Ә мен сандарының қосындысынан 5-і азайт



Дата18.05.2022
өлшемі14.13 Kb.
#457098
есептер


есептер
1. Қалталы жолаққа 4 шаршы орналастырыңдар. Қасына 6 шаршыны жақын қойыңдар. Істеген әрекетті жазып көрсетіңдер: 3 шаршыны алып тастаңдар. Өрнекті жалғастырып жазыңдар. Алынған өрнекті оқыңдар. Сандарға амалдар қолдануды орындаңдар.
2. Есепшоттың 9 тасын бір жағына ығыстырыпқойыңдар. Оның 3-ін алып тастаңдар, тағы екі тасты жақындатып қосыңдар. Орындалған іс-әрекетті жазып көрсетіңдер. Өрнекті оқыңдар.
3. Санау таяқшаларының көмегімен төмендегі әрекеттерді орындап, өрнекті жазыңдар:
а) 6 мен 2 сандарының қосындысына 1 санын қос.
ә) 6 мен 2 сандарының қосындысынан 5-і азайт
б) 13 пен 6 сандарының айырмасын 2-і азайт.
10+(6+2) түріндегі өрнектермен оқушыларды жоғарыдағыдай тәсілмен таныстыруға болады. Жақшасы бар өрнектер жөніндегі білімді бекітуді төмендегідей есеп шығару арқылы орындауға болады:
4. Төмендегі өрнектерді жазыңдар және мәнін есептеңдер:
а) 4 пен 3 сандарының қосындысына 2-і қос.
ә) 7 мен6 сандарының айырмасына 7-і қос
б) 16 дан 5 пен 2 сандарының қосындысын азайт
в) 6-ға 9 бен 4 сандарының айырмасын қос.
5. Өрнекті оқыңдар және амалдарды орындаңдар:
(9+2)-4 (19-10)+3 18-(5+5) 2+(5-5) (8+3)+2 (16-6)-8 
Өрнектер жөнінен алынған білімдері сюжетті есептер шығаруда қолданылады. Осы мақсатта, көп жағдайда есептің қысқаша жазылуы жазылады да, ол бойынша өрнек құрылады. Алынған өрнектің мәнін есептеп табу берілген есептің шешуі болып табылады.
Екінші сынып оқушыларын екі амалмен шығарылатын есептермен таныстыру екі түрлі жолмен жүргізілуі мүмкін: жай есептерді шығару арқылы немесе бірден екі амалды есеп шығару арқылы. Екі амалмен шығарылатын есептердің көмегі арқылы таныстыруда берілгенде бір артық мәліметі бар жай есеп мысал бола алады. Есеп шығарылып болған соң, мұғалім оның сұрағын өзгертеді, бұл сұраққа жауап бере отырып, оқушылар екі амалды орындайды. Есеп бойынша өрнек құрастыруға есептің қысқаша жазылу және есепті шешу үрдісіндегі оны құра білу көмегін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет