III этап. Мейірбикелік процессті жоспарлау. | | - Белгілі бір уақыттан кейін пациентте қанды несепке байланысты пайда болған қорқынышы басылады.
| - 1.Пациентке ауруы жайлы түсіндіру.
- 2.Пациентке алдағы жүргізілетін тексеру әдістері, қан мен несепті тексертуге қалай дайындалу, рентгенологиялық зерттеулер жайында түсіндіру.
- 3.Гемостатикалық препараттарды дайындау:
- 10 % кальций хлориді, 1 % викасол, дицинон 12,5 %, аминокапрон қышқылы 5 %.
- 4.Дәрігердің нұсқауымен гемостатикалық препараттарды енгізу.
- 5.Пациенттің туыстарымен оған күтім жасау туралы
- әңгімелесу.
| - 30 минуттан соң пациенттің бел тұсындағы ауырсыну басылады.
| - 1. Дәрігерді шақыру
- 2. Пациентті жылы құрғақ төсекпен қамтамасыз ету.
- 3. Бөлмеде 22 – 23 º С температура орнату.
- 4. пациентті жылы ваннаға отырғызу (егер мүмкіндік болмаса бел тұсына не ішіне жылытқыш қою).
- 5. Бұлшықетке 2 – 4 мл 50% анальгин немесе 1 мл 0,2 % платифиллин ерітіндісін егу (но – шпа, папаверин).
- 6. Егер ауырғандық басылмаса дәрігердің нұсқауымен 1мл 1% промедол ерітіндісін 10 мл 0,9 % натрий хлоридіне қосып көк тамырдан егеміз.
- 7. Көп сұйықтық ішуін қадағалау.
| - Мейірбикелік іс – шаралардың мақсаттары
| - Мейірбикелік іс – шаралар жоспары
| - Белгілі бір уақыттан соң пациенттің ісігі азаяды.
| - 1.пациенттің тәулігіне 1 л дейін сұйықтықты пен 6 – 10 г дейін тұзды шектеуін қамтамасыз ету.
- 2.Тері арқылы ылғалдың шығуы үшін бөлме температурасының жоғары болғанын қадағалау.
- 3.Егер несеп тасқа байланысты жүрмей қалса, қуыққа катетр салу.
- 4.Дәрігердің барлық нұсқауын орындау.
- 5.Туыстарына қандай тағам алып келуге болатынын түсіндіру.
| - Белгілі бір күннен кейін пациентте қызба мен қалтырау болмайды.
| - 1.Пациентті төсекке ыңғайлы етіп жатқызу.
- 2.Көрпемен жылы орау, қалтыраған кезде белге, аяққа жылытқыш қою.
- 3.Қызба кезінде пациентке көп сұйықтық ішкізу (шырын, компот, шәй).
- 4.Қызбада пациенттің басына мұзды мұйық іліп қою.
- 5.Диета құрамынан ащы, тұзды тағамдарды, ішімдікті шектеу.
- 6.Дәрігердің нұсқауы бойынша берілген антибактериальды препараттарды уақытылы орындау.
| - Ауруханадан шыққан соң пациент үйде симптомдардың қайта өршуіне қауіптілікті сезбейді
- Пациентті ісік, жүрек айну кезіндегі өзін - өзі күту, диета сақтау ережелеріне үйрету.
- Туыстарымен келесі тақырыпта әңгіме жүргізу:
- бөлме температурасы 20 ºС төмен болмау керек.
- Төсек – орын құрғақ болу керек.
- Диеталық тағамдарды дайындау ережелері.
- 3.Бүйрек ауруларының профилактикасы жайында қажетті әдебиет қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |