Зайсан ауданы бойынша «Қазақстан Республикасында құқық бұзушылық профилактикасы туралы 2011-2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасының» 2013 жылдың 9 айында орындалуы туралы



Дата11.06.2016
өлшемі72.3 Kb.
#128632
Зайсан ауданы бойынша «Қазақстан Республикасында құқық бұзушылық профилактикасы туралы 2011-2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасының» 2013 жылдың 9 айында орындалуы туралы
1 тармақ. Зайсан ауданы әкімдігі жанынан құқық бұзушылықтың профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асыру, профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі тиісті ұсыныстарды әзірлеу мақсатында ауданда ведомствоаралық комиссия құрылған.

Аудан әкімдігінің 2012 жылдың 29 қазанындағы №1246 қаулысымен комиссия құрамына өзгеріс енгізіліп, жұмысшы органы бекітілді. Ауданның құқық бұзушылықтың алдын-алу туралы ведомствоаралық комиссияның 2011-2013 жылдарға арналған жұмыс жоспары бекітілді.



1-1 тармақ. Құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес бағытында жүргізілетін жұмысты жандандыру мақсатында үстіміздегі жылдың 20 ақпан - 20 наурыз аралығында аудан көлемінде «Құқықтық сауаттылық» атты айлық өткізілді. Айлық ішінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай әр түрлі мәдени көпшілік шаралар атқарылды. Оқушылардың құқықтық сауаттылық деңгейін анықтау мақсатында сауалнама парағы алынды. Арнайы кесте бойынша аудан мектептерінде жоғарғы сыныптың оқушылары, олардың ата-аналарымен құқық бұзушылықтың және оның алдын алу мақсатында аудандық кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясының мүшелерінің, аудандық құқық қорғау органдарының өкілдерімен, орталық мешіт алқасы мүшелерінің қатысуымен кездесулер өткізілді.

2 тармақ. Аудандағы төленетін қоғамдық жұмысқа тартылғандар саны - 379 адам. Оның ішінде жастар саны 101 адам. Бөлінген қаржы - 17 млн. 441 мың теңге. Жұмыссыздарды кәсіби даярлықтан өткізу, оқытуға 4 адам жіберілді, оның 4-еуі де толық даярлықтан өтіп, оған 1 млн. 217 мың теңге қаржы бөлінді. Кәсіби даярлықтан өткендер мамандық бойынша дипломдарын алды.

3-1 тармақ. Жастарды басым тәртіппен еңбекпен қамтуға жәрдемдесу және оларға жеке топтық тәрбие және психологиялық көмек көрсету мақсатында жастар практикасымен мекемелерге 11 адам тартылды. Оған 787 мың теңге бөлінді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 14 адам жіберілді. Оған 438 мың теңге бөлініп, бөлінген қаржы толығымен игерілді.

4,4-1 тармақ. Аудан бойынша кәмелетке толмаған және аз қамтылған, қолайсыз отбасынан шыққан жасөспірімдер «Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» марафон – эстафетасы аясында 1 кезеңде қала, ауыл округтерінде абаттандыру, көркейту, көгалдандыру жұмыстарын атқарды. ІІ кезеңде жастармен құрылыс, күрделі жөндеу жұмыстарын атқарды. Әр балаға сыйақы берілді. Жұмыспен қамту орталығы арқылы аз қамтылған, қолайсыз отбасынан 4 балаға квота беріліп, жұмыстарын істеп жатыр.

4-2 тармақ. Бас бостандығынан айыру органдарынан босап шыққан тұлғаларды әлеуметтік оңалтуда іс шаралар жүргізіліп отырылады.

Зайсан ауданы бойынша ірі кәсіпорындардың жалпы жұмыс санының 1 пайыз мөлшерінде түзеу мекемесінен жазасын өтеп келгендерге квота белгіленген. Соған байланысты ағымдағы жылы 5 адам жұмысқа орналастырылды, қазіргі таңда жұмыстарын атқаруда. Бас бостандығынан айыру органдарынан босап шыққан тұлғаларға мекемелерге жұмыс орындарына орналасу мүмкіндігі қарастырылған.



5 тармақ. Қиын жағдайларға душар болған қолайсыз отбасылар көмек көрсету мақсатында «отбасын қолдау орталығы» құрылуда.

9 тармақ. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құрылған топ аудандағы мектептерді аралап, кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғау мақсатында жұмыстар жүргізіп отырады. Құқықтық дәрістер оқылады.

10 тармақ. Аудан мектептерінде оқушылардың пән сабақтарына толық қатысу үшін жан-жақты іс-шаралар жүргізіліп отырады.

11 тармақ. Аудан бойынша жасөспірімдер инспекциясында 13 мектеп оқушысы есепте тұр. Жаз айларында балалардың демалыс кездерін тиімді пайдалану үшін көптеген іс-шаралар өткізіледі. Астана қаласын аралауға экскурсияға балалар жіберілді.

12 тармақ. Күрделі жағдайға тап болған балалардың сабақтан тыс уақыттарын тиімді, қызықты пайдалану мақсатында аудан мектептерінде көптеген спорттық, мәдени үйірмелер, секциялар және аудан орталығында 2 мектептен тыс мекеме (өнер,спорт мектептері) жұмыс атқарады. 1 бала өнер мектебінде тегін оқиды, секциялар мен мәдени үйірмелерге қатысады.

13 тармақ. Аудан әкімінің бекіткен тапсырмасы бойынша ерікті жасақ топтары құрылып, 6 мөлтек ауданға бөлініп, рейдтер жүргізіледі. Әрбір мектеп өздеріне бөлінген мөлтек аудандарға кесте бойынша педагогикалық рейдтер өткізеді. Аудандық ішкі істер бөлімі 2013 жылдың 22 ақпанынан 1 наурызына дейін «Денсаулық» рейдін жүргізді. 2013 жылдың наурыз айының 12-14 аралығында «Жасөспірім, заң, қауіпсіздік», 22 сәуірден 25 мамырға дейін «Жасөспірім», 10 – 12 шілде аралығында «Жұмыспен қамту», 26-28 тамыз аралығында «Балалар түнгі қала», 1 тамыздан 1 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» атты акция аудандық білім бөлімінің өкілдерімен және ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен «Түнгі қаладағы балалар» атты рейд жүргізілді. Түнгі көңіл көтеретін орындарда, кафелерде кәмелетке толмағандарға тексеру өткізіледі. 2013 жылдың наурыз айының 12-14 аралығында «Ашық есік» күні өткізілді. Кәмелетке толмағандарға шылым, ішімдік саудалағандарға қатысты әкімшілік істер тіркелді. Оның ішінде темекі өнімдерін саудалауға қатысты 10 әкімшілік іс қозғалды, алкоголь өнімдерін саудалау бойынша 5 әкімшілік іс қозғалды.

13-1 тармақ. Білім беру ұйымдарында сабақтан тыс уақытта құқық қорғау органдарының және мектеп психологтарының қатысуымен Зайсан ауданы бойынша жасөспірімдер арасында қылмыстардың, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы, тренингтер, сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Шаңырақ» сайысы өткізіліп, оның шеңберінде «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Мектепте ата-аналар патрулі құрылып, мұғалімдермен, учаскелік инспектормен тығыз байланыста болды. Бұл оқушылардың кешкі уақытта бейсауыт жүрмеуіне көп ықпал етті. Соңғы екі жылда «Түнгі қаладағы балалар», «Мектепке жол», «Педпатруль», «Полиция және мектеп» кешкі уақытта аудандық ішкі істер қызметкерлерімен, мектеп мұғалімдерімен ата-аналар кезекшілікке, рейдке шығуы жүйелі жүргізілуде. Рейд кезінде анықталған жасөспірімдердің ата-аналарымен түсінік жұмыстары жүргізіледі.

13-2 тармақ. Оқушылардың девиантты жүріс-тұрысының алдын алу бойынша оқу орындары Зайсан ауданында жоқ.

13-3 тармақ. Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын оқу мекемелерінде және оларға іргелес аумақтарда бейнебақылау орнату, сондай-ақ пластикалық карточкаларды қолдану арқылы турникет түрінде бақылау-өткізу режимін енгізу мәселелері пысықталған жоқ.

13-5 тармақ. Зайсан ауданы бойынша оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын ұстану қағидасын жүзеге асыру, оқушылардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Сайхан» спорт клубы жұмыс істейді. Сондай-ақ әрбір білім беру мекемесінде әр түрлі спорттық бағыттағы секция, үйірмелер бар.

39 тармақ. Зайсан ауданы бойынша ақылы автотұрақтар, гараждар жоқ. Әрбір тұрғындардың жеке меншік үйлерінде орналасқан.

44 тармақ. Ауданда діни істер бойынша үнемі құқықтық насихат жұмыстары жоғары деңгейде жүргізіледі. Аудан әкімдігі жанынан діни бірлестіктермен жұмыс жүргізетін кеңес құрылған. Этникааралық және конфессияаралық келісімді күшейту мақсатында ағымдағы жылда № 2017 әскери бөлімнің қызметкерлерімен, қала, ауыл округтерінде, мектептерде кездесулер өткізілді.

