З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы



Pdf көрінісі
бет17/76
Дата21.12.2022
өлшемі1.84 Mb.
#467682
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   76
Алканова Пед этика негіздері

Бекіту сұрақтары мен тапсырмалар:
1. Кəсіби этика түсінігіне талдау жасаңыз.
2. Педагогикалық этиканың айналысатын мəселелеріне тоқталып, топта
талдаңыз.
3. Педагогикалық этиканың құрылымын сызбаға түсіріңіз.
4. Кəсіби этиканың атқаратын міндеттеріне тоқталыңыз, жұпта
түсіндіріңіз.
5. Педагогикалық қызметте кездесетін этикалық түсініктер сіздің
бойыңызда қалыптасты ма, болса қандай жолдармен қалыптастырдыңыз?
6. Педагог тəртібінің көрініс табатын сипаттары қандай? Іс-
тəжірибеден мысал келтіріңіз. 
7. Кəсіби этиканың педагог бойындағы көрінісінің білімалушыға
ықпалы қандай? Коллаж құрастырыңыз.
2.3. Педагогикалық этиканың заманауи мəселелері
Мұғалімнің кəсіби этикасының ерекшелігі, оның бірегейлігі ең 
алдымен педагогикалық жұмыс мазмұны бойынша анықталады.
Егер инженерде өзінің еңбек механизмдері мен машиналарының 
мəселесі болса, агроном өсімдіктер мен жерге ие, дəрігер адам ағзасына ие 
болады, мұғалімнің зерттеу мəселесі материалдық емес, тірі адамның жаны. 
Оның қалыптасуы мен дамуы мұғалімнің көмегімен жəне оның көз алдында 
жүреді.
Педагогикалық жұмыс мазмұнын қарастыру - оның тағы бір


25
ерекшеліктерін - мұғалім мен тəлімгердің арасындағы тəуелділікте 
көрсетілген мұғалім мен білімалушылар арасындағы қарым-қатынастың
ерекшелігіне сүйенуді талап етеді.
Бұл тəуелділік - өзара əрекеттесуші тараптардың теңсіздігі бар 
көптеген кəсіби қарым-қатынастардың субъективтілігінің көрінісі.
Педагогикалық этика жағдайында, бір мұғалімнің (олардың болуы 
немесе болмауы) кəсібилігі, мəдениеті, моральдық құндылықтары мен 
идеалдары, лайықтығы, мейірімділігі жəне көптеген басқа адамдық 
қасиеттеріне мінез, тағдырлар, кейде жүздеген жəне мыңдаған адамдардың 
өмірлері тəуелді болып жатады. Сондықтан тəуелділіктің объективті болуы 
мұғалімге олардың еңбегінің нəтижелі болуы үшін қосымша жауапкершілік 
жүктейді.
Мұғалімнің моральдық көзқарастарын қалыптастырудың негізі -
мораль нормаларын білу жəне педагогикалық қызметте олардың нақты 
көрінісі.
Педагогикалық этика мұғалім мінез-құлық нормасы, қоғамға, оның 
мамандығына, жұмысына, əріптестеріне, оқушыларына жəне олардың ата-
аналарына қатынасы жүйесінде өзінің ұстанымына айналған моральдық білім 
ретінде қарастырылады. Этикалық білім мен моральдық көзқарастар 
адамның əлеуметтік тəжірибе үдерісінде жəне жұмысының объективті 
жағдайларының əсерінен жеке тұлғаның сеніміне айналады. Кəсіптік 
педагогикалық этиканың талаптары шынайы адалдық, мінсіздік жəне өзіне-
өзі талап қоюмен біріктіретін сеніммен орындалады. Кəсіптік педагогикалық 
этикада мұғалімнің моральдық сезімдері рухани белсенділігінің 
эмоционалдық жағы ретінде қарастырылады. Моральдық сезім жеке тұлғаны 
қалыптастыру құралы жəне адамгершілік тəрбиенің міндеттерінің бірі 
ретінде əрекет етеді [10].
Мұғалімнің моральдық сезімдері көрінген нысанға байланысты 
бірнеше топқа бөлінуі мүмкін. Мұғалімнің өз кəсібіне деген көзқарасын 
реттейтін сезімдердің тобында кəсіби борыш пен жауапкершіліктің сезімі 
ерекшеленеді, өзін-өзі тану, мақтаныш, ар-намыс жəне т.б. мұғалімнің 
педагог мамандығының өкілі ретінде өзіне деген көзқарасын анықтайды [11].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет