3 Дәріс. Компьютерлік жүйелерді ұйымдастыру. Жүйелік блоктың элементтерінің функцоиналды қызметі. Дербес компьютерде ақпаратты енгізу, өңдеу, сақтау, баспаға жіберу. Дербес компьютердің құрылымы. Ақпаратты енгізу
3 Дәріс. Компьютерлік жүйелерді ұйымдастыру. Жүйелік блоктың элементтерінің функцоиналды қызметі. Дербес компьютерде ақпаратты енгізу, өңдеу, сақтау, баспаға жіберу. Дербес компьютердің құрылымы. Ақпаратты енгізу, шығару және сақтау құрылғылары. Микропроцессордың қызметі және классификациясы.
Мақсаты: Дербес компьютердің аппараттық бөлігінің қызметі мен құрылымы туралы түсінік беру. Есептеу техникасының даму тенденциясымен танысу, дербес компьютердің түрлерін ажырата білуге үйрету.
Оқытудың міндеті:Дербес компьютерлердің архитектурасы және компьютердің ішкі және сыртқы құрылғыларымен танысу. Ақпаратты сақтаудың негізгі жабдықтарын пайдалана білу, ақпаратты сақтаудың сыртқы құрылғыларымен танысу.
Тақырыптың негізгі сұрақтары: Компьютердің негізгі блоктарын ұйымдастыру элементтері.
Процессордың ұйымдастыру архитектурасы.
Адрестеу жүйесін ұйымдастыру.
Дербес компьютердің құрамы.
Оқыту және сабақ беру әдістері: дәріс Теориялық блок Информатика - ақпаратты зерттеу, оның қасиеттерін білу, өлшеу жөніндегі ғылым саласы. Сонымен қатар ол - ақпаратты сақтаудың, тасымалдаудың, іздеудің жеңіл және тиімді түрлерін қарастыратын, ақпараттың құрылымын, жалпы қасиеттерін зерттейтін де ғылым.
Компьютерлік техника - ақпараттарды өңдеуде қолданылатын амалдар ішіндегі ең маңыздысы. Бұл медицина мен денсаулық сақтау саласындағы көптеген есептерді (емдеу, алдын алу, жасанды мүшелер жасау және де басқару міндеттерді) шешу барысында тиімді қолданылады.
Медицинаға информатика бірнеше салыстырмалы тәуелсіз бағытта ене бастаған. Бұлардың ең маңыздысы: лабораториялық диагностика, медициналық кибернетика, медицина аппараттарын жасау.
Медицина даму саласының алдынғы қатарында орын алып келеді. Компьютерді медицинада ең алғаш 1967ж. Олдендорф ЭЕМ-ді магниттік-резонанстық томографта пайдаланған. Кейінірек 1971 жылы Хаусфилда МР-тың томографында дербес компьютерлер кеңінен қолданылады. Қазіргі уақытта информатика өте тез дамып жатқан ғылым. Дербес компьютерлер біздің күнделікті қолданатын құрылғымызға айналуда.
Компьютердің медицинада қолданылуы:
Өз қызметтері бойынша мәліметтер базасын жүргізу (науқастарды тіркеу, дәрі-дәрмектерді есепке алу)
Халықаралық жаңалықтар туралы жедел ақпарат алу (емдеудің жаңа әдістері, жаңа дәрі-дәрмектер және т.б.)