Билет 1 Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары. Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: әлеуметтік-экономикалық негіздерінің жасалуы. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және тап күресі



бет1/93
Дата29.09.2022
өлшемі445.52 Kb.
#461565
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93
Тарих билет


Билет 1

  1. Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары.

  2. Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: әлеуметтік-экономикалық негіздерінің жасалуы. Ф.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және тап күресі.

  3. «ЭКСПО-2017» көрмесінің Қазақстан үшін маңызы.




  1. Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары.

Алаш әскерін құру идеясы 1917 жылғы І-ші жалпы қазақ съезінде көтерілген, бірақ ондағы «… анархия болу қаупі бар, сол себепті осы күнгі әскер орнына халық милициясы құрылсын» деген сөздер сол күйінде қалды. Одан кейінгі ІІ-ші жалпы қазақ съезінде «мемлекет халі тайғақ кешуде, тар жолға душар болып тұрғанда жан-жақты қоршаған қалың бәледен сақтану үшін халық әскерін жасау керектігі қайта жаңғырып, милиция құрудың мақсаты анықталды, қазақ милициясын құру жоспары жасалып, бекітілді». 
ІІ-ші жалпы қазақ сьезінде халық әскерінің әр облыс, уезд орталықтарындағы саны, оларға соғыс өнерін үйрету, қажетті қару-жарақ, қаржы, көлік және тағы басқа заттармен қамтамасыз ету тәртібі анықталып, «26 500 адам тіркелген халықтық милиция құру қажет» деген қаулы қабылданады. Бұл идеяны Жақып Ақбаев ұсынған болатын. Съезд қаулыларында нақты көрсетілгендей, Алаш әскерін құру үшін алдымен милицияға алынатын адам шығынын анықтау, оларды қару-жарақ, ат-көлікпен қамтамасыз ету, әскери мамандар (офицерлер мен инструкторлар) даярлау жұмысын айқындап, оған қажетті қаражатты 6 облыстың қазақтары есебінен жинайтын болды.
Әрине, пұлсыз Алашорда да, оның комитеттері де ешнәрсе істей алмайтын еді. Сондықтан, «бұл істі тоқтатпастың жалғыз-ақ шарасы – ақшаны қарызға алу, жұрттан ақша жиналған соң орнына салу еді. Орданың өзі де, жергілікті комитеттері де қарызға берілетін ақшасы бар жерлерді қарастыра бастады». Осылайша Алашорда үкіметі адмирал А.Колчак, атаман Б.Анненков, атаман А.Дутовпен, орталықтағы Халық Комиссарлар Кеңесімен келіссөздер жүргізді. Айталық, Алашорданың батыс бөлімі 1918 жылдың көктемінде Мәскеудегі ХКК-нан сұралған 40 млн. қаражаттың 12 млн.-нақолжеткізген. 
Жалпы, Алаш әскерінің іс-қимылдары билікке келген большевиктерге қарсы 3 бағытта жүргізілді: 1) оңтүстік-шығыс бөлімі (Жетісу); 2) шығыс бөлімі (Семей); 3) батыс бөлімі (Орал). Ал әскердегі қазақ полктерінің саны шамамен 12-ге жеткен. Олардың ұрыс қимылдары Алашорда үкіметі құрылғаннан кейін күшейді.
Азамат соғысы жылдарында Антанта елдерінің қолдауына сүйенген үкіметтер құрылғаны белгілі. Солардың қатарында Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметі, 1918 жылы маусымда Самарада құрылған Құрылтай жиналысы мүшелерінің Комитеті (Комуч) және 1918 жылы қыркүйекте құрылған Уфа директориясы («Уақытша Бүкілресейлік үкімет»), сондай-ақ Башқұрт үкіметі мен Алашорда үкіметі де болды.
Алашорда үкіметі азамат соғысы жылдарында аталған Уақытша үкіметтермен тіл табысып, Орал, Сібір, Жетісу, Орынбор атты казактарымен тығыз байланыс орнатты және оларға Алаш автономиясын ресми тану жөнінде өтініштер жасады. Сонымен қатар мүмкіндіктеріне қарай көмек беруді сұрады. Осы тұста 1918 жылдың 11 қыркүйегінде Құрылтай мүшелерінің Комитеті Алаш автономиясын танығанын және Самара Комитеті Алашордаға қару-жарақ, киім-кешек жағынан көмек бере бастағанын» айта кеткен жөн.
Ал, 1919 жылдың 27 тамызында адмирал А.Колчак Орал әскери үкіметі мен А.Кенжин бастаған қазақ делегациясын қабылдаған кезде қазақтардың мемлекеттік мекемелерін құру жұмысына кеткен қаржының орнын толтыруға 6 млн. сом көлемінде ақша сұралған және оның тезарада талқыланатыны» айтылған. Елде қалыптасқан осындай күрделі жағдайда Алаш әскері іске кірісті және оның ұрыс қимылдарының ауқымы кеңейді. 
Алашорда әскерінің құрылуы мен қызметінің мерзімдік шеңбері 1918 жылдың басынан бастап 1919 жылдың аяғына дейінгі аралықты толық қамтиды».




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет