Ұзақтығына байланысты: Эфемерлі – бірнеше сағаттан 2-кі күнге дейін. Жедел – 15 күнге дейін Жеделдеу 45 күнге дейін Созылмалы – 45 күннен аса



Дата11.04.2023
өлшемі87.4 Kb.
#472033
қызба


Тақырыбы:Қызба
Қызба — патогенді тітіркендіргіштердің әсеріне жауап ретінде пайда болатын және дене қызуының әкелетін, организмнің көтерілуше табиғи реактивтілігін күшейтетін терморегуляция үдерістерінің өзгеруімен сипатталатын организмнің қорғаныс-бейімделу реакциясы.
Қызба гипоталамустық терморегуляторлык орталықтарға эндогенді пирогендердің — төмен молекулалы нәруыз болып табылатын цитокиндердің әсер етуі нәтижесінде дамиды. Цитокиндердің түзілуі бактериялар, саңырауқұлақтар, вирустар бөліп шығаратын және тіндердің ыдырауы кезінде бөлініп шығатын өнімдердің әсерінен күшейеді
Қызба
ЖІКТЕЛУІ:
Көрсеткіштері бойынша
І. Гипертермия типтері,ауырлық дәрежесі:
А. Субфебрильді 37,2 -38 С(жеңіл дәр)
Б. Фебрильді 38,1-39 С(орташа дәр)
В. Жоғарғы фебрилді 39,1-41 С(ауыр дәр)
Г. гектикалық 41С жоғары(өте ауыр дәр)
Ұзақтығына байланысты:
Эфемерлі – бірнеше сағаттан 2-кі күнге дейін.
Жедел – 15 күнге дейін
Жеделдеу - 45 күнге дейін
Созылмалы – 45 күннен аса
Өзгермелі сипатына қарай қызба түрлері
1) тұрақты- дененің температурасы тәулігіне 1° өзгере отырып, 39°С дейін көтерілуімен шектеледі;
2) ремиттеуші — дене температурасының тәуліктік өзгеру деңгейі 1°—1,5° шамасында жоғарлайды немесе төмендейді ;
3) ұстамалы — тәулік бойы дененің жоғары температурасы кезеңмен қалыпты немесе төменгі температураға алмасып отырады;
4) толқын тәрізді — бірнеше күн бойы тұрақты көтеріңкі кезеңдер субфебрильді немесе төмендеу кезеңмен алмасып отырады:;
5) гектикалық түрі - дене температурасының тәулік бойы 4—5° өзгеруімен тердің мол бөлініп, әлсіреумен сипатталады;
6) бұрмаланған — таңертеңгі дене температурасының тәулік бойы кешкі температурадан жоғары болуы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет