«Зайсан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Зайсан ауданы әкімінің аппараты»



Дата07.07.2016
өлшемі98.29 Kb.
#183737
«Зайсан ауданы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ


  1. Жалпы ережелер

1. «Зайсан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес аудан әкімінің қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Зайсан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Зайсан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Зайсан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Зайсан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық –құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Зайсан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен аудан әкімі аппаратының басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Зайсан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. «Зайсан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 070700, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, Жангелдин көшесі,54.

9. Толық атауы: «Зайсан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы ереже «Зайсан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Зайсан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Зайсан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2

Егер аудан әкімі аппаратына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.





  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. «Зайсан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 38 бабының 1-тармағына сәйкес аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалды-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыру.
14. Міндеттері:

1) аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін қамтамасыз ету; ("Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 38 бабының 1-тармағы)

2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімдігі мен әкімінің,оның орынбасарларының, облыс әкімінің аппарат басшысының, аудан әкімдігі мен әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру және бақылауды жүзеге асыру; ("Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 38 бабының 1-тармағы)

3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің , облыс әкімі мен әкімдігімен қойылған тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша ауданның мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру;

("Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 38 бабының 1-тармағы)

15. Функциялары:

1) аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан қамтамасыз ету: (2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 38 бабының 1-тармағы)

облыс әкімінің, оның орынбасарларының, аудан әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының тапсырмаларын орындау бойынша ақпараттық, анықтамалық және талдамалық материалдар әзірлеу;

мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп аудан әкіміне, орынбасарларына, аппарат басшысына ауданды дамыту мәселелері жөнінде талдамалық және ақпараттық материалдар әзірлеу;

тиiмдiлiкті бағалау бағыттары бойынша сапалы қызмет көрсеткіш деңгейін арттыруды жүзеге асыру;

3

ауданның жергілікті атқарушы органдарының норма шығармашылық қызметінің талдауын, аудан әкімі және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің мониторингін жүргізу;



Зайсан ауданы әкімінің сайтын ақпараттық толықтыру және жұмысын ұйымдастыру.

2) аудан әкімінің қызметін ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз ету: (2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 38 бабының 1-тармағы)

аудан әкімдігінің мәжілістерінде қарау үшін жартыжылдық мәселелер тізбесін әзірлеу, күн тәртібін жасау, облыс әкімдігінің мәжілістеріне материалдар әзірлеу, аудан әкімдігі мәжілістерінің материалдары мен хаттамаларын ресімдеу және тарату, аудан әкімі мен әкімдігінің актілерін шығару, оларды тарату және сақтау;

аудан әкімі, орынбасарлары өткізетін кеңестердің өткізілуін ұйымдастыру, кеңестердің хаттамаларын әзірлеу;

іс қағаздарын, соның ішінде құпия іс қағаздарын, арнайы байланысты ұйымдастыру және жүргізу;

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Бірыңғай электрондық құжатайналымы жүйесін құру бойынша жұмыстарды үйлестіру;

аудан әкімінің азаматтарды қабылдауының тізімін әзірлеу және қабылдауды ұйымдастыру;

аудан әкімінің атына түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

кадрлардың аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығында оқуын ұйымдастыру;

жергілікті атқарушы органның мемлекеттік наградалар бойынша қызметін ұйымдастыру;

аудан әкімінің және әкімдігінің актілерін, құжаттамаларды тіркеу,сақтау және мұрағатқа өткізуді қамтамасыз ету;

аудан әкімінің және әкімдігінің құқық қорғау органдарымен қауіпсіздік, құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және аудан аумағында қоғамдық тәртіпті ұйымдастырудың өзге де мәселелері бойынша өзара іс-әрекетін ұйымдастыру;

жергілікті атқарушы органның ақпараттық жүйелері мен ақпараттық ресурстарын дамыту және сүйемелдеу;

«электрондық үкімет» қалыптастыру жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасын орындау аясында жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыруды қамтамасыз ету;

аудан әкімінің төмен тұрған әкімдер мен дербес бөлімдердің қызметін үйлестіру жөніндегі жұмысын ұйымдастыру.

3) аудан әкімінің қызметін құқықтық жағынан қамтамасыз ету: (2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 38 бабының 1-тармағы)

сот және өзге де құқық қорғау органдарында аудан әкімінің және әкімдігінің, аудан әкімі аппаратының мүддесін білдіру және қорғау;

аудан әкімінің атына келіп түскен прокурорлық ден қою актілерін, өзге де мемлекеттік бақылау және қадағалау актілерін қарау;

аудан әкімінің, оның орынбасарларының, аудан әкімінің аппарат басшысының тапсырмалары бойынша аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің жобаларын әзірлеу;

аудан әкімінің аппаратына келісімдеуге келіп түскен аудан әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық және құқықтық актілері жобаларының сараптамасын ұйымдастыру;

4) аудан әкімінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету: (2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 38 бабының 1-тармағы)

қызметтік жайларды ұстау және қызмет көрсету, аудан әкімінің, оның орынбасарларының, аудан әкімінің аппарат басшысының қызметін көліктік қамтамасыз ету,

аудан әкімінің, әкімдігінің, аудан әкімі аппаратының қызметін үздіксіз ұйымдастыру мақсатында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.

Аудан әкімінің аппараты қолданыстағы заңнамамен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

16. Құқықтары мен міндеттері:

аудан әкімінің аппараты:

өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органның иелігіндегі кез-келген, соның ішінде құпия, ақпараттық деректер банкін пайдалануға; (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 38 бабының 1 тармағы)

аудан әкімінің, оның орынбасарларының, аудан әкімі аппараты басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуына тексеру жүргізуді ұйымдастыру және қатысуға; (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 38 бабының 1 тармағы)

ауданның мемлекеттік органдарынан және ұйымдардан аудан әкімі мен әкімдігінің жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті ақпараттар мен басқа да анықтамалық материалдарды сұрауға; (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 38 бабының 1 тармағы)

сәйкес лауазымдық тұлғалардан жазбаша және ауызша түсініктемелер алуға, сондай-ақ аудан әкімі аппаратының құзырына кіретін мәселелер бойынша оларға орындауға міндетті тапсырмаларды беруге; (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 38 бабының 1 тармағы)

аудан әкіміне ауданның атқарушы органдарының лауазымды тұлғаларын көтермелеу және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды енгізуге; (Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 23, 28, 28-1 баптары, Мемлекеттік әкімшілік және саяси қызметшілерге тәртіптік жазалар қолдану туралы Ереже)

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;

аудан әкімінің аппараты:

жүктелген міндеттерді орындауды қамтамасыз етуге;

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүктелген міндеттерді орындауға міндетті.

3.Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. «Зайсан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты әкім аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын аппарат басшысы жүзеге асырады.
18. «Зайсан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

    19. «Зайсан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттігі:


1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан әкімі аппаратының жұмысын техникалық қамтамасыз етуін жүзеге асыратын жұмысшыларды жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

2) аудан әкімі аппаратының жұмысшыларына заңнамамен орнатылған тәртіпте тәртіптік жазаларды қолданады;

3) аудан әкімі аппараты бойынша бұйрықтарды шығарады және оларға қол қояды;

4) аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

5) мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда аудан әкімі аппаратының өкілеттілігін атқарады;

6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қажетті шаралар қабылдауға міндетті және ол үшін дербес жауаптылықта болады;

7) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіптік даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

8) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Әкім аппаратының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
       20. «Зайсан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аппарат басшысы басқарады.   

  


4.Мемлекеттік органның мүлкі

      21. «Зайсан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.


      22. «Зайсан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Зайсан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5.Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. «Зайсан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Аудан әкімінің аппарат басшысы Н.Қараталов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет