Заңы бойынша өзгереді. Нүктенің үдеуі



бет1/2
Дата05.10.2022
өлшемі24.62 Kb.
#462031
  1   2
есептер


СҰРАҚТАР

  1. Нүктенің жылдамдығы υ=4t+8 заңы бойынша өзгереді. Нүктенің үдеуі

  2. Бастапқы 20 м/с жылдамдықта түзу сызықпен қозғалып келе жатқан дене 4 м/с2 үдеумен тежеле бастады. Дененің 4 с-тан кейінгі лездік жылдамдығы қандай?

  3. Орнынан 1 м/с² тұрақты үдеумен қозғалған пойыздың 10 секундта жүрген жолы

  4. Бірқалыпты қозғалыс кезіндегі үдеу

  5. Қозғалыстағы дене жылдамдығының теңдеуі. Орын ауыстырудың теңдеуі және бастапқы жылдамдық пен үдеу

  6. Суретте берілген жылдамдық графигі бойынша алғашқы 5 с аралығындағы дененің орташа жылдамдығы

  7. Тежелу басталғанда локоматив бағдаршамнан 500 м қашықтықта еді. Осы кезде оның жылдамдығы 72 км/сағ болатын. Егер локоматив 0,1 м/с² үдеумен тежелсе, 40 с өткенде оның бағдаршаммен салыстырғандағы орны

  8. Екі мотоциклшінің қозғалыстары x1=15+t2 және x2=8t теңдеулері арқылы берілген. Олардың кездесу уақыты

  9. Екі дененің қозғалыс теңдеулері x1=10t+0,4t2 және x2=−6t+2t2. Олардың кездесетін орны мен уақыты

  10. Тыныштық күйінен бірқалыпты үдемелі қозғалыспен қозғала бастаған дене 5-ші секундта 90 см жүрді. Дененің 7-ші секундтағы жүрген жолы

  11. Дене 75 м биіктіктен 10 м/с жылдамдықпен тік төмен тасталды. Дененің жерге соғылар мезеттегі кинематикалық энергиясы 1,6 кДж. Дененің жерге соғылар мезеттегі жылдамдығы мен массасы (ауаның кедергісін ескермеңіз) қанша?

  12. Қандай да бір биіктіктен төмен құлаған дененің бастапқы жылдамдығы 5 м/с. Осы дененің 5 секундта жүретін жолы

  13. Велосипедші бастапқы жылдамдығы 2 м/с және тұрақты 0,8 м/с2 үдеумен таудан түсіп келеді. 10 с кейін оның жылдамдығы қандай және қозғалысы қандай бағытта болады?

  14. Бұрыштық орын ауыстырудың осы орын ауыстыруға кеткен уақыт аралығына қатынасын көрсететін шама және қисықсызықты қозғалыс үшін берілген уақыт мезетіндегі дененің жылдамдығын қандай шама деп атайды?

  15. К.Э. Циолковский «Жерден тысқары» деген кітабында ракетаның ұшуын қарастырып, 10 с кейін ракета бақылаушыдан 5 км қашықтықта болады деп жазған. Ракета қандай үдеумен және қандай жылдамдықпен қозғалған?

  16. Автокөлік жолдың төрттен үш бөлігін 60 км/сағ жылдамдықпен, ал қалған бөлігін 80 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Автокөліктің орташа жылдамдығын анықтаңыз.

  17. Жолаушылар пойызы 0,3 м/с² үдеумен қозғала отырып тежегішті іске қосады. Егер пойыздың қозғалыс жылдамдығы 108 км/сағ болса, онда тежегішті вокзалдан қандай қашықтықта іске қоса бастау керек?

  18. Радиусы 0,5 м болатын дөңгелек 15 м/с жылдамдықпен айналады. Дөңгелектің бұрыштық жылдамдығы қанша?

  19. Айналып тұрған дискінің шеткі нүктелерінің сызықтық жылдамдығы 4 м/с-қа, ал айналу осіне 10 см жақын орналасқан нүктелердің жылдамдығы 3 м/с-қа тең. Дискінің айналу жиілігі қандай?

  20. Мәнерлеп сырғанаушы радиусы 50 м болатын шеңбер бойымен 12 м/с жылдамдықта қозғалады. Мәнерлеп сырғанаушының қозғалысы кезіндегі центрге тартқыш үдеуі

  21. Центрге тартқыш үдеу еркін түсу үдеуіне тең болу үшін автокөліктің радиусы 40 м болатын дөңес көпірдің ортасынан өту жылдамдығы ( g ≈ 10 м/с² )

  22. Материалық нүкте радиусы 2 м шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалып, бір айналым жасағанда жүретін жолы мен орын ауыстыруы

  23. Шеңбер бойымен қозғалатын дененің сызықтық жылдамдығын 2 есеге арттырып, айналу радиусын 3 есеге азайтса дененің үдеуі қанша есеге артады?

  24. Дөңгелек жиегінде жатқан нүктенің сызықтық жылдамдығы дөңгелек осіне 5 см жақын жатқан нүктенің сызықтық жылдамдығынан 2,5 есе көп болатыны белгілі болса, онда айналатын дөңгелектің радиусы(-тары)



  • Екі автомобиль бір жерден бір бағытта жолға шығады. Екінші автомобиль бірінші автомобилден 20 с кеш шығады. Екі автомобиль де бірдей a=0,4 м/с2 үдеумен үдемелі қозғалады. Бірінші автомобильдің қозғалысы басталғаннан кейін олардың ара қашықтығы 240м болғандағы уақыты

  • А) 45с; В) 40с: С) 55с; Д) 50с; Е) 30с

  • Велосипедші төмен қарай 0,5 м/с2 үдеумен түсіп келеді. Егер бастапқы жылдамдығы 6 м/с болса, оның 30с-тан кейінгі жылдамдығы

  • А) 17 м/с; В) 13 м/с; С) 15 м/с; Д) 21 м/с: Е) 10 м/с

  • Еркін түскен дене соңғы 2 секундта 60 м жол жүрсе, оның барлық жолдағы уақыты

  • А) 10с; В) 1с; С) 4с: Д) 8с; Е) 5с

  • Бастапқы жылдамдығы 10 м/с дене тұрақты үдеумен түзу сызықты қозғала отырып, 5с ішінде 30 м/с жылдамдыққа ие болды. Осы уақытта дененің жүрген жолы

  • А) 125м; В) 100м: С) 25м; Д) 75м; Е) 50м



  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет