Байқау ережелері Гамлеттің «Бар болу, әлде бордай тозу» монологынан үзінді қазақ тіліне үздік аудармасы бойынша байқаудың өткізілуі келесі ережелермен реттеледі. Байқауға өтінімді бере отырып, қатысушылар немесе олардың ата-аналары (қатысушы 18 жасқа жетпеген жағдайда) байқау ережелерімен келіседі және оларды орындауға міндеттеледі.
Байқауға Қазақстан азаматтары қатыса алады.
Байқауға 15 жастан бастап 19 жасқа дейінгі тұлғалар жіберіледі.
Байқауға British Council қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері, туысқандары, бірге тұрып жатқандары жіберілмейді. British Council қатысушыдан құқықтылығын дәлелдеуін талап ету құқығын өзіне қалдырады.
British Council байқау қатысушыларына қойылатын талаптардың кез-келгенін орындамағаны үшін қатысушыларды байқаудан шығарып тастау құқығын өзіне қалдырады.
Әр қатысушы ең көбі бір байқау жұмысын ұсынуы мүмкін. Қаралуға бірінші жұмыс қана қабылданады; сол қатысушының басқа жұмыстары қаралмайды.
Байқау 2014 жылғы 14 қыркүйекке дейін өтеді. Байқау жұмыстарының барлығы info@kz.britishcouncil.org электрондық мекенжайына 2014 жылғы 14 қыркүйекте Астана уақыты бойынша 24:00-ге дейін жіберілуі тиіс.
British Council өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін алынған жұмыстарды қарастырмайды.
British Council бүлінген, жоғалған немесе қаралу үшін жарамсыз кез-келген жұмыстар немесе файлдар үшін жауапты емес. Сондай, British Council байқау жұмысының жоғалуына, уақытылы берілмеуіне немесе дұрыс тіркелмеуіне әкелуі мүмкін қандай-да бір жүйенің, сервердің, провайдердің немесе өзге техникалық элементтің техникалық шалысы, ақаулығы немесе қандай да өзге күрделі мәселесі үшін ешқандай жауапкершілікті көтермейді.
Жеңімпаз аты 2014 жылғы 19 қыркүйекте British Council-дың www.britishcouncil.kz веб-сайтында және/немесе оның Facebook-тағы парақшасында жарияланады. British Council жеңімпазды хабардар ету үшін барлық орынды шаралар қолданады. Барлық орынды шараларды қолданғаннан соң жеңімпазбен байланысу мүмкін болмаған жағдайда, British Council келесі жеңімпазды таңдайды.
Осы байқау бойынша жүлдені басқаға беруге немесе сатуға болмайды. British Council өз қалауынша жүлделердің кез-келгенін басқа тең бағалы жүлдеге алмастыру құқығын өзіне қалдырады. Жүлде ақшалай түрде беріле алмайды.
British Council өзіне байланысты емес себептерден орын алған әрекеттер, оқиғалар немесе жазатайым оқиғалар салдарынан байқауды өткізуде немесе жүлдені табыс етуде кедергілер немесе кідіріс пайда болған жағдайда қатысушылардың алдында ешқандай жауапкершілік көтермейді.
Жеңімпаз Астана қаласынан тыс жерде тұрған жағдайда, British Council «Глобус» театрының қойылымын көруге арналған сапарды ұйымдастыруда ешқандай жауапкершілік көтермейді және осы сапармен байланысты шығындарды өтемейді.
Байқауға өтінім бере отырып, қатысушылар немесе олардың ата-аналары (қатысушылар 18 жасқа жетпеген жағдайда) British Council-ге аталған байқауға орай, жарнама және жаңалық хабарламаларын алға бастыру және жариялау (оның ішінде баспасөз басылымдарында, редакторлық мақалаларда және жұртшылықпен байланыс орнату үшін веб-сайттар мен әлеуметтік желілерде пайдалану) мақсатында қатысушының атын, фотосуреттерін, кескіндерін, жеке немесе өзге ақпаратты (оның ішінде тұрғылықты жерін) пайдалану үшін рұқсат және жариялау құқығын береді.
Байқауға өтінім бере отырып, қатысушылар немесе олардың ата-аналары (қатысушылар 18 жасқа жетпеген жағдайда) British Council-ге байқауға қатысу үшін берілген аудармаларды ақысыз түрде шектелмеген мерзім бойы бүкіл әлем аумағында пайдалану үшін рұқсат және жариялау құқығын береді.
British Council, күтпеген жағдайларға байланысты қажет болған жағдайда, алдын-ала ескертусіз осы ережелерді жою немесе өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Кез-келген өзгертулер www.britishcouncil.kz сайтында жарияланады.