[Введите текст]



Pdf көрінісі
бет12/32
Дата01.11.2023
өлшемі1.49 Mb.
#482142
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32
Қазақ әдебиеттануы

Әдебиеттанушы
академик 
Р. 
Нұрғалидың 
«Арқау» (2 том, 1991) «М. Әуезов және Алаш» (1997), 
«Драма өнері» (2001) атты еңбектері қазақ ғылымына 
қосылған қомақты үлес. «Арқау» атты екі томдық 
шығармалар жинағына енген зерттеулер бұрынғы 
«Айдын», «Телағыс», «Қазақ революциялық поэзиясы» 
кітаптарынан 
құралғанымен, 
жаңаша 
көзқараспен 
толықтырылған.Р.Нұрғалидың бұл үш монографиясына 
қосымша 1991 жарияланған “Арқау” атты екі томдығында
“Драма”, бөлімі мен “Қазіргі драма”,”Сахнадағы драма” 
деген көлемі екі тараумен толықтылықтырылған.Қазақ 
әдебиетінің драма, проза, поэзия түрлеріндегі жанрлардың 
туып, қалыптасып,даму жолдарын зерттеген ғалым 
олардың жылдар бойғы ізденістердің нәтижесінде қол 
жеткізілген жетістіктері мен кемшіліктері жайлы да өз 
ойларын ортаға салады. Ғалым қазақ драматургиясының 


[Введите текст] 
149 
тарихын, қалыптасуы мен даму жолдарын, жанрлық 
жүйесі мен ізденістерін жеке-жеке мәселе ретінде
қарастырып, сахна өнерінің өзіне ғана сай ерекшеліктерін 
айқындап берген ретте ғалым трагедия, комедия, драма 
түрлерін арнайы зерттеп, ішкі даму заңдылықтарын да 
айқындап береді.
Зерттеушінің бұрындары жазылған «Телағыс», 
«Қазақ революциялық поэзиясы» атты кітаптарындағы 
ойлар бүгінгі күн талабына сай жаңаша жазылып, әдеби 
дәстүр мен әдеби байланыс, туынды мен тұлға табиғаты, 
ұлттық 
поэзияның 
көркемдік 
қырлары 
сияқты 
әдебиеттану ғылымының ең маңызды мәселелері сөз 
болады. Р.Нұрғалидің «Әуезов және Алаш » (1997) атты 
еңбегі екі үлкен бөлімнен тұрады.«Алаш ұранды әдебиет» 
атты бірінші бөлімде ХХ ғасырдың жиырмасыншы 
жылдарындағы әдеби - сын мәселелері, оның үздік 
өкілдері, қазақтың ұлы қаламгерлері Ахмет Байтұрсынов, 
Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек 
Аймауытов, 
Әлихан 
Бөкейханов 
т.б 
өмірі 
мен 
шығармашылықтарына арналған тараулардан тұрады. 
Атап айтар болсақ, ол тараулар : «Қаз едік қатар ұшып 
қаңқылдаған» (Ахмет), «Қазақты ақ жолға саламыз 
десек» (Әлихан), «Мен біткен ойпақ жерге аласа ағаш»
(Міржақып), «Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да» 
(Мағжан), «Ой, кер заман, кер заман» (Жүсіпбек), 
«Сахнада шындықты тану» (Жұмат) т.б деп аталады. 
Қазақтың 
атақты 
қаламгерлеріне 
арналған 
шығармашылық портреттерде олардың өмір мен өнер 
жолдарындағы қиын тағдырлары нақты тарихи деректер 
арқылы дәйектеліп, ғылыми тұрғыдан талданады. 
Бұрындары айтыла бермейтін тарихи деректер мәлім 
болып,оқушысын ынтықтыра түсетін тұстары да 
баршылық. 
Кітаптың 
екінші 
бөлімі 
түгелдей 
заңғар 
жазушы,әйгілі әдебиет зерттеушісі Мұхтар Әуезовтің 
шығармашылығына арналған.Жалпы көлемі 250 беттей 
болатын «Әуезов әлемі» бөлімі (жеке бір зерттеу еңбекке 
бергісіз ) : «Ей, халайық, барым ең сен» және соңғы сөз
яки «Алаш ұранды әдебиеттің негізгі сипаттары» атты 
тараулардан 
құралған. 
Зерттеуші 
өзін 
белгілі 
әуезовтанушы ретінде танытумен қатар ұлы жазушы, 
драматургтың шығармаларын, ондағы кәсіби біліктілікті, 
суреткерлік шеберлікті шебер талдап, жан-жақты зерделей 
білген.
2002 жылы 344 беттік көлемде жарық көрген 
филология 
ғылымдарының 
докторы, 
профессор 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет