Зайсан ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы 2008 жылдың i-жартыжылдық қорытындысы туралы анықтама



Дата23.02.2016
өлшемі86.26 Kb.
#5778
Зайсан ауданының

әлеуметтік-экономикалық дамуы 2008 жылдың I-жартыжылдық

қорытындысы туралы анықтама.

Өнеркәсіп

2008 жылдың 1-ші жартыжылдығына Зайсан ауданындағы өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен алғанда 356,0 млн. теңгенің тауарлы өнімдерін өндірді, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 2,4 есеге артты. Тау кен өндірісінде ЖШС «Сайхан» мекемесі – 32,5 млн. теңгенің көмірін өндіріп, өткен жылдың сәйкес мерзімінен өсімі 182,5% жетті. ЖШС «Балық Продукт Восток» зауыты 270,8 млн. теңгенің балық өнімдерін өндіріп, былтырғы жылдың тиісті мерзімінен 3,2 есеге көбейді. Электр энергиясын өндіру және таратуда өнеркәсіп өнімінің нақты көлемі 23,0 млн. теңгені құрап, 2007 жылдың сәйкес деңгейінен 106,6 пайызға артты.





Бюджет

Аудан бюджетінің барлық (өз кірісі, трансферттер мен субвенция) кірісінің жоспары 2008 жылдың қаңтар-маусымына 851,7 млн.теңгені құрап, нақты 862,4 млн. теңге түсіп, 101,3 пайызға орындалды. Аудан бюджетінің өз кірісінің жоспары 164,3 млн. теңгеге бекітіліп, нақты 175,2 млн. теңге түсіп, жоспар 6,7 пайызға артты, бұл 2007 жылдың сәйкес деңгейінен 53,6 пайызға өсті.




Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2008 жылдың 1-ші жартыжылдығында 1187,4 млн. теңге болып, 2007 жылдың сәйкес деңгейінен 7,9 пайызға артты.

Аудан көлемінде 526,2 млн. теңгенің 16983 тонна сүті 2007 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 2,2 пайызға, 582,7 млн. теңгенің 3298 тонна еті, өткен жылдан 13,7 пайыз,11,5 млн. теңгенің 1128,4 мың дана жұмыртқасы, өткен жылдан 4,9 пайызға артық өндіріліп, 21,2 млн. теңгенің 215,6 тонна жүні, өткен жылдан 11,5 пайызға артық қырқылды.

Сондай-ақ осы жылдың бірінші жартыжылдығында ірі қара саны 71528 басқа жетіп, 2007 жылдың осы уақытынан 2130 басқа, немесе 3,1 пайызға өсті. Қой мен ешкі саны 191402 бас болып, өткен мерзімнен 1240 басқа кеміді. Жылқы 11911 бас, өткен уақытпен салыстырғанда 1280 басқа артты, немесе 12 пайызға, құстар саны 43367 басқа жетіп өткен мерзіммен салыстырғанда 6285 басқа немесе 16,9 пайызға артты. Осы жартыжылдықта 76764 бас қозы-лақ, 20814 бас бұзау, 2636 бас құлын, 20247 бас балапан алынды.

2007 жылдың желтоқсан айында «Жасұлан» ШҚ негізінде қазақтың ұяң жүнді құйрықты «Байыс» типті қойын өсіретін асыл тұқымды шаруашылық құрылып, статус алды. Осы қой тұқымын өсірумен айналысатыны «Қара Ертіс» ШҚ құжаттарын эксперттік комиссияға өткізіп, ол да статус алды.

Республикалық бюджет арқылы бөлінген 27,3 млн. теңгенің субсидиясы игерілді. 45,3 млн. теңгенің арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз етілді. 3114 га астық, 1435 га картоп, 665 га көкөніс, 313 га бақша өнімдері, 5023 га майлы дақыл егілді.



Шағын кәсіпкерлік

2008 жылдың 1-ші жартыжылдығында 385 тіркеліп, шағын кәсіпкерлердің саны өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 68- ге артты. Ықшамдалған декларация бойынша 291 кәсіпкер тұрақты жұмыс атқаруда. Бір жолғы талонмен жұмыс істеп отырған кәсіпкер саны 295, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 49 кәсіпкерге өсті. Ауданда 1072 шаруа қожалықтары бар, оның ішінде бірыңғай жер салығын төлеуші 1030, 2007 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 5-ке артты.

2008 жылдың 1-ші жартыжылдығында шағын кәсіпкерліктің барлық түрлерінен жергілікті бюджетке 25,1 млн.теңге салық түсті, бұл 2007 жылдың сәйкес деңгейінен 10,1 пайызға артты.


Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

Жұмыспен қамту бөліміне 2008 жылдың 6 айында 360 адам жұмыссыз ретінде тіркелді, оның 170 ауылдық жерден. Ресми тіркелген жұмыссыздардың саны 2007 жылдың сәйкес деңгейінен 61 жұмыссызға азайды.

2008 жылдың 6 айында 214 адам жұмысқа орналастырылған, бұл 2007 жылдың 6 айынан 14 адамға көбейді.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 2008 жылға 9000 мың теңге бөлініп, 6 айда 3414 мың теңгесі игеріліп, аудан бойынша 254 адам тартылды. Жұмысқа тартылғандардың саны 2007 жылғы сәйкес деңгейінен 43 адамға азайды.

«Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау және қайта даярлау» бағдарламасына бюджеттен 2008 жылы 591 мың теңге бекітіліп, толық игерілді. Оқуға 28 адам жіберілген, өткен жылдан 5 адамға көбейді.

Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларға биылғы жылы 411 мың теңге бөлініп, толық игерілді. «Жастар іс тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 16-24 жас аралығындағы жоғары және арнайы оқу орнын бітіріп келген 8 жас маман жұмысқа орналастырылды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 2008 жылға 17600 мың теңге бөлініп, 6 айда 298 отбасына 9100,4 мың теңге берілді, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 1656,2 мың теңгеге артық.

Аудан бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақысына бюджеттен 2008 жылға 42500 мың теңге қаралып, 6 айында 1398 отбасының 3409 баласына 21383,1 мың теңге төленді.

Табысы аз отбасыларға тұрғын үйді ұстауға және оның коммуналдық қызметін төлеу үшін, аудан бюджетінен тұрғын үй көмегіне 2008 жылы 1404 мың теңге бекітіліп, 6 айында 86 отбасы 1004 мың теңге алды.

Үйден тәрбиеленіп оқытылатын 41 мүгедек балаларға 1467,3 мың теңге материалдық көмек берілді.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оған теңестірілген 132 адамға 6 айда 4525 мың теңге коммуналдық шығындарын төлеу үшін материалдық көмек берілді;

«Алтын алқа», «Күміс алқа» мен марапатталған, «Батыр ана», 1,2 дәрежелі «Материнская слава» ордендерімен марапатталған, көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмекке 10180 мың теңге қаралып, 1018 анаға төленді;

аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды жоғары оқу орындарында оқудың құны, степендия, жатаханада тұру қаржысын төлеу үшін 4315 мың теңге бөлініп, толық игерілді.

Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес 2008 жылдың 3224 мың теңге бөлініп, 6 айда 1612 мың теңге игерілді. Әлеуметтік медициналық сараптау комиссиясының қорытындысымен 30 мүгедек гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. 5 адам мүгедек арбасымен қамтылды.



Білім саласы

2007-2008 оқу жылында мектеп жасындағы 7497 бала мектеп партасына отырса, 34 бала денсаулығына байланысты үйден оқытылуда. Көгедай, Мукарама, Жарсу, Октябрь, Амангелді орта мектептерінде 152 оқушыны мектепке тасымалдау ұйымдастырылуда және 135 бала Зайсан қаласының мектеп интернатында, 38 бала Шілікті мектебінің жанындағы интернатта білім алуда.

2007-2008 оқу жылын аудан мектептері 50,5 пайыз сапамен аяқтап, Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан 590 оқушының 71,2 орташа балл көрсетіп, облыста 3-ші орынды иеленді. Аудан мектебін бітірген түлект ердің ұлттық бірыңғай тестілеуге 46-ы 100-ден жоғары балл, 67-і 50- ге дейінгі балл алды. 10 мектеп бітіруші «Алтын белгі» иегері болса, 2 мектеп бітіруші «Үздік аттестатты» иеленіп отыр.

Ауданда М.Әуезов атындағы орта мектеп түлегі 125 балл жинап, республикадағы 2 баланың бірі болды.

9-11 сыныптар арасында аудандық пән олимпиадасына 24 мектеп қатысып, 12 оқушының жұмыстары облысқа жіберіліп, оның 8-і жүлделі орынға ие болды.

2008 жылы білім беру саласының материалдық техникалық базасын нығайтуға 39873 мың теңге бөлініп, 4 физика, 2 химия мен биология, 2 мультимедиялық лингафон кабинеті және мектеп интернаты мен бала бақшаның асханасына құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Білім беру объектілерін күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізуге 2008 жылы аудандық бюджеттен 22,8 млн.теңге, соның ішінде Әуезов орта мектебінің төбесін жөндеуге – 3,0 млн.теңге, Сартерек орта мектебінің жылу жүйесіне – 2,5 млн. теңге (751 мың теңге игерілді), Үлкен Қаратал ауылындағы Қазақстан орта мектебінің жылу қазандығы мен жылу жүйесіне – 4,0 млн. теңге, Зайсан қаласының №1 бала бақшаның жылу қазандығы мен жылу жүйесіне – 10,0 млн.теңге бөлініп, игерілуі алдағы уақытқа қойылуда және барлық істелінетін жұмыстарға жобалық сметалық құжат жасауға-3,3 млн.теңге қаралды.
Дене шынықтыру және спорт

2225 оқушы жалпы білім беретін мектептердің спорт, 262 оқушы спорт мектебінің волейбол, футбол, еркін күрес секцияларына қатысуда. Жыл көлемінде волейболдан қыздар арасында Ж.Абышева атындағы, жігіттер арасында С.Спамбетова атындағы аудан аралық турнирлер өткізіліп, оған көршілес аудандар, ауыл округтері, 2017 әскери бөлімінің әр қайсысы 15-16- дан қыздардың және ұлдардың командалары қатысты.

2008 жылы Семей, Өскемен қалаларында өткен мектеп оқушыларының облыстық IV- спартакиясында аудан спортшылары армреслингтен бірінші, еркін күрестен екінші, баскетболдан, жеңіл атлетикадан үшінші, қазақша күрестен төртінші, волейболдан тоғызыншы орын алып, жалпы командалық есепте 3 орынға ие болды. Атқарылған жұмыс қорытындысында аудан спортшылары 2007 жылғы 9 халықтық спорт ойындарында 214,75 ұпай жинап 11 орын алса, 2008 жылы 225,5 ұпай жинап 9 орынға ие болды
Мәдениет және тілдерді дамыту

Балаларға арналған «Көгілдір от», «Ертегілер елінде» атты жаңа жылдық қойылымдар және эстрадалық сазды концерттік бағдарламалар өткізіліп, 300 адам қатысып, 100 мың теңге қаржы жұмсалды. Жаңа жылдық «Көгілдір от» кешіне ауданымыздың белгілі азаматтары шақырылып, театрландырылған көрініс пен концерт берілді. Бұл шаралар ауылдық клубтың барлығында өткізілді.

2008 жылдың ақпан айында Ауған соғысының ардагерлеріне арнап «Ауғаныстан ақиқаты» атты концерттік және «Тамаша» ойын сауық бағдарламасы өтті.

М.Әуезовтың 65 жылдығына, Шәкәрімнің 150 жылдығына арналған кештер және кітап көрмелері өткізілді.

Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мейрамына орталық алаңда концерт қойылды.

Зайсан қаласының мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізуге 2008 жылға 40,0 млн.теңгенің және Кеңсай, Шілікті мәдениет клубтарының жобалық сметалық құжатын дайындауға бөлінген 2,1 млн.теңге қаражат қаралды.


Денсаулық саласы

Аудандағы барлық емдеу-сауықтыру мекемелерінде 2008 жылдың 1-ші жартыжылында жүргізілген қабылдау 118308 болса, өткен жылдың осы уақытында 120337 болған. Жалпы тіркелген аурудың саны 16322, өткен жылмен салыстырғанда 12,2 пайызға төмендеді. Бірінші рет тіркелген ауру саны 8274. Бірінші тіркелген туберкулез ауруы 27 , өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көбейді. Қатерлі ісік ауруы 31, бұл өткен жылмен салыстырғанда 24 пайызға, жүйке ауруы 25 болып, өткен уақытпен салыстырғанда 67 пайызға артты. Бір жасқа дейінгі нәрестелер өлімі 9, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көбейді.

Аудан халқына 77 дәрігер, 228 орта буынды мамандар қызмет көрсетеді.
Сәулет және қала құрылысы, құрылыс

2008 жылдың I-жартыжылында салынып қабылданған тұрғын үйдің саны 32, бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 1 тұрғын үйге артты. Сонымен қатар ипотекаға салынған, 15 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Қарабұлақ ауылындағы «Балық Продукт Восток» мекемесінің 16 орынды жатаханасы қабылданды.

2008 жылы Зайсан қаласының бас жоспарын жасауға аудандық бюджеттен 6,5 млн. теңге бөлініп, 27 ақпанда тендер өтіп, жеңімпазы жобалау фирмасы «ГРАДО» ЖШС болып танылды. Бірінші жарты жылда 2500 мың теңге игерілді.

Жеке тұрғын үй құрылысының инженерлік жүйе және коммуникация құрылысының жобалық-сметалық құжат жасауға 7-ші наурызда конкурс өткізіліп, мердігер «Восток Капитал Строй» ЖШС анықталды, игерілгені- 2010 мың теңге.

Спамбетов көшесіндегі 60 пәтерлі коммуналдық тұрғын үй құрылысына 38,86 млн.теңге(игерілгені 30658 мың теңге) және орталық «Сайқан» стадионға қайта жаңғырту жұмысына 25,0 млн.теңге (игерілгені 17500 мың теңге), жобалық сметалық құжатына - 1359 мың теңге бөлініп сәуірдің 1-де конкурс өткізіліп, мердігер «СК Зайсан» ЖШС болды.

Қатты қалдықтар полигонының құрылысының жобалық сметалық құжатына бөлінген қаржыдан 4900 мың теңгесі игерілді.


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары

Зайсан ауданының жолдарын жөндеуге 2008 жылға барлығы 40,8 млн.теңге бөлініп, 1-ші жартыжылда 25,1 млн. теңгесі игерілді. Атап айтқанда:

Орташа жөндеу жұмысына 26,47 млн. теңге қаралып, Зайсан қаласының (1,70 км) жолына 10,0 млн. теңге, Біржан ауылына кіреберіс (1 км) жолына – 6,0 млн. теңге, Сартерек ауылына кіреберіс (1 км) – 6,0 млн. теңге, Кеңсайға кіреберіс (0,74 км) жолына – 4,47 млн. теңге.

Ағымдағы жөндеу жұмысына 14,3 млн. теңге бөлініп, Омск-Майқапшағай-Жамбыл (2 км) 400 мың теңге, Дайыр – Көкжыра (7 км) 1400 мың теңге, Біржан-Ақарал (4,225 км) жолына 845 мың теңге, Омск-Майқапшағай-Жанабаз (5 км) жолына 1,0 млн.теңге, Қарабұлақ ауылына кіреберіс (2 км) жолына 400 мың теңге, Кеңсай-Шілікті (23 км) жолына 4,6 млн. теңге, Зайсан-Шүршітсу (5,5 км) жолына 1,1 млн.теңге.

Сумен жабдықтау желілерінің жұмыстарына үлкен назар аударылуда. 2008 жылы «Ауыз су» өңірлік бағдарламасы негізінде су құбырларын күрделі жөндеуге 74,130 млн. теңге қаржы қаралып, оның ішінде «Сауыр» мөлтек ауданына – 27,2 млн. теңге, игерілуі 14,2 млн. теңге, Кеңсай ауылдық округіне – 21,3 млн. теңге, игерілуі 12,4 млн.теңге, Біржан ауылдық округіне – 25,5 млн. теңге, игерілуі 14,3 млн. теңге және жобалық сметалық құжатын дайындауға Айнабұлақ, Дайыр округтеріне 375 мың теңге (игерілуі 146 мың теңге), Кеңсай мен Біржан округтеріне 781 мың теңге бөлінді.
Қоғамдық тәртіп

2008 жылы негізгі бағыттар қылмысқа қарсы күрес және құқықтық тәртіпті күшейту бойынша ішкі істер органдарының қызметі елеулі түрде жандандырылды. Аудан аумағында 2008 жылдың 1-ші жартыжылда тіркелген барлық қылмыстардың саны 118. Оның ішінде ауыр қылмыстар саны 8.



Бірінші жартыжылдықта тіркелген қылмыстардың ашылуы нашақорлыққа байланысты 1 қылмыстық іс қозғалып, есірткі затының мөлшері 171,24 грамды құрады. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 2 тіркеліп, өткен жылдың сәйкес деңгейінен 2 есеге артты.

Жол ережесін бұзғандар 7,7 пайызға өсіп, өндірілген айыппұл сомасы 1197,9 мың теңге болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет