[Введите текст]
3
АҢДАТПА
Қазіргі таңда барлық ғылым саласында жаңару, жаңғыру
үрдісі жүріп жатыр. Ол,
ең біріншіден, еліміздің
егемендікке ие болуының нәтижесі екендігі сөзсіз.
Тәуелсіздік – қазақ халқының мол әдеби мұраларын
жинауға, жүйелеуге, зерттеуге мүмкіндік беріп отыр.
Көркем әдебиеттің барлық салалары мен жанрлары
бойынша жарық көрген туындыларды бүгінгі тәуелсіз ой-
сана тұрғысынан талдап,таразылау – бүгінгі уақыт талабы.
Сондықтан сонау көне дәуірдің рухани мұрасын бүгінге
жеткізу жұмыстары бірінші кезекте жүргізіліп отыр. Осы
мақсатта
президентіміз
Нұрсұлтан
Назарбаевтың
бастамасымен
«Мәдени
мұра»
атты
мемлекеттік
бағдарлама өмірге келді. «Мәдени мұра»бағдарламасы
бойынша
16
секция
жұмыс
жүргізді.Ұлттық
мәдениетімізді ұлықтайтын бұл бағдарлама аясында
«Әлемдік мәдениет ой-санасы» - 10 томдық»
Әлемдік
классика» -10 томдық», Әлемдік философия» -20 томдық,
«Бабалар сөзі» сериясымен 100 томдық көлемінде ұлттық
құндылықтарымыз жарық көрмек. «Қазақ әдебиетінің
тарихы» 10 том көлемінде ежелгі дәуірден тәуелсіздік
алғанға
дейінгі
кезеңді
қамтып,қайта
жазылып
,жарияланды. Бұл томдарда кеңес дәуірінде саяси
репрессияға ұшырап,ұлт санасынан сызылып тасталған
ұлы
тұлғалар-Алаш
зиялыларының
өмірі
мен
шығармалары қайта қалпына келтіріліп,көркемдік талапқа
сай жаңаша зерттелді.
Бұрындары таптық таным мен
әдебиеттің
партиялылығы
тұрғысынан
талданып,
біржақты бағаланған көптеген әдеби-мәдени мұралар
қайта қаралып, өздерінің тиесілі тарихи орындарын
иеленді.
Міне, тәуелсіздік алған 20 жыл көлемінде ұлттық рухани
өмірімізде атқарылған осындай күрделі көркемдік
құбылыстар мен қазіргі қазақ әдебиетінің толық тарихын
жазу жұмыстарын жаңаша зерттеу
- біз ұсынып отырған
кітаптың негізгі нысаны болып табылады. Ұлттық
әдебиеттану ғылымы қазақ сөз өнерінде болып жатқан
жаңа өзгерістер мен ізденістерді ғылыми сараптамадан
өткізіп, оның құнды жақтарына өз бағасын береді Еңбекте
ежелгі дәуір әдебиетін зерттеуші ғалымдар еңбектері мен
10 томдық «Қазақ әдебиетінің тарихына»
ғылыми
сараптама жасалды.
Біз мүмкіндігінше, тәуелсіздік кезеңінде жарық
көрген қазақ әдебиеттану ғылымындағы барлық ғылыми
жинақтар мен зерттеулерге, жеке монографиялар мен
диссертациялық
жұмыстарға, ұжымдық еңбектерге де
көңіл бөліп,талдауға,кейбірін шолу түрінде атап өтуге
тырыстық.Сонда бір байқаған жәйт - ұзақ ғасырлар бойы
атқарылмай келген көп шаруалардың азғана уақытта
жүзеге асырылғандығы. Бұл, әрине, қуанарлық әрі
құптарлық талап.
Ұлттық ой-санамыздың тұсауы
тәуелсіздіктің арқасында шешіліп, шұғыл шабыт берген
еркіндік талай шаруаның атқарылғандығынан хабар
береді.
[Введите текст]
4
Кітап «1920-30 жылдардағы қазақ әдебиеттануы»,
«1950-80 ж.ж аралығындағы әдеби-көркем сын» және
«Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеттануы», «Қазіргі
қазақ әдебиеттануындағы жанр мен поэтика мәселелері» ,
«Қазіргі қазақ әдебиетіндегі көркемдік тұтастық
теориясы» деген бес тараудан тұрады.
Әр тарауда сол кезеңнің әдебиеттануына және
баспасөз
беттеріндегі әдеби сыннан бастап, іргелі монографиялық
зерттеулерге дейін шолу жасалып, мол әдеби - ғылыми
мағлұмат беріледі. Бұл еңбекті бір ғасырдың әдебиеттану
ғылымына жасалған ғылыми - танымдық шолу немесе ХХ
ғасыр әдебиеттану ғылымының
қысқаша тарихы десе де
болғандай.
Достарыңызбен бөлісу: