасау; төлем-ақылық және қаржылық тәртіпті реттеудің, нормалаудың комплексті шегін қалыптастыру; тиімді мемлекеттік кепілдіктер жүйесін дамыту; инвестициялық инфрақұрылымдар дамуы мен тиімділігін арттыру т.б.
Қорытындылай келе туризмді мемлекеттік қолдау ұлттық экономиканы орнықты дамытудың қажетті шарты болып табылады. Халықаралық тәжірибе мемлекеттің туристік инфрақұрылымды дамыту үшін жағдайлар жасауға, жеке инвесторларды тартуға, туристік индустрия субъектілерінің қызметі үшін қолайлы экономикалық жағдайларды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық базаны қалыптастыруға бағытталған белсенді саясаты болу керек екендігін көрсетіп отыр. Себебі туристік сала елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды орын алатыны белгілі. Сондай-ақ, әлемдік тәжірибе туризмді белсенді дамытатын елдер өз азаматтарын сапалы туристік көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ете отырып, біршама бюджеттік қаражатты ұлттық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға жұмсайтынын айғақтап отыр.
Осылайша, халықаралық тәжірибе туризмді дамытуды кадрлық, инфрақұрылымдық, әкімшілік, құқықтық қамтамасыз ету ұлттық экономика үшін туризмнің маңызды екендігін көрсетеді.
Әдебиеттер
1 Кусаинов Х.Х., Сергеева А.М. Туризм экономикасы: оқу құралы. - Алматы, 2012. - 208 б.
2 Смыкова М.Р. Туризм: экономика, менеджмент и маркетинг: учебник. -Алматы, 2006. - 220 с.
3 Қaзaқстaн Республикaсы Ұлттық экономика министрлігінің Стaтистикa комитетінің ресми сaйты. [Электронды ресурс]. http://www.stat.gov.kz.
4 Алдашева А.А. История туризма Казахстана: учебное пособие - Алматы, 2006. - 75 с.
5 Рахимбаев А.Б. Теория и практика маркетинга: учебное пособие. - Алматы: Нұр-Пресс, 2007. - 374с.
Достарыңызбен бөлісу: |