Зертханалық жұмыс №2. Өрескел қателіктері болған жағдайда саны көп бақылаулары бар тура өлшеулер нәтижелерін өңдеу
Мамандығы:
Орындаған:
Группа:
Тізім бойынша:
Тексерген:
______________________«_______»____________2022 жыл
(бағасы) (қолы)
Алматы 2022
Зертханалық жұмыс №2. Өрескел қателіктері болған жағдайда саны көп бақылаулары бар тура өлшеулер нәтижелерін өңдеу
Жұмыс мақсаты: өрескел қателіктер (мүлттер, шығарылулар) болған жағдайда саны көп бақылаулары бар тура өлшеулерді орындаудың әдістемесімен танысу. Осындай жағдайлардағы бақылау нәтижелерін өңдеудің және өлшеу нәтижелерінің қателіктерін бағалаудың дағдыларын алу.
Келесідей тапсырмаларды орындаңыз:
виртуалды зертханалық жұмыстың экранында көрсетілген екі әртүрлі өлшеу құралдарының құрылымдық сұлбалары мен техникалық сипатамаларын оқыңыз;
аталған өлшеу құралдарымен берілген кірудегі шаманы өлшеуге имитациялық тәжірибелерді өткізіңіз;
имитациялық тәжірибелердің нәтижелерін статистикалық өңдеңіз;
- аталған өлшеу құралдарының қателіктерінің таралу заңдарын бағалыңыз;
асимметрия және эксцесс коэффициенттері көмегімен бақылаулар нәтижелерінің қалыпты таралу заңына сәйкестігі туралы гипотезасын тексеріңіз;
n бақылау функциясы деп аталатын статистикасымен және «үш сигма» ережесі көмегімен күдікті X i бақылау нәтижесінің өрескел қателігі болмайтыны туралы гипотезаны тексеріңіз.
Зертханалық жұмысты орындауға оқытушыдан нұсқа нөмірін алып, жүйеде тіркеліңіз:
Metlab.exe файлын қосыңыз, бас мәзірден орындалатын зерханалық жұмыстың нөмірін таңдаңыз: студенттің тіркелу терезесі пайда болады (1.1 сурет);
өзіңіздің аты жөніңізді, топ нөмірін енгізіңіз;
зертханалық жұмыстың берілген нұсқасын енгізіңіз;
2.1 сурет –Студентті тіркеу терезесі
Достарыңызбен бөлісу: |