XIX ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ БІРІНШІ ДҮНИЕ ЖҮЗІЛІК СОҒЫС
Дүние жүзін бөлісудегі ірі елдердің бәсекелестігі. XIX ғасырдың соңы — XX ғасырдың басындағы халықаралық қатынастардың шиеленісуі соғыс өршітті. Халықаралық аренада жаңа күштер қалыптаса бастады. Еуропа аймағында Германия мен Италияңың бірігуі нәтижесінде, жаңа соғыс қәуіп төнді. Аталған елдердің сыртқы саясаты Англия, Франция және Ресей мемлекеттеріне қарсы бағытталғандығы айқындалды.
Сонымен бірге Ресей, Англия, Германия, АҚШ және Жапония сияқты ірі державалар арасындағы империалистік қарама-қайшылықтар бұрынғыдан да зор шиеленісе түсті.
Халықаралық тартыстардың ошағына Осман империясы да қосылды. Оның иелігіндегі Солтүстік Африка, Таяу Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Еуропа империалистік державалардың өзара таласын тудырды. Германияның өркендеуі және әскери-саяси одақтардың құрылуы. Германияның саяси сахнаға шығуы халықаралық қатынастардағы саяси қайшылықтарды шиеленістірді, ірі державалар арасындағы дүние жүзін түбегейлі бөлу үшін болатын күресті асқындырды.
Сондықтан Германия Австро-Венгриямен жақындасуды жөн санады Германия мен Австро-Венгрия арасындағы жакындастықты 1879 жылғы келісімшарт бекітті. Бұл келісімге сөйкес екі ел соғыс жағдайында өзара қолдау көрсетуді міндетіне алды. Аталмыш мемлекеттердің одағына Италия да қосылды. Себебі ол Солтүстік Африканы бақылауға алу ұйым Франциямен шиеленіскен еді. Соның негізінде 1882 жылы олар ірі соғыс одағын — Үштік одақты құрды. Осыған орай, Германия мсш Италия өздеріне Франция шабуыл жасаған жағдайда бір-бірі көмек беру міндетін қабылдады, ал Италия, Австро-Венгрия Ресеймен шиеленіске түскен жағдайда, өзінің бейтараптық сақтайтынын мәлімдеді.
Ұлыбритания Германия сияқты аса қауіпті ортақ жаудан және бәсекелестен қоркып, өзінің ескі қарсыластары Франциямен және Ресеймен жакындаса түсті. 1904 жылы дүние жүзін отарға бөлуден туындаған Англия-Франция келісімі жарияланды. Бұған 1907 жылы Ресей қосылды. Германия құрған Үштік одаққа қарсы түрған үш державаның одағы —Антанта деп аталды.
Орыс-Герман қарым-қатынасы сол түста біртіндеп тоқтаусыз нашарлап бара жатты. Осы екі ел арасындағы қарым-қатынастың нашарлауы, Осман империясында қалыптасқан дағдарыспен байланысты болды. Осман империясы Африка құрлығындағы өз иеліктерінен айырылды және Ресей түріктерді Солтүстік Қара теңіз жағалауларынан ығыстырып тастады. Осман империясы 1914 жылы Еуропада Босфор мен Дарданелл бұғазына жақын орналасқан шағын ғана аумағын сақтап қалды.
Ағылшын-орыс қатынастары. Франция Англиямен келісім орнатқаннан кейін, болашақ одактың шеңберін кеңейту үшін Англия мен Ресейді жақындастыру қажеттігін мәселе етіп көтерді. Өйткені ағылшын-орыс қатынастары Қырым соғысынан кейін қатты шиеленісіп кеткенді. Осы екі елдің арасын тез жақындатқан себептерінің бірі — Германия күшінің күн санап артуы болатын. Англия мен Ресей жақындасуының көрінісі 1907 жылғы Иран, Ауғанстан, Тибетті ықпал ету әдісіне бөлу келісімі болды.
Италия өзінің бұрынғы дүшпаны Австро-Венгриямен одақ кұрды. Ал Германия бір кезде өзінің қарсыласы болған Австриямен ортақ саяси-әскери бірлестікке енді.
Балқан соғыстары. XX ғасырдан бастап Германия және Австро-Венгрия Балқан түбегі мен Түркия жеріндегі үстемдіктерін күшейтуге тырысты.
1908 жылғы жас түріктер революциясынан кейін Осман империясы ыдырай бастады. 1908 жылы Австро-Венгрия Босния мен Герцеговина жерін басып алды. Бұл екі ел Осман империясының құрамыңда болатын. Дәл осы мерзімде Болгария тәуелсіздігін жариялады. Сербия мен Ресей Австро-Венгрияны қолдамады. Германия, керісінше Австро-Венгрия әрекетін қолдап, Түркияны өз ықпалынан шығармауға тырысты.
Осман империясьшың ыдырауы одан әрі жалғасты. Италия-Түркия соғысы Балқан түбегіндегі әлеуметтік және ұлттық қайшылықтарды шиеленістірді. Ресей, Англия және Франция елдерінің делдалдығы арқасында Болгария, Сербия және Грекия мемлекеттерінің бірлескен одағы құрылды. Бұл одақтың мақсаты — Түркияның қол астындағы Македонияны өзара белісу еді. Македония көп жылдар бойы Түркияның үстемдігіне қараған болатын.
1912 жылы қазан айында Бірінші Балқан соғысы басталды.
Болгария армиясы түрік әскерін талқандап, Константинопольге
жақындады. Түркия жеңілгендігін мойындап 21 сәуірде уақытша
келісімге, ал 1913 жылы 30 мамырда Лоңдон бітіміне қол қойды. Бұл
келісім бойынша Түркияның Еуропадағы иеліктері түгелімен
Болгария еліне берілетін болды. Түркияның иелігінде Стамбұл
маңайыңдағы аздаған жер ғана сақталып қалды.
Бірінші Балқан соғысы Бұл өңірдегі күштердің арасалмағын өзгертті. Сербияның ықпалы артып, Түркия мен Австро-Венгрияның әсері әлсіреді. Австро-Венгрия мен Германия мәмілегерлері славян елдерінің бірлігін бұзуды мақсат тұтты.
Австро-Венгрия топтарының жеңісіне сеніп, 1913 жылы 29 маусымда Болгария Сербия мен Грекияға соғыс жариялады. Екінші Балқан соғысы басталды. Болгария бұл соғыста жеңіліс тауып, соғыстағы сәтсіздігі үшін жерін тарту етті. Түркия әскерлері Адрианополь қаласын. басып алды. Мұндай жағдайда Ресей Болгарияны қолдап, Болгария Түркиямен бітімге келді.
1913 жылы 10 тамызда Бухарест қаласында келісімшартқа қол
қойылды. Сербия Македонияның бір бөлігін және Болгарияға тиісті
Македония жерін алды. Оңтүстік Македония мен Фракияның бір
бөлшегін Грекия иеленді. Қасындағы шағын жерімен Адрианополь
қаласы Түркияға қайтарылды. Румыния Оңтүстік Добруджа жерін
басып алды. Сөйтіп, Балқан түбегі қайта бөлшектенді.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы, барысы және аяқталуы. Соғыстың басталуына сылтау да табылды. 1914 жылы 28 маусым күні Босния мен Герцеговинаның астанасы Сараево қаласында Австро-Вснгрия тағының мүрагері Франц Фердинанд пен оның зайыбы кастандықпен өлтірілді. Бұл оқиға Австро-Венгрия мен Сербияның қарым-қатынасын шиеленістіріп, кезекті Балқан дағдарысына апарып сокты. 1914 жылы 23 шілде күні Австро-Венгрия Сербияға ультиматум жолдап, 28 шілде кірні оған согыс жариялады.
Соған жауап ретінде 1 тамызда Германия Ресейге, тамыз күні Францияга согыс жариялады. 4 тамызда Англия укіметі Германияга карсы согыс жариялап, Антанта Одағының жактасы екендігін білдірді.
Соғыс дүниежүзілік сипат алды: үштік одақ жағында төрт мемлекет, ал Антанта жағында 34 ел соғысты. Бұл адамзат тарихында бүкіл Жер шарын қамтыған алғашқы соғыс болды. Ол төрт жылдан астам уакытқа созылды. Оған 38 ел катысты. Соғыста 10 млн адам каза тауып, 20 млн астам адам мүгедек болып қалды.
Соғысты бастаған Германия қолбасшылары күшті бір сокқымен Францияны талқандамақшы болды. Бүрынғы Бас штабтың басшысы генерал Фон Шлиффен (1839—1913 жж.) жасаган жоспар бойынша Бельгия арқылы Францияға соққы беру көзделді. Бұл жоспар 3 тамызда жүзеге асырылуға тиіс еді. Неміс қолбасшылығының тез арада жеңіске жетеміз деген үміті ақталмады. Бельгияның қарсылық көрсетуі ұзаққа созылды, Бұл неміс әскерінің Франция жеріне енуін кешеуілдетті және француздардың карсылығы күткендегіден әлдеқайда күшті болды. Германия орыс әскерлерін қыркүйекте талқандап, Пруссиядан қуып шықты. Марна шайқасы. Марна өзені бойында Германия мен Франция арасында үлкен шайқас болды. Оған екі жақтан 2 млн солдат қатысты. 9 кыркүйекте неміс колбасшылары шабуылды тоқтату туралы бүйрық берді. Бұл сәтсіздік неміс әскерінің Парижді батысынан орап өтуін токтатты. Марнадағы шабуылдан кейін майдан түрақталды. Майдан шебі ұзарды. Батыс майданы қалыптасты. Екі жакта қорғаныска кешіп, позициялық ұрыс жүргізді.
Екі одак мүшелері соғысқа қатыспаған мемлекеттерді өз жағына тартуға тырысты. Сөйтіп, Үштік одак қатарына Осман империясы тартылып, ол 1914 жылдың 29 қазанында Ресей, Англия және Францияға карсы соғысқа шықты. Осымен байланысты орыс-түрік, Қосезен, Палестина майдандары кұрылды. Англия флотының Атлант мүхитындағы басымшылығы Африка мен Мұхит аралдарындағы Германия отарларын басып алуға жағдай жасады. 1914 жылы 23 тамызда Жапония Германияға соғыс жариялады.
Австро-Германия коалициясының табысы 1915 жылдың күзінде оған Болгарияның қосылуына ыкпал етті. Нәтижесінде Төрттік одақ құрылды: Германия, Австро-Венгрия, Түркия, Болгария. «Верден қырғыны». Германия 1916 жылы басты сокқысын Батыс майданда өткізуді кездеді, ол үшін, алдымен, Верден қамалы маңында орналасқан француз қорғанысын бұзуды жоспарлады. Ұзаққа созылған артиллериялық атқылаулар мен неміс жаяу өскерінің шабуылы француз қорғанысын толық бұза алмады. Неміс әскерінің шабуылы жазға карай әлсіреп, оның алға қарай ұмтылу әрекеті 7 шақырымнан аспады.
Верден түбіндегі шайқастың бәсеңдеуін күтпей-ақ, ағылшын-француз әскерлері Сомма жағасындагы шабуылды бастады. Бұл аудандағы шайқас қарашаның соңына дейін жалғасты. Антанта әскерлері түңғыш рет ағылшынның 79 танкін қолданса да карсы жақтың майдан шебін бұза алмады. Верден мен Соммадағы шайқаста екі жақ 2 млн адамынан айырылып, үлкен шығынға үшырады. Бұл шайқастың нәтижесінде Германия ағылшын-француз әскерін талқандауға дәрменсіздігін танытып, қорғанысқа көшті. Батыс майдандағы Германия белсенділігі жойылды.
1916 жылғы 4 маусымда Шығыста Ресей армиясының Оңтүстік-Батыс майдандағы жаңа шабуылы басталды. Италия әскерін Австро-Венгрияның қоршауынан күтқарды және 17 тамызда жасалған шарт бойынша Румынияны Антанта жағына тартуға мүмкіндік алды.
Жалпы, 1915-1916 жылдардағы шайқастар Үштік одақтың күш-қуатын барынша әлсіретті. Антанта, керісінше өзінің пайдасына тиісті бетбұрыс жасады. Соғыс өрті шалған жерлерде босқьшдар пайда болды. Халық соғыс кезіндегі қиыншылықтарды өз елінің мүддесімен байланыстырып, оларда Отанды жактайтын патриоттык сезімдер бой көтерді. Осыған байланысты жергілікті халык ереуілдерге, шерулер мен көтерілістерге шыкты.
Гинденбург жоспары. 1916 жылы 29 тамызда Германия әскері басшылығына фельдмаршал фон Гинденбург келді. 1917 жылы согыстың жаңа жоспары жасалды. Жаңа жоспар бойынша барлық майдандағы шабуылдардың бірдей жүргізілуі токтатылуы тиіс және майдан шептері кыскартылуы кажет болды. Бүкіл экономика әскери мекеменің ықпалына берілді. 16—60 жас аралығындағы ер адамдар әскерге шакырылатын болды. Англияға карсы шексіз су асты соғысын ашып, оған шешуші соккы беру үйғарылды.
Бұл өрекет АҚШ-тың мүддесіне тікелей кайшы келіп, оның сауда флотына қауіп төнді. АҚШ-тың патша үкіметімен әскери ынтымақ-тастық орнату қажеттігін Ресейдегі Ақпан төңкерісі жоққа шығарды. Осы жағдайларға байланысты 1917 жылдың 6 сәуірінде АҚШ Германияға соғыс жариялады.
Шығыс майданнан Батыс майданға Германия бар күшін төкті. Дайындықтан соң 1918 жылы наурыз айында Германия шабуылға шықты. Украина халқының қарсылығын басу үшін 500 мың солдат жәнелтті. Бұл Германияның Батыс майдандағы күшін әлсіретті және 1918 жылы шілдедегі Батыстағы соңғы шабуылы да нәтиже бермеді.
Жаңа сәтсіздіктер Австро-Венгрияның бөлшектенуін тездетті. Чех, серб, хорват, словен, халықтарында күшті көтерілістер белең алып, нәтижесінде тозығы жеткен империяның орнында жеке ұлттық мемлекеттер — Чехословакия, Венгрия, кейінірек Югославия қалыптасты. Австро-Венгрия басшылығы Антантамен 1918 жылы 3 қараша күні бітімге қол қоюға мәжбүр болды.
Германия одақтастарынан айырылып, майданда жалғыз қалды. Билеуші топтар елдің соғыс және төңкеріс апатының қарсаңында түрғанып түсінді. Мұндай жағдайдан шығу үшін үкімет Антантадан бітім сүрау қажет деп шешті. Макс Баденский бастаған үкімет АҚШ президенті Вильсонға бітімге келісетіндігін хабарлады. Германияда революцияның басталуы, соғыстың аяқталуы. 3-4 қарашада Кильдв еокври теңізшілер бастаған котеріліс окиғаны жеделдетіп жіберді. Көтерілісшілер соғысты тоқтатуды талап етті, өз мүдделерін қорғау үшін Германияда алғашқы Кеңес құрды. Теңізшілер 9 қарашада Берлинге жетті. М.Баденский кайзердің қызметтеп мәлімдеп, өкімет басшылығы социал-демократ Эберттің қолына иткендігін хабарлады. Кеңестерге арқасүйеген үкімет 1918 жылы 11 қараша күні Компъен орманында көптен күткен бітімге қол қойды. Осылай Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: |