45-1 тармақ. Аудан жастарының, қала және ауыл тұрғындарының, оқушылардың діни сауаттылығын арттырып, дін туралы ақпарат беру мақсатында арнайы ақпараттық насихат тобы құрылып, жұмыс жоспары бекітілген. Аталған түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ауданның бас имамы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, аудандық ішкі істер бөлімі экстремизмнің алдын алу сұрақтары жөніндегі өкілетті қызметкері, аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің мүшесі тартылған. Дін сұрақтары жөніндегі ақпараттық-насихат тобы өңірдегі діни ахуал мен діни қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың қағидаларымен, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының негізгі талаптарымен таныстыру, экстремизммен және терроризммен күрес жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында жұмыстар жүргізілуде. 2013 жылдың 27 қыркүйегінде аудан әкімшілігінде құқық қорғау органдарының және т.б. мекеме басшыларының қатысуымен терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде діни экстремизмге қарсы күрес және дәстүрлі ислам құндылықтарын тарату бағыты бойынша үгіт-насихат жұмысы туралы мәселе көтерілді.

46 тармақ. «Азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау мақсатында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін ерікті халық жасақтары ауданның барлық елді-мекендерінде 19 топ құрылған. Зайсан қаласындағы 6 мөлтек ауданында аудан әкімінің, аудандық мәслихат хатшысының және «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының басшылығымен жасақтар құрылып, қазіргі таңда нәтижелі жұмыс атқарылуда. Жасақтардың мақсаты полиция қызметкерімен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жасалған құқық бұзушылықты, қылмысты зерделеу және тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын жүргізу.

Ауылдық елді-мекендерде мал ұрлығы мен жоғалуының алдын алу үшін малға ен салу және таңбалау, сондай-ақ малды ортақ жайылымда жаюды ұйымдастыру жұмыстары аудан бойынша қолға алынған. Аудандық ведомствоаралық комиссия отырысының шешімдерінің бірі болып учаскелік полиция инспекторлары мен ауылдық округ әкімдеріне мал кезегін ұйымдастыру арқылы ауылдық округтерде мал ұрлығын болдырмауды қамтамасыз ету. Ауылдық округ әкімдері, учаскелік полиция инспекторлары мен ауыл ақсақалдары, белсенді жастардың қатысуымен түнгі рейдтер ұйымдастырылуда.

Мектеп оқушыларының, жастардың уақыттарын тиімді, қызықты пайдалану мақсатында спорт мектебі, «Сайқан» спорт клубында әртүрлі жарыстар мен сайыстарға қатысу ұйымдастырылады. Құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты көптеген іс-шаралар жүргізіледі. Әр түрлі секциялар, мәдени үйірмелер және аудан орталығында өнер, саз мектебі жұмыс атқарады.

Аудандағы мектептерде оқушыларға арнайы жол жүру ережелерін оқыту сабағы жүргізіледі. Төменгі сынып оқушыларына қала ішіндегі жол жүру тәртібін сақтау іс тәжірибе ретінде өткізіледі.



47 тармақ. Аудан аумағындағы автобекет жеке меншік нысанында, онда диспетчерлік қызмет түрі жоқ.

50 тармақ. Маскүнемдік пен нашақорлық дертіне шалдыққан тұлғаларды әлеуметтік оңалту жөніндегі жұмыс үшін үкіметтік емес бірлестіктерді, діни конфессиялар өкілдері кеңінен тартылады. Бұл мәселе қоғамның өзекті проблемаларының бірі болғандықтан, ауданның мемлекеттік органдарымен қоса үкіметтік емес ұйымдардың, дін өкілдерінің үлесі айтарлықтай. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Ұлттық қауіпсіздің комитеті аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен аудан мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларына нашақорлық дертіне қарсы бағытталған кездесу болды.

51 тармақ. Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен елді-мекендерде кесте бойынша тұрғындарға көпшілік жиындарда есеп беріледі. Осы көпшілік жиындарда барлық мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың, құқық қорғау органдарының басшыларының қатысуымен азаматтардың сауалдарына, өтініштеріне жауап беріледі. Аудандық ішкі істер бөлімінің 18 учаскелік бөлімшесінің инспекторларымен тоқсан сайын есеп беру өткізіліп отырылады.

51 -1 тармақ. Жергілікті тұрғындарға «Көрші назары» бағдарламасы түсіндірілуде.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет