Xxi ғасырдағы «Дүниетану» пәнінің даму тарихы бойынша хронологиялық кесте



Дата29.02.2024
өлшемі15.54 Kb.
#493257
XXI ғасырдағы Дүниетану даму тарихы


XXI ғасырдағы «Дүниетану» пәнінің даму тарихы бойынша хронологиялық кесте



Хронологиялық жылдар

Оқиғалары

1.

2003-2004 жылдары

Бұл оқу жылдарында Қ.Аймағамбетованың басшылығымен 12 жылдық білімнің бастауыш буынына арналған білім стандартты бағдарламасы және 1-4 сыныптардың оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері жарық көрді.

2.

2004 жылы

Қ.Аймағамбетованың «Бастауышта дүниетануды оқытудың теориялық негізі» атты монографиясы жазылды.

3.

2005 жылы

Қ.Аймағамбетованың «Бастауышта дүниетануды оқытудың негіздері» атты оқу құралы жарық көрді.

4.

2006 жылы

«Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы» атты оқулығы мен «Дүниетану негіздері және дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы» деген оқу құралдары баспадан шықты.

5.

2007 жылы

М.К.Естұрсынова мен Ш.С.Набидоллинаның «Жаратылыстану негіздері және Дүниетануды оқыту әдістемесі» атты оқулығы жарық көрді.

6.

2015 жылы

Қ.Аймағамбетованың «Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы» атты тағы да оқулығы жарық көрген болатын.

7.

2017 жылы

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша Бастауыш сыныптарға арналған «Дүниетану» пәні негізінде жаңа оқулықтар басылып шығарылды.

8.

2018 жылы

Н.Жанатбекованың «Бастауыш сыныпта экологиялық білім мен тәрбие беру негіздері» оқу құралы басылып шығарылды

9.

2019 жылы

Б.Н.Мыңбаеваның «Қазақстанның табиғи ортасының биоресурстары және биологиялық-экологиялық мониторингі» жүргізілді.

10.

2019 жылы

«Атамұра» баспасынан Б.Тұрмашева,С.Салиш және Т.Мирук, В.Пугачтың Жалпы білім беретін мектептің 2-3-4 сыныптарына арналған «Дүниетану» оқулығы басылып шығарылған болатын.

11.

2020 жылы

Б.Е. Ерболат және Ж.Ж.Набиеваның «Бастауышта білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған «Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі» атты оқу-әдістемелік құралы жарияланды.

12.

2021 жылы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» басып шығарған Н.В.Орехова, Ж.М.Сейтахметованың «Дүниетану» пәні негізінде жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныбының мұғалімдеріне арналған нұсқаулықтар жазылды.

13.

2022 жылы

Бастауыш сынып аралығында «Дүниетану» пәніне кіріктірілген өмір қауіпсіздік негідері атты сағаттық жоспарлар енгізілді.

14.

2023 жылы

Бастауыш білім беру деңгейінің1-4 сыныптары үшін «Дүниетану» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламалары жарық көрді.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет