Зерттеу пәнінің актуалдығы



бет1/4
Дата01.07.2016
өлшемі1 Mb.
#170596
  1   2   3   4
КІРІСПЕ
Бүгінде Республикамызда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру біздің саяси бағытымыздың өзекті тұғырнамасына айналып, бұл орайда оны қайта құрудың әлемдік үлгілері мен үрдістерін саралау мен сараптау жұмыстары дәйектілікпен жүргізіліп отырғаны да тегін емес.

Көптеген дамушы елдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, жергілікті өзін-өзі басқарудың тұғырнамасын іске асыру кез келген құқықтық мемлекеттегі демократиялық режимнің қажетті құрылымы болып табылады. Өзінің институттарымен жергілікті өмірдің демократиялық ұйымының дерлік барлық жағын қамти отырып, жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік биліктің көптеген қызметтерін орталықсыздандырудың ұтымды әдістерімен жергілікті өмірдің бүкіл мәселелері бойынша шешімдер қабылдауды аумақтық қоғамдастықтарға көшіруге мүмкіндік береді, осы арқылы азаматтардың белсенділігін көтермелейді және осы сияқты шешімдерге олардың нақты қатыстылығын қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта Қазақстан жегілікті өзін-өзі басқару жүйесін құру сатысына қадам басты, сондықтан шетелдік тәжірибелерді талдау мен жинақтауға және солардың негізінде өз еліміздің жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Мынаны атап өту қажет: жегілікті өзін-өзі басқарудың үлгілері арасындағы өзгешелік біртіндеп жойылып келеді, дәстүрлі үлгілерден ауысатын таңдаулы үлгілер мен өздерінің жаңалықтарын енгізетін әралуан жүйелер пайда болуда.

Қазақстанның да өз ерекшеліктері бар, оларды жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жүзеге асыру кезінде ескеру қажет.



Зерттеу пәнінің актуалдығы. Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформалардың басым бағыттарының бірі мемлекеттік басқаруды орталықсыздандырылу және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттік басқарудың орталықсыздандырылуы мен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дамуымен барлық экономикалық жүйенің қызмет етуі, елдің экономикалық жағдайы байланысты. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсүлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жыл сайынғы «Қазақстан-2030» жолдауында: «Министерства ішіндегі орталықсыздандыру, орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жеке секторларға орталықсыздандыру» қажеттігі жайында атап өткен. [2]

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жылдары орын алған мемлекеттік басқаруды айрықша орталықсыздандыру өз міндетін атқарды деуге болады. Бірақ экономикалық тұрақтылыққа жетуге байланысты қазіргі кезде мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері белсенді қарастырылуда.

Республика кең аумаққа ие, осыған байланысты ел аймақтары әртүрлі экономикалық потенциалға ие, бұл олардағы табиғи байлықтардың орналасуымен, климат жағдайымен, тағы басқа да жағдайларға байланысты. Сонымен қатар, аймақтардың демографиялық, этикалық және тарихи ерекшеліктері бойынша бөлінеді. Жоғарыда аталған мемлекеттік факторларды ескере отырып, орталықтандырылған стандарттар арқылы әсер ету механизмімен басқарыла отырып, барлық аймақтардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды. Мемлекеттік басқару деңгейлерінің арасындағы өкілеттілікті бөліп көрсету қажеттілігі осыған байланысты.

Бүгінгі күні жүргізіліп отырған мемлекеттік жергілікті басқару ауыл деңгейіндегі, әкімдер институты – жеткілікті тиімді емес, себебі олар жоғары тұрған әкімдер мен үкіметке тәуелділігі жоғары. Берілген басқару органдары дербес бюджетке ие емес, сондықтан экономикалық дербестікке ие болып табылмайды. Олардың басқарушыларын тағайындау жүйесі әкімдерінің «уақытшалық» психологиясын қалыптастырды, осыған байланысты олардың қызметтері негізінен экономикалық мақсаттылық пен халық қажеттіліктерін қанағаттандыру емес, жоғарғы тұрған органдардың тапсырмаларын орындауға бағытталған. Бұндай жағдайдан шығудың бір жолы болып жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу болып табылады.

Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесіне деген жаңа талаптар мемлекеттің басқару жағдайын зерттеу және сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесінің, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің ғылыми негізделген моделін жасау қажеттілігімен байланысты.

Мемлекеттік басқару жүйесінің дамуы және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бірқатар ТМД елдерінің ғалымдарының еңбектерінде көрініс тапқан. Атап өтсек, А.С.Автономов, Г.Алимурзаев, Е.Г.Анимица, И.А.Василенко, Т.Г.Морозова, А.Н.Швецов, т.б.

Сонымен қатар, мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері Қазақстандық ғалым-экономистердің де зерттеу обьектілеріне айналған. Олардың қатарына Я.А.Аубакиров, Ш.С.Ахметова, У.Б.Баймураторв, М.Б.Кенжегузин, К.Е.Кубаев, Н.К.Мамыров, К.С.Мухтарова, К.К.Шарипбаев және тағы басқаларын атап өтуге болады.

Мақсаты және міндеттері. Бітіру жұмысының негізгі мақсаты болып Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дамуы және мемлекеттік басқаруды орталықсыздандырудың ғылыми-практиалық және теориялық-методологиялық аспектілерін зерттеу болып табылады.

Белгіленген мақсатқа байланысты келесідей міндеттер қойылды:



  • қазіргі жағдайдағы мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару орыны және мұндағы пайда болып отырған мәселелер

  • мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізіу

  • Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің тенденциялары мен перспективаларын анықтау

  • мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиімді қарым-қатынасы әдістерін анықтау болып табылады.

I ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ



    1. Жергілікті басқарудың теориялық негіздері: түсінігі және мәні

Біздің қоғамымыздағы экономикалық реформалардың қазіргі құраушы бөлігі болып жергілікті өзін-өзі басқару сферасы табылады.

Экономикалық тұрғыдан қарастырғанда, жергілікті өзін-өзі басқару сферасындағы қайта құрулар ең алдымен, демократия принциптеріне сәйкес келетін, әлемде территориалды қоғамдастықтарды дамытудың бірден-бір жолы ретінде мойындалған, адамдардың жақсы өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін тиімді аймақтық экономика құру қажеттілігіне бағытталған.

Жергілікті басқару – жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мемлекеттік істердің маңызды бөліктерін регламенттеу мүмкіндігі және олардың заң шегінде өз жауапкершілігі мен халық мүддесі үшін басқару.

Өзін-өзі басқару – бұл қандай да бірқоғамдық ұйымның автономдық қызмет етуі, бұл берілген ұйымның мүшелері қабылдаған нормлары мен шешімдерімен қамтамасыз етіледі.

Жергілікті өзін-өзі басқару мемлекетте 3 негізгі мақсатты орындау үшін қызмет етеді: мемлекеттік басқаруда орталықсыздандыруды қамтамасыз ету; жергілікті мәнге ие мәселелерді шешудегі демократиялық бағдарларын дамыту және жергілікті істерді жүргізуде тиімділігін жоғарылату. Осыған сәйкес жергілікті басқаруды елдің конституциялық құрылымының негізі, халықтың жергілікті мәнге ие сұрақтарды шешуге қатысу хұқы және халық билігінің формасы деп анықтауға болады.

Жоғарыда айтқандарды ескере отырып, жергілікті өзін-өзі басқару – бұл азаматтардың жергілікті мәнге ие мәселелерді шешу үшін өздігінен территориалдық ұйымдасуы және бұл жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігі мен тәуелсіздігі, қоғамның пікірінің жариялылық пен есептілігі, заңдылығы, жергілікті және мемлекеттік мүдделер сәйкестігі негізінде жүзеге асырылады.

Жергілікті өзін-өзі басқару – жергілікті істерді сол ортада тұратын адамдардың өздерінің шешу құқығы. Бұл конституциялық құрылымның негізгі бөлігінің бірі болып табылады.

Жергілікті өзін-өзі басқару теориясына келетін болсақ, бұл мәселеге ең алғаш назар аударғандардың бірі француздық мемлекеттік қызметкер, тарихшы және литератор А.Токвиль болды. Өзінің «Америкадағы Демократия» деген еңбегінде ол: «Қоғамдық институттардың тәуелсіздікті қалыптастыру үшін ойнайтын ролі ғылым үшін мектептің болуы сияқты роль ойнайды. Олар халықтың тәуелсіздікке деген жолын ашады және осы дербестікті пайдалануға үйретеді. Қоғамдық институттарсыз ұлт еркін үкімет құруы мүмкін, бірақ та нақты еркіндіктің рухын сезіне алмайды» деп жазған болатын.[8]

Жергілікті өзін-өзі басқару теорияларын қалыптастыруға герман заң мектебі үлкен үлес қосты. Алғашында неміс ғалымдары жергілікті, қоғамдық жергілікті өзін-өзі басқару мәні мен табиғатын негіздей отырып, еркін қауымдастық теориясын (қауымдастықтың табиғи құқықтары теориясы) алға шығарылды, оның негізін француз және бельгиялық құқықтан алған болатын.

Бұл теория көрсеткендей, қауымдастықтың өз істерімен шұғылдану құқығы адамның еркіндік хұқы сияқты табиғи сипатқа ие, немесе, қауымдастық мемлекеттен бұрын пайда болды және мемлекет қауымдық басқару еркіндігін сыйлауы керек.

Еркін қауымдастық теориясы жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдастырылуының келесідей негізін құраушы бастауларын алға шығарады:



  • жергілікті өзін-өзі басқару органдарын қоғам мүшелерінің сайлауы

  • қауымдастықпен жүргізілетін істердің өзіндік жұмыстар және мемлекетпен берілген істерге бөлінуі

  • жергілікті өзін-өзі басқару – қауымдастықтың өз табиғаты бойынша мемлекеттік істерден ерекшеленетін өз істерін басқару

  • жергілікті өзін-өзі басқару органдары – мемлекеттік емес, қауым органдары

  • мемлекеттік органдар қауымдастықтың жеке концепциясына араласуға құқы жоқ. Олар тек қауымдастықтың өз компетенциясына шегінен шығып кетпеуін қадағалауы керек.

Бұдан соң, еркін қоғамдық теориясының орнына өзін-өзі басқарудың қоғамдық теориясы келді. Ол да алдыңғы теориялар сияқты мемлекет пен қоғамдастықты қарама-қарсы қоюдан пайда болды және жергілікті қоғамдастықтардың өз мүдделерін жүзеге асыруда еркіндікті мойындау қағидасынан шығады. Өзін-өзі басқару, бұл теорияға сәйкес, жергілікті шаруашылық істерін жүргізу.

Постсоветтік кеңістіктегі жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың советтік басқару кезіндегі ұйымдастырылуын реттеуді қарастырсақ.

Жергілікті өзін-өзі басқаруда орталықсыздандырылған биліктердің болуын негіздейтін жергілікті өзін-өзі басқару идеясы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тәуелсіздігі мен дербестігін қарастыруды мемлекеттің пролетариат диктатурасының тәжірибелік міндеттеріне сай келмеуі, себебі ол табиғаты бойынша орталықтандырылған мемлекет болып табылады.

Жергілікті жерлерде билікті ұйымдастыру негізіне мемлекеттік билік органдарының Кеңестік жүйедегі бүтіндік принципі қойылды. Жергілікті кеңестер және олардың атқарушы комитеті мемлекеттік биліктің және басқарудың жергілікті органдары ретінде қызмет атқарды және біртұтас орталықтандырылған мемлекеттік аппараттың құрылымдық бірлігі болып табылады.

СССР-ң 1936 ж. Конституциясын қабылдаған соң, өкілетті звеноның одақтың республикалық жүйелері жалпы, тең және тікелей құпия сайлау арқылы тағайындалды. Мемлекеттік жергілікті органдардың бәрі де Кеңес деп өзгертілді.

Кеңестік мемлекеттік құқық теориясы жергілікті Кеңестердің құқықтарын өз қызметінде шешім қабылдау, олардың орындалуын және өмірде жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін жаңа типтегі өкілетті органдар ретінде қарастырды. Жергілікті кеңестер ең көп санды мемлекеттік билік органдары болып табылды. Олардың саны 50 000-нан асты.

Жергілікті кеңестер жеке өздерінің атқарушы аппараттарына ие болды, ол Кеңес депутаттарынан құрылды және солардың басшылығымен жұмыс істеді. Бірақ Кеңестер «жұмыс істеуші корпарациялар» сапасына ие болмады, себебі нақты билік партия органдарының қолында болған еді.

А.Черботаев өзінің «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі қалыптастыру проблемалары» деген еңбегінде тәуелсіз Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуына саяси талдау жасайды: «Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару институттарының дамуы СССР өмір сүрген кезден бастау алған. 1991 жылы 15 ақпанда «ҚР халық депутаттарының жергілікті Кеңестерді және жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң қабылданған. Осы заңға сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару ауыл, село, поселок, қала және аудандық деңгейде халық билігі түрінде жүзеге асырылды. Айта кететіні, ол кез үшін бұл жайт жергілікті өзін-өзі басқарудың демократиялық және жеткілікті дамытылған жүйесі болды. Бірақ оның бірқатар кемшіліктері болды.» Мұнда қоғамдық-территориалды өзін-өзі басқару институты белгілі дәрежедегі дамуға ие болған жоқ. Бұл негізінен қызмет ету үшін қаржылық-эконмикалық негізінің жоқтығымен байланысты болды, себебі қоғамдық меншікті басқару әкімшілік басшыларымен жүзеге асырылды.

Жергілікті қоғамдастықтардың өкілетті органдары – мәслихаттар - өзіндік материалды-қаржылық қаражаттарға ие болмады және әкімдердің олардың алдында нақты есептілігін қамтамасыз етуге қабілетсіз болды.

1996 жылы жеке үйлер мен үй топтарының деңгейінде пәтер иелерінің кооперативтері құрылды және жұмыс істей бастады. Олар тек қалаларда ғана дамыды және кейбір жағдайларда олардың қызметін тиімді деуге болады.

Қазіргі кезде республикадағы өзін-өзі басқаруды құру қажеттілігі мемлекеттің заңдық қызметінде көрініс тапқан. Заңның қабылдануы ең алдымен аймақтық экономиканың қалыптасуына бағытталған. 1998 жылы 8 қазанда ҚР Конституциясына толықтырулар мен өзгерістердің енгізілуі жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуын қамтамасыз етудегі келесі этап болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобасында келесідей анықтамалар беріледі.

Жергілікті өзін-өзі басқару – халықтың өздігінен ұйымдасу жүйесі (ауылдық және қалалық қоғамдастықтар), ол коммуналды меншік, өзіндік қаржы ресурстары және жергілікті өзін-өзі басқарудың сайлау органдары негізінде жергілікті мәні бар сұрақтарды өздері және өз жауапкершіліктерімен шешетін халық топтары тұрып жатқан территорияларды қамтиды.

Жергілікті мәні бар сұрақтар – халықтың осы заңмен көрсетілгендей, ауылдық және қалалық жергілікті қоғамдастықтардағы өмір сүруін қамтамасыз ету жайындағы сұрақтар.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдары – осы заңмен, мемлекеттік органдармен жергілікті мәні бар сұрақтарды шешуге өкілеттілік беретін жергілікті өзін-өзі басқарудың сайлау өкілдіктері немесе атқарушы органдар.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілетті органдары – қалалық және ауылдық қоғамдастықтардың территорияларында әсер ететін, заңдық күші бар, тікелей таңдау жолымен сайланған және халықтың мүддесін қорғайтын және оның атынан шешім қабылдайтын жергілікті өзін-өзі басқарудың сайлау органы.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың атқарушы органы – жергілікті өзін-өзі басқарудың сайлау органдары делегирлеу шегінде және шарттар мен жергілікті қоғамдастық территориясында басқару қызметтерін жүзеге асыратын жергілікті өзін-өзі басқару органы немесе лауазымдық тұлға.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешімі – халық топтары өмір сүріп жатқан территорияда әсер ететін жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілі және орындаушы органның және халық билігінің басқа да формаларының актілері.

Жергілікті басқарудың лауазымдық тұлғасы – жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдастырушылық қызметтерін орындаушы, таңдап алынған немесе еңбек контракті бойынша жұмыс істеуші тұлға.

Қазақстан Республикасы азаматтары ауылдық және қалалық қоғамдасытқтарда келесі жолдармен жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру құқықтары бар:

- жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлау арқылы

- халыққа сұрау жүргізу арқылы бастаманы жүзеге асыру

- халықтың құқықтық бастамащылықты жүзеге асыру арқылы

- осы территорияларда тұрып жатқан сайлаушыларды жазалау шараларын құрастыру және орындауға қатысу арқылы. [5]

Жергілікті өзін-өзі басқару органдары жергілікті өзін-өзі басқару обьектілерін пайдалану, иелену, билік еті құқына ие болады. ҚР Заңдары жергілікті өзін-өзі басқаруға кепілдендірілген құқықтырына, дербестіктеріне шектеу қоя алмайды. Осыған байланысты халықаралық келісімдер Қазақстан Республикасымен ратификацияланған, оның заңдары алдында артықшылықтарға ие және сөзсіз қолданылады.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын атап өтер болсақ, ауылдық өзін-өзі басқару органдарына келсілер жатады: өкілетті орган - өзін-өзі басқарудың ауылдық кеңесі; атқарушы орган – ауылдық өзін-өзі басқаруды жүргізушія, территориалды өзін-өзі басқару органдары – жергілікті өзін-өзі басқарудың көщелік, кварталдық, үйлік комитеттері; жергілікті өзін-өзі басқару сұрақтарын шешуге өзін-өзі басқару мүшелерінің жиындары, жергілікті халыққа сұрау жүргізу арқылы және басқа да түрлері арқылы қатысуы.

Ал қалалық өзін-өзі басқару органдарына келсілер жатады: өкілетті орган – қалалық өзін-өзі басқару кеңесі; өкілетті орган – аудандық өзін-өзі басқару кеңесі; қалалық өзін-өзі басқарудың атқарушы органы – қала мэрі; аудандық өзін-өзі басқарудың атқарушы органы – аудан мэрі; территориалды өзін-өзі басқару органы – көще, кварталдық, үйлік жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау және олардың лауазымдық тұлғаларын сайлау жалпы қоғамдық тең жағдайда және тікелей сайлау құқы негізінде жергілікті халық қоғамдастығының құпия дауыс беруі арқылы жүзеге асырылады. Оның мүшелерін сайлау тәртібі ҚР «Сайлау туралы» заңымен, жергілікті өзін-өзі басқару қаулысымен анықталады.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілеттіліктірінің жойылуының негіздеріне келер болсақ, олардың өкілеттіліктері келесі жағдайда тоқтатылады, яғни халықтың сұрауы бойынша, егер сайлауға онда тұрып жатқан қоғамдастықтың территориясындағы халықтың жартысынан азы қатысса; соттың жергілікті өкілетті органының іс-әрекетінің ҚР Заңдары мен Қаулыларына сәйкес еместігі жөніндегі шешіміне байланысты әкімшіліктің немесе мәслихаттың шешімдері арқылы тоқтатылуы мүмкін.


    1. Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті басқару негіздері

Даму диалектикасы көрсетіп отырғандай, рыноктық қарым-қатынастар жүйесіндегі әлеуметтік-экономикалық жүйе өзінің кез-келген түрінде, оның ішінде аймақтық басқару түрінде де орталықтандыру мен орталықсыздандырудың рационалды бірлігіне негізделеді. Мұндай қарама-қарсы әлеуметтік-экономикалық басқару жүйесі динамикалық, стратегиялық жоспарланған және өздігінен реттелетін жүйе асты мен элементтерден тұратын ұйым түрлеріне негізделген.

Орталықтандыру мен дербестік байланысы диалектикалық сипатқа ие, ол басқарудың орталықтандыру және орталықсыздандыру арақатынасындағы мәселелердің шешілу мүмкіндігін анықтайды.

Қазақстан Республикасының жеке территорияларының әлеуметтік-экономикалық дамуының біртексіздігі, оның экономикасының күрделі аймақтық құрылымы және жүргізіліп жатқан макроэкономикалық саясаттың табыстылығы оның жергілікті деңгейде іске асырылуына байланыстылығы республикадағы мемлекеттік басқарудың орталықсыздандырылуының қажеттілігін көрсетеді. Оның даму мүмкіндігі макроэкономикалық тұрақтылық пен рыноктық қатынастардың қалыптасуындағы жетістіктерге байланысты. Бұл процесс тек Қазақстанда ғана емес, басқа да ТМД елдерінде, сонымен қатар Орталық және Шығыс Европа елдерінде жүргізіліп жатқан экономикалық, әлеуметтік, институционалдық және қоғамдық қайта құрулардың құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Бірақ есте ұстайтын жайт, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру өте күрделі және сондықтан ұзаққа созылатын перманетті процесс, уақыты дәл бақыланып қойылмайды. Оның жүзеге асырылуы белгілі бір шарттардың болуын, тек қана экономикалық емес, сонымен қатар құқықтық, мәдени, саяси, мақсатты және терең негізделген аймақтық және саясат жүргізілуінің алғышарттары болуын қажет етеді. Мемлекеттік басқаруда оны орталықсыздандырудың ойластырылмаған қадамдары егер оның жалпы концепциясы ғылыми негізделмесе күтілген нәтиже бермейді және басқарудың жерлердегі тиімділігін жоғарылату жағдайын қамтамасыз етпейді.

Мемлекеттік басқарудың орталықсыздандырылған жүйесінің қалыптасуы жинақталған әлемдік тәжірибенің зерттелуін және әлемдік тәжірибеде қарастырылатын модельдер мен концепциялардың ел экономикасын басқаруды орталықсыздандыруды тереңірек зерттеуді талап етеді.

Басқарудың орталықсыздандырылуының әлемдік тәжірибесін зерттеу маңыздылығы бұл мәселені шешудің варианттарының көптүрлілігімен анықталады және ол келесідей негізгі факторларға негізделеді: әрбір елдің территориялдық-географиялық және демографиялық спецификасы, әкімшілік аудандардың ерекшеліктері, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, өндірістік күштерді территориалдық орналастыру ерекшеліктері, қазіргі басқарудың жүйесі және бұл жүйе деңгейлері арасындағы қарым-қатынас, елдің саяси құрылымы, қоғамның демократияландырылуының деңгейі, негізделген макроэкономикалық және аймақтық саясаттың және дамудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттерінің болуы, мәдени және ұлттық мәдениет және тағы басқалар.

Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру жүйелеріндегі елдер бойынша айырмашылығы тек оның құрылымы мен дамуының модельдерінің көптүрлілігі мен ғана көрініс таппайды, сонымен бірге бұл процестің өту этапы, мерзімі, жағдайымен көрінеді. Бұл жерде әсіресе бұрынғы тәуелсіз штаттар, контондар, мысалы АҚШ-тағы немесе Швейцариядағы конфедерациялар нәтижесінде пайда болған басқару жүйелері және орталықтандырылған жүйелердің ішінде пайда болған жүйелер айрықша ерекшеленеді. Дамушы елдер үшін, соның ішінде бұрынғы постсоветтік елдер үшін қазіргі кездерге дейін басқарудағы негізгі ерекшеліктері болып мықты орталық билікті құру болды, себебі бұл елдердің ең басты мақсаты тәуелсіздіктерін алғаннан кейін елдің бірлігін және саяси бүтіндігін сақтау, рыноктық және демократиялық өзгерістердің барлығын орталықтан басқару моделі келесі себептер бойынша тиімсіздігін көрсетті:



  • мемлекеттік, аймақтық және жергілікті мүдделердің тепе-теңдігіне қол жеткізілмейді

  • жергілікті ресурстарды тиімді және рационалды пайдалануды қамтамасыз ету қиын немесе мүлде мүмкін емес

  • мемлекеттік басқарудың орталық органдары жергілікті деңгейде қызметтердің шектелген көлемімен қамтамасыз етуге қабілетті немесе жергілікті спецификаны ескермей төмен сапалы тауарлар ұсынуға ған қабілетті болады

  • жергілікті органдардың билігі дербес және қаржылай қамтамасыз етілмегендігі кәсіпкерлікті дамыту үшін экономикалық және институционалдық жағдайларды жасау мүмкіндігінен айырады.

Басқарудың орталықтандырылған моделінен орталықсыздандырылуына өтуі жүйелі және этап бойынша ғана жүргізілуі мүмкін. Мұнда әрбір даму этапында елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси укладының нақты жағдайына байланысты әртүрлі міндеттер жүзеге асады. Осыған да байланысты басқарудың бұрынғы және жалғасушы орталықсыздандырылуы тәжірибесі бар елдердің мысалдары қызықты болып табылады.

Экономика мен қоғам басқаруының локальді шешімінің көпғасырлы дәстүріне ие елдердің бірі Швеция. Мұнда XIXғ. өзінде-ақ (1862 жыл) жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң қабылданып, муниципалды реформалар жүргізілген болатын. Аймақтық деңгейде ластингтер институты, ал жергілікті деңгейде көптеген заңды құқыққа ие комунналар институты енгізілді. Бұл инситтуттар өткен уақыттар аралығында бірқатар өзгерістерге ұшыраған, нәтижесінде жергілікті басқаруға мемлекеттік саяси жүйе статусы берілді. Қазіргі кезде Швецияда 4 типті 289 комунна бар. Мемлекет пен комунналар арасындағы қызметтердің бөлінуі де уақыт өткен сайын өзгереді. Мысалы, мемлекеттік жергілікті басқару ведомстваларына ақырындап полиция, жол шаруашылығы, жұмыспен қамтамасыз ету берілді. Басқа жағынан, комунналар компетенциясына мектептік білім беру, оқытушыларды жалдау қызметтері берілді. Егер алғашқы уақытта ластингтердің негізгі міндеті – денсаулық сақтауды ұйымдастыру болса, соңғы уақыттарда олардың жауапкершілік сферасына аймақтық даму жоспарын дайындау, транспорттық жоспарлау, мемлекеттік субсидияларды аймақ мәселелері арасында бөлу қызметтері қосылды.

Швециядағы ластингтер мен комунналар қызметі мемлекеттік заң және басқа да нормативті актілермен реттеледі. Айта кететіні, соңғы XXғ. Жылдарында комунналар қызметіндегі мемлекет тарапынан артық шектеулерді жою мне бұларды реттейтін ережелер қысқартылды. Бұған 1991 жылы қабылданған заң да өз әсерін тигізді, оған сәйкес комунналар мен ластингтер жергілікті ұйымдастыру бойынша үлкен еркіндікке ие болды. Нәтижесінде Швециядағы жергілікті өзін-өзі басқару әртүрлілігімен және әр жақтылығымен сипатталады.

Комунна мен ластингтер ұйымдастырудың негізгі модельдері: секторлық, территориялық және функционалды. Мұнда ең көп таралған түрі секторлық модель болып табылады, онда комунна комитеттер негізінде ұйымдасады, ал олардың әрқайсысы белгілі қызметтер сферасымен айналысады. Территориалды ұйымдастыруда комуннаның территориалды аудандарына жауап беретін аудандық комитеттер болып табылады. Бірақ, соңғы жылдары мұндай ұйымдастыру қағидасы көп қолданылмайды, ол тек 20 комуннада ғана әрекет етеді. Себебі экономикалық шығындар мен ресурстарды рационалды пайдалану бойынша мардымсыз эффектімен түсіндіріледі.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың функционалдық моделі соңғы жылдары кең таралуда. Мұнда «тапсырыс беруші-мердігер» қағидасына негізделеді. Бұндай басқаруда тұрақты комитеттер, оның нәтижесінде басқару штаты көлемі қысқарды және орындаушылардың тиімді орналасуы мен өкілеттіліктерінің рационалды бөлінуі орын алады.

Осылайша, басқаруды орталықсыздандырудың шведтік моделі айтарлықтай дамыған, тиімді ұйымдастырылған басқарудың қалыптасқандығын көрсетеді.

Орталықсыздандырудың Филиппиндегі процесінің тарихы тереңде жатыр, бірақ өз дамуына ол жергілікті өзін-өзі басқару туралы Кодекс пен жаңа Конституция қабылдағаннан кейін ие болды. Бұл процестердің одан әрі белсенді бола түсуі үшін 1990 жылы елде арнайы стратегия қабылданды. Ол келесілерді мақсат етіп қойды:


  • орталықсыздандырудың заңдық негізін жетілдіру

  • жергілікті өзін-өзі басқару Кодексін пилотты негізде 14 провинцияда іске асыру

  • жергілікті басқару органдарының мүмкіндіктерін дамыту

  • трансферт-гранттар түріндегі ынталандырушы жүйелерді енгізу, т.б.

Осы стратегияға байланысты провинция, муниципалитеттер, барангайлық басқару органдарына бұрын орталықпен орындалатын міндеттер – денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, қоршаған ортаны қорғау қызметтері берілді. Осы жерде жергілікті салық көлемі 11-ден 40 пайызға дейін өсті, ал жергілікті билік органдары салық салу көлемі бойынша көп өкілеттіліктерге ие болды.

Ал өтпелі экономикалы елдерде орталықсыздандыру процесі әртүрлі өтіп отыр және мұнда түрлі теориялардың дамуын қаржылық және әлеуметтік қамтамасыз ету механизмі толықтай жасалған деп айтуға келмейді. Кнежегу

Қазақстандағы тәуелсізідіктің алғашқы он жылығында экономикалық дамудың рыноктық жолы және қоғамдағы демократияландыруды қалыптастыру бойынша реформалар жүргізілді. