СӨС, дене шынықтыру, жыныс мүшелерінің гигиенасын сақтау,фитотерапия, ремиссия кезеніңде санаторлық курорттық ем, АГ-да ас тұзын шектеу
Анық-
тамасы
Этиоло-
гиясы
Симптом-
дары
Синдром-
дары
Тексеру
жоспары
Ем
жоспары
Профилак-
тика
Созылмалы бүйрек ауруы өмір сүру сапасын күрт төмендетеді, өлім көрсеткіші жоғары болады, терминальды жағдайда орынбасушы терапияның қымбат әдістерін қолдануға тура келеді ( гемодиализ, бүйрек трансплантациясы). Планетада 500 000 000 адамның бүйрек қызметі бұзылған, оның 1 750 000 орын басу терапиясына байланысты өмірлерін ұзартуда.
I этап. Мейірбикелік тексеру
Сұрастыру: Мейірбике пациентпен алдымен өзара сенімділік қарым – қатынас орнатып, оның шағымдары мен проблемасын сұрайды.
Мүмкін болатын шағымдар: бел тұсының ауруы, оның шап аймағына таралуы, дизуриялық бұзылыстар, ісік, қалтырау, қызба, диурездің азаюы не болмауы, қан араласқан несеп, анамнезінде артериальды гипертензияның болуы және басқалар.
Қарағанда мейірбике мән беру керек: тері түсіне (бозару), беттің ісінуі, көз астының ісінуі, терінің, тілдің құрғауы, АҚҚ жоғарылауы, Пастернацкий симптомының оң болуы, несептің ет жуындысы тәрізді, қанды болуы.
II этап. Пациенттің проблемасын анықтау
(мейірбикелік диагноз).
* Пациентте несебі қанды болғанда өлімнен қорқу сезімі пайда болады – макрогематурия.
* Пациенттің белі қатты шыдатпай ауырып, ол шап аймағына қарай тарап, жиі және ауырсынумен кіші дәретке отырады – бүйрек коликасы.
* Дәретке шығудың бұзылуы – нефросклероз, анурия салдарынан ісіктің дамуы.
* Пациенттің қажетті температураны ұстап тұруға қажеттілігінің бұзылуы – бүйректің бактериальды ауруларына (пиелонефрит) байланысты қалтыраумен жүретін қызба.