Xviiғ. Xviiiғ. басындағы Қазақ хандығы



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата15.03.2024
өлшемі0.74 Mb.
#495654
  1   2
Семинар 6.2



XVIIғ.-XVIIIғ.басындағы
Қазақ хандығы.
А Қ Т Ө Б Е 2 0 2 3
Қ А З А Қ С Т А Н Р Е С П У Б Л И К А С Ы Б І Л І М Ж Ә Н Е Ғ Ы Л Ы М М И Н И С Т Р Л І Г І
Қ . Ж Ұ Б А Н О В А Т Ы Н Д А Ғ Ы А Қ Т Ө Б Е Ө Ң І Р Л І К М Е М Л Е К Е Т Т І К
У Н И В Е Р С И Т Е Т І
“ Ш Е Т І Л : Е К І Ш Е Т Т І Л ” Ф А К У Л Ь Т Е Т І
Ж О Б А
Т А Қ Ы Р Ы Б Ы :
Қ А З А Қ С Т А Н Т А Р И Х Ы П Ә Н І Н Е Н С Е М И Н А Р Ж Ұ М Ы С Ы
О Р Ы Н Д А Ғ А Н : 1 0 3 ( 1 ) , К Ы Р Ы К Б А Е В А А Я Ж А Н
Т Е К С Е Р Г Е Н : Т А Р И Х Ғ Ы Л Ы М Ы Н Ы Ң К А Н Д И Д А Т Ы ,
Д О Ц Е Н Т Б Е Г И М Б А Е В А Ж . С


Жоспар:
Тәуке ханның билік құрған
жылдары.
1.
Жоңғар хандығының құрылу
алғышарттары.
2.
Қазақ халқының жоңғар
басқыншыларына қарсы ұлт-
азаттық күресі. 
3.


Тәуке хан
Қазақ хандығының аса көрнекті қайраткерлерінің бірі - Тәуке хан. Тәуке (1626 - 1718 жж.)
- Салқам Жәңгір ханның ұлы. Ол 1680-1718 жылдар аралығында билік жүргізген. Тәуке
хан мемлекетінің астанасы Ташкент пен Түркістан қалалары болды.Тәуке хандықты
билеуде, негізінен, әр жүздің билеріне арқа сүйеді. Ұлы жүзде - Төле биге, Орта жүзде -
Қазыбек биге, Кіші жүзде - Әйтеке биге басқару тұтқасын берген. Оның тұсында хан
кеңесі, билер Халық Тәуке ханның еңбегін бағалап, оны «Әз-Тәуке» деп ардақтаған.
Тәуке хан - билігі казақтың үш жүзіне тараған қазақтың ең соңғы ханы. Ол қайтыс
болғаннан кейін олардың әрбіреуінде өз хандары сайланып, тұтас мемлекет жүздерге
қарай ыдырап кетті. Тәуке хан 1715 жылы қартайған шағында дүниеден өтті. Ол да
барлық ата-бабалары сияқты Түркістанда жерленген.
кеңесі жұмыс істеп, жыл сайын үш жүздің шонжарларының жиынын өткізу қалыптасты.


 Жеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының
дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ хандығының
ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын
шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының
дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін
қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып
заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның
қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа
заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап,
оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар,
Күлтөбеніңбасында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған
заңдар жиынтығын қабылдады. 
Ж Е Т І Ж А Р Ғ Ы


1-жарғы. Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.(Бұл жарғы мемлекеттің
бүтіндігі талабынан туды).
2-жарғы.Түркі халқының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл
жарғы халықтың ортақ мүддесі – елдің бүтіндігін қорғаған біртұтас қоғамдық сананың жемісі).
3-жарғы. Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы да
жабайылықтың төменгі сатысына тән кісі өлтірушілікке тыйым салған және мәдениеттіліктің белгісі
ретінде танылуға тиіс өте елеулі жаңалық).
4-жарғы. Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап, ақ некені бұзушыларға өлім жазасына бұйырылсын.
(Бұл жарғы да шаңырақтың бірлігін қамтамасыз еткен, неке парызына адалдықты талап еткен маңызы зор
жаңалық).
5-жарғы. Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын. (Ол кезде
«ер қанаты – ат» елдің, мемлекеттік соғыс күші ретінде бағаланады).
6-жарғы. Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін: а) біреудің көзін
шығарған кісі айыпқа қызын береді, ал қызы жоқ болса қыздың қалыңмалын береді. ә) төрт мүшенің бірін
мертіктірген кісі айыпқа ат береді.
7-жарғы. Ұрланған жылқы, өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін.


Жоңғар хандығы 
Ғылыми әдебиеттерде Жоңғар хандығының негізін салған төрт тайпа – чорос, хошоуыт, дербет,
хойттар аталады (торғауыттар 1627 жылы батыстағы Еділ бойына қоныс аударған). Шыңғыс хан
ұрпақтары құрған Юань империясы ыдыраған соң (1368 жылы) олар Батыс Моңғолияда
қоныстанып қалған еді. Олармен туысқан тайпалардың бір бөлігі халхалар Шығыс Моңғолияда
тұратын. Қытайға апаратын сауда жолдарын иемдену құқығы үшін Шығыс Моңғолия мен Батыс
Моңғолияда тұратын ойраттар арасында бірнеше дүркін қанды соғыстар болған. 15 ғасырдың 1-
жартысында ойраттардың басшылары Тогон (1418 – 40) және Эсен (1440 – 50) шығыс пен
батыстағы ойрат тайпаларын бір мемлекетке қосқан. Бірақ ішкі және сыртқы жағдайларға
байланысты біріккен мемлекет ұзақ өмір сүрген жоқ. Олар Қытайға апаратын сауда жолынан
айырылып қалды. XV ғасырда, ортағасырлық Моңғолия өз күшінің шыңына жеткен кезде моңғол
империясында билікті қолына алған жергілікті қалмақ (ойрат) тайшылары көрші Қытаймен қарым-
қатынасты сауда қатынастарына қыздырудан қорықпады. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет