Ұдайға, Мәңгілік Әкеге, Оның ұлы Иса Мәсіхке және Киелі Рухқа біз сенеміз



Pdf көрінісі
Дата06.10.2023
өлшемі0.74 Mb.
#479967
64370 kaz



И
са 
М
әсіхтің 
с
оңғы 
З
аМандағы 
ә
улИелері 
Ш
іркеуінің
Дін РәмізДеРі 
Қ
ұдайға, Мәңгілік Әкеге, Оның ұлы Иса 
Мәсіхке және Киелі Рухқа біз сенеміз.
2 
адамдардың адамның күнәға батқаны үшін 
емес, өздерінің күнәлары үшін жазаға тартыла-
тынына біз сенеміз.
3 
Мәсіхтің өтелуі арқылы барлық адамзат 
Інжіл заңдары мен арнау рәсімдеріне бағына 
отырып құтқарылатынына біз сенеміз.
4 
Інжіл ілімінің ұстанымдары мен арнау рә-
сімдерінің негіздері ол: біріншіден - Иеміз Иса 
Мәсіхке сену; екіншіден - Тәубеге келу; үшінші-
ден - Күнәлардан арылу үшін су рәсімінен өту; 
төртіншіден - адамның басына қолды жайлап 
басып, Киелі Рухты тарту ететініне біз сенеміз.
5 
Інжіл дінін үгіттеп, арнау рәсімі жұмысын 
атқару үшін, пайғамбарлық арқылы әулиелік 
билігіне иеленгендердің қолы адамның басына 
жайлап басылып, адам Құдай арқылы шақыры-
латынына біз сенеміз.
6 
Біз ең әуелгі Шіркеуде болған ұйымға сене-
міз, дәлірек айтқанда: апостолдарға, пайғам-
барларға, пасторларға, ұстаздарға, Інжіл дінін 
таратушыларға және тағы басқасына.
7 
Тіл дарындылығына, пайғамбарлыққа, 
аяндарға, терең зеректікке, сауықтыру күшіне, 
тіл аударма қабілетіне және тағы басқа да сый-
ына біз сенеміз.
8 
Киелі Кітапта Құдайдың сөзі жазылып, ша-
мамен дұрыс аударылғанына біз сенеміз; тағы 
біз Мормон Кітабы Құдай сөзі деп сенеміз.
9 
Құдай ашқан барлық ашылымдарға, Оның 
қазіргі ашылымдарының бәріне біз сенеміз және 
Оның әлі де Құдай Патшалығына қатысты талай 
ұлы және маңызды нәрселер ашатынына да біз 
сенеміз.
10 
Исраилдің дәлме-дәл жиналатынына және 
Он Буынның қалпына келетініне; Сионның 
(Жаңа Иерусалим) америка континентінде 
орнығатынына; Мәсіхтің жер бетінде тікелей 
патшалық құратынына және жер жаңарып, өзі-
нің жұмақтық даңқына бөленетініне біз сенеміз. 
11 
Біз Құдіреті күшті Құдайға өзіміздің ар-
ожданымыздың үніне сәйкес бас ие алатын 
артықшылығымыз бар екенін жар сала етеміз 
және барлық адамдарға дәл сол артықшылықты 
береміз: олардың қалай, қайда және неге болсын 
бас ию өз еркі.
12 
Біз патшаларға, президенттерге, басқа-
рушыларға, сот өкіметі басқармасына бағыну 
керектігін және заңды кұрмет етіп, ұстанып, 
қолдайтынымызға сенеміз.
13 
Біз адал, шынайы, пәк, қайырымды, ізгі-
лікті болуға және барлық адамдарға жақсылық 
жасауға тиіс екенімізге сенеміз; шын мәнінде 
біз Пауылдың өсиеттерін ұстанамыз деп айта 
аламыз; біз бәріне сенеміз, бәріне үміт артамыз; 
біз көп нәрсені басымыздан өткердік және біз 
бәріне де төзетінімізге сенеміз. Егер ізгілікті
ғажап, құрмет етуге лайық немесе мақтауға тұ-
рарлық бір нәрсе болса, біз соған ұмтылатын 
боламыз.
Жозеф Смит


© 2011 IRI. Барлық құқықтары қорғалған. Америка Құрама Штатында басылып шығарылды 1/11. 1/11. Articles of Faith аудармасы. Қазақ тілі. 64370 145


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет