Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрлігінің
2015 жылғы «__» ____
№ ___
бұйрығымен бекітілді
Заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру және жария талқылау
қағидалары
-
Жалпы ереже
-
Осы Заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру және жария талқылау қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы Заңының 17-бабы 4-тармағына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 14-бабы 9-тармағының екінші бөліміне сәйкес әзірленген, заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру және жария талқылау қағидаларын анықтайды.
-
Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
-
ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталы (бұдан әрі–Портал) – заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыруды қамтамасыз ететін «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдасы;
-
ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталының автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі–АЖО) – ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылатын баптаулар мен контентті басқару үшін арналған, «электрондық үкiмет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы ұсынатын қосымша;
-
ақпарат пайдаланушы – ақпаратты сұрататын және (немесе) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
-
қолжетімділігі шектеулі ақпарат – мемлекеттік құпияларға, жеке басының, отбасылық, дәрігерлік, банктік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, сондай-ақ «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар қызметтік ақпарат;
-
нормативтiк құқықтық акт – референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiң лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгiлейтiн, олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат, сондай-ақ жазбаша ресми құжатпен бірдей және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық-цифрлық нысандағы құжат;
-
«электрондық үкiмет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – Оператор) – өзіне бекітіп берілген «электрондық үкiмет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
-
«электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және басқа да қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
-
«on-line» режимі – нақты уақытта ақпаратпен алмасу.
-
Заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру тәртібі
-
Порталда қолжетімділігі шектеулі ақпараттан тұрмайтын заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілердің жобалары, оларға түсіндірме жазбалары мен анықтама-негіздемесімен және салыстырма кестелерімен бірге (заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) (бұдан әрі – жобалар) орналастырылады.
-
Порталда жобаларды орналастыру оларды мүдделі мемлекеттік органдарға келісімге жібергенге дейін жүргізіледі.
-
Порталда жобаларды орналастыру күні және жария талқылау мерзімі жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдармен өз бетінше анықталады. Бұл ретте, Порталда жобалардың жария талқылау мерзімі оларды Порталда орналастыру күнінен бастап есептегенде он жұмыс күнінен кем болмауы керек.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте заң жобалары шұғыл немесе басымды деп айқындалған жағдайда заң жобаларының жария талқылау мерзімі бес жұмыс күніне дейін қысқартылуы мүмкін.
-
Жобалар Порталда қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады. Жобалар АЖО арқылы мемлекеттік органдармен өздігінен анықталатын жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен орналастырылады. Жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдар қызметкерлеріне АЖО-ға қолжетімділік жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдар өтінімі негізінде оператормен ұсынылады.
Оператор жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдардың уәкілетті қызметкерлерін АЖО-мен жұмыс істеу тәртібіне үйретеді.
-
Заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау тәртібі
-
Порталда жобаларды жария талқылау мынадай шарттар бойынша жүзеге асырылады:
-
жария талқылау үшін орналастырылған жобаларға «электрондық үкіметтің» веб-порталында тіркелген ақпарат пайдаланушыларынан ұсыныстар тек жобалардың нақты құрылымдық бөліктеріне қатысты және қысқаша негіздемемен электрондық цифрлық қолтаңбаны куәландырусыз қабылданады;
-
жобаның таңдалған бабына немесе басқа құрылымдық бөлігіне ұсыныстарды жіберу кезінде балағат сөздерді, тіл тигізулерді, жарнамаларды, сондай-ақ заң жобасы тұжырымдамасының жобасына немесе нормативтік құқықтық акт жобасына қатысы жоқ басқа да ақпаратты қолдану рұқсат етілмейді.
-
Оператор «электрондық үкіметтің» веб-порталын ақпараттық толтыруды жүзеге асыру шеңберінде орналастырылған жобаларды жария талқылауға белгіленген шарттардың сақталуына мониторинг жүргізеді.
-
Оператор бір жұмыс күні ішінде ақпарат пайдаланушылар ұсыныстарының осы Қағиданың 8-тармағына сәйкестігіне тексеріс жүргізеді және ұсыныстарды жариялау туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағиданың 8-тармағына сәйкес келмеген жағдайда оператор негіздемені көрсетіп, жариялаудан бас тартады.
-
Жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдар ақпарат пайдаланушылардың ұсыныстарын орналастырылған жобалардың жария талқылауы аяқталған күннен кейін он жұмыс күнінен көп емес мерзімде қарастырады және ақпарат пайдаланушылардың ұсыныстарын қабылдау немесе бас тарту негіздемесін көрсете отырып, оларды қабылдамау туралы шешім қабылдайды.
Қағиданың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен соң және жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдарда ақпарат пайдаланушылардың ұсыныстарын қарастыру нәтижелеріне сәйкес көрсетілген мемлекеттік органдардың уәкілетті қызметкерлері АЖО арқылы жобаларды жария талқылаудың аяқталуы туралы есептің (бұдан әрі – есеп) алғашқы нұсқасын осы Қағиданың қосымшасында көрсетілген нысан бойынша қалыптастырады және Порталда жариялайды.
Жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдармен Порталда есепті жариялаған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде олар анықтаған уақыт аралығында on-line режимінде жарияланған есепті ескерумен жобаларды қосымша жария талқылау жүргізіледі. Жобаларды қосымша жария талқылау аяқталғаннан соң жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдардың уәкілетті қызметкерлері есептің соңғы нұсқасын қалыптастырады және Порталда жариялайды.
Заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру және жария талқылау қағидаларына
қосымша
Нысан
Жобаларды жария талқылаудың аяқталуы туралы
есеп
«__________________________________________________________________»
(заң жобасы тұжырымдамасының немесе нормативтік құқықтық акті жобасының атауы)
Есептің қалыптасу күні:
|
Жоба «үшін» дауыс берген ақпарат пайдаланушылардың барлық саны:
|
Жобаға «қарсы» дауыс берген ақпарат пайдаланушылардың барлық саны:
|
Ұсыныстардың барлық саны:
|
Жауаптардың барлық саны:
|
(Ұсыныс) «үшін» дауыс берген ақпарат пайдаланушылардың барлық саны:
|
(Ұсынысқа) «қарсы» дауыс берген ақпарат пайдаланушылардың барлық саны:
|
Нормативтік құқықтық акт түрі:
|
Санаты:
|
Мемлекеттік орган:
|
р/с №
|
Құрылу күні
|
Нормативтік құқықтық актінің түсінік берілген құрылымдық бөлігі
|
Ақпарат пайдаланушы ұсынысының мәтіні
|
Мемлекеттік органның жауап мәтіні
|
Ұсыныс «үшін» дауыс берген ақпарат пайдаланушылардың саны
|
Ұсынысқа «қарсы» дауыс берген ақпарат пайдаланушылардың саны
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |