Волчанка ауылдық округі әкімі а. А. Гекктің 2015 жылғы есебінің тезисі



Дата25.02.2016
өлшемі46.29 Kb.
#22741
ВОЛЧАНКА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ А.А.ГЕККТІҢ 2015 ЖЫЛҒЫ ЕСЕБІНІҢ ТЕЗИСІ
Волчанка ауылдық округі 5 елді мекеннен тұрады, халқының жалпы саны 2037 адам, оның ішінде Волчанка.-998 адам, Березовка а. - 256 адам, Крюковка а. - 113 адам. Кандыковка. - 122 адам, Большая Речка а. - 544 адам

Көп балалы аналар - 30 адам, батыр аналар - 3 адам, зейнеткерлер - 309 адам.

Округ аумағының жалпы ауданы – 68 903, оның ішінде елді мекеннің жері 6064 га.

Ауыл шаруашылығы жері - 34573 га, оның ішінде егістік 15 136 га, жайылым 3859 га, шабындық 17 796 га. Бонитеттің орта баллы - 67.


Ауыл шаруашылығы

Өсімдік шаруашылығы

Округтің ауыл шаруашылығының негізгі саласы - өсімдік бағыты және астық және күнбағыс дақылдарын өсіру болып табылады. Округ аумағында 47 ауыл шаруашылығы құрылымдары жұмыс істейді, оның ішінде шаруа қожалғы - 40 және ЖШС - 7. Өткен жылы 9734 га астық, 3062 га күнбағыс егілді немесе егістік алаңының 23 % құрайды.

Округ бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдарының кескінінде 11680 тонна астық, шығымы 12,2 ц/га құрайды және 4532 тонна күнбағыс, шығымы 14,8 ц/га құрайды. 2015 жылы окруктің ауыл шаруашылықтарымен 90 тонна 1 репродукциялық бидай тұқымын сатып алынды. Жер 130 тонна минералдық тыңайтқыштармен тыңайтылды. Ауыл шаруашылығы құрылымдарына мемлекеттік субсидия 35 990 822 теңге төленді.

2016 жылғы егіске 94 пайыз тұқым дайындалды, қалғаны егіс науқанының алдында сатып алынады.



Мал шаруашылығы

Округте 2 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен айналысады -«ДеВита» ЖШС ірі қарамен, «Трехгорненское» ЖШС шошқа шаруашылығымен айналысады.

2015 жылдың 1 шілде айына жеке секторда 1590 бас ірі қара, оның ішінде сиырлар-700 бас, шошқа-830 бас, жылқы-164 бас, қой мен ешкі-826 бас, құстардың барлық түрі бойынша-6000 бас.

2015 жылы сүт үшін 3 742 680 теңге және асыл тұқымды шошқаларды сатып алуға 750 000 теңге мемлекеттік субсидия төленді.

2016 жылдың 1 қаңтар айында жеке секторда 1374 бас ірі қара, оның ішінде сиырлар - 700 бас, шошқа - 990 бас, жылқы - 145 бас, қой мен ешкі - 710 бас, құстардың барлық түрі бойынша - 5845 бас.

Білім

Округ аумағында 2 орта білім беру мекемесі бар: Киров жалпы білім беретін орта мектебі, онда 1-11 сыныптарда - 142 оқушы оқиды, шағын орталығында - 14 адам, мектеп алды дайындық тобында - 23 бала, мектеп автобусымен 39 оқушы Березовка, Крюковка, Кандыковка ауылдарынан тасмалданады. 9 түлек бітірді, оның ішінде 4 түлек жоғары оқу орынында оқиды. 4 түлек колледжге түсті, 1 түлек жұмыс істейді.

Большая Речка негізгі орта мектебі, онда 1-9 сыныптарда 73 оқушы оқиды, шағын орталықта-20 бала. Мектеп алды дайындық тобында-9 бала.

Большая Речка негізгі орта мектебі 9 сыныпты 2 түлек бітірді, оның ішінде 1 түлек колледжге түсті, 1 оқушы Өскемен қаласындағы колледжге түсті.

Мектептің 1-4 сынып оқушылары ата-аналар есебінен ыстық тамақпен, сүтпен, балмен қамтамасыз етілген.

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау объектілері: - 4, оның ішінде Волчанка ауылдық дәрігерілік амбулаториясы - 1, округтің әр ауылындағы ФАП - 3. Медқызметшілер саны - 13 адам, оның ішінде 1 дәрігер, орта мед қызметшілер - 11 адам, жүргүзіші - 1. АДА автомобильмен қамтамасыз етілген. Волчанка а. АДА және ФАП салаутты өмір салты кабинеті жұмыс істейді.

Туылғандар - 19, қайтыс болғандар - 32, бала мен ана қайты болғандар жоқ. Туберкулез аурумен ауратындар жоқ, учетта тұрғандар 2 адам. Обыр ауруымен есепте 20 адам тұр. Ағымдағы жылы маусым айында Волчанка, Березовка, Кандыковка, Большая Речка ауылдарындағы қозғалмалы флюрография жұмыс істеді.

Мәдениет және спорт

Волчанка а. мәдениет объектілері-1, кітапхана-3. Штат саны-8 адам. 2015 жылы ауылдық мәдениет үйінде 90 жаппай-мәдени іс-шаралар өткізілді, 1086 адаммен қамтылды, 61 би-кеші өткізілді, 2501 адаммен қамтылды. Көркемөнерпаздар ұжымы үнемі аудандық іс-шараларға қатысады. Жыл сайын «Убинский» кеңшарының бұрынғы директоры Н. Касьенконы еске алуға арналған волейбол турниры өтеді, оған ауданнан 5 командалар қатысады.



Инфрақұрылым

Жарықтандыру. 2015 жылы жергілікті бюджеттен көшелерді жарықтандырумен қамтамасыз ету үшін қызмет көрсетуге 1 млн 166 мың теңге бөлінді.

Телефонизация. Округ аумағында АТС филиалы жұмыс істейді, ол 382 абонентке арналған, сонымен қатар 102 радиотелефондар орнатылды, ұялы телефондар байланысы бар. Большая Речка ауылындағы сымды байланыс радио байланысқа ауыстырылды.

Жолдар. Қыс мезгілі кезеңінде жолды қардан тазалауға бюджеттен 400 мың теңге бөлінді.

2015 жылы су құбырлары ағымды жөнделуден өтті. Волчанка, Березовка, Крюковка, Кандыковка ауылдарында «Убинское-Ш» ЖШС қаражат есебінен 2 млн 100 мың теңге жұмсалды. Елді мекендерді санитарлық тазалауды қамтамасыз етуге 427 мың теңге.



Қаржылық қызметі 2015 жылы жергілікті бюджеттен 12841 теңге бөлінді, оның ішінде округ әкімінің аппараттын ұстауға 11201 мың теңге, республикалық бюджеттен 196 мың теңге. 2015 жылы 2 837 437 теңге округ әкімдігің арнайы есеп шотына түсті. 273 437 теңге ғимараттынды жалға беру есебінен, 2 600 000 теңге округ тұрғындарының салық төлеу есебінен. Ол жеке тұлғалардың жер салығы, жеке тұлғалардың мүлік салығы, жеке тұлғалардың көлік салағы. Осы қаражаттан 365 мың. теңге көшені жарықтандыру электорэнергиясы үшін төленді, 320 мың. теңге көшені жарықтандыру үшін қызмет көрсету үшін. Елді мекендерді қыс мезгілінде жолдарды қардан тазалауға 120 мың. теңге «Убинкое-Ш» ЖШС, 112 мың теңге «Большереченское» ЖШС аудару жолымен төленді. Барлығы 917 мың. теңге шығындалды.

2016 жылы 3 940 000 теңге салық есебінен және 273 437 теңге ғимараттарды жалға беру есебінен түсу күтілуде, барлығы 4 213 437 теңге ол көшені жарықтандыру және оның қызмет көрсету үшін төлемақыға жұмсау жоспарлануда, қыс кезеңінде жолдарды тазалауға және елді мекендерді абаттандыруға жоспарланған. Бюджеттен аппараттың қызмет көрсетуі үшін 14 млн 126 теңге бөлінді.



Халықты әлеуметтік қорғау

2015 жылы 2 млн. 900 мың теңге сомасына ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды. 110 % орындалды. Округтің аз қамтылған отбасылары барлық нысандағы атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмекпен қамтылған. Есеп беру ағымында: АМӘК- 3 отбасы, алушылар- 35,9 мың теңге сомасы, МБЖ (мемлекеттік балалар жәрдемақысы)-7 адам-144,5 мың теңге сомасы төленді, жұмыссыздар саны- 6 адам барлығы ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілді. Аз қамтылған отбасыларға (2 отбасы) 2 сауда орындардан әлеуметтік бөлім ашылды. 1 адам «Өрлеу» бағдарламасы бойынша. 2015 жылы жеке тұлғалардан жазбаша түрде-18 өтініш келіп түсті, және заңды тұлғалардың өкілдерінен-2 өтініш келіп түсті.

Негізгі міндеттер болып табылады:

1. Елді мекендерді санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары жалғастырылуда

2. Округтің халқына мемлекеттік сапалы қызмет көрсету;

3. Округтің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жоғарлату бойынша мақсатты және тиімді жұмыс жүргізу.




Волчанка ауылдық округінің әкімі А.Гекк

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет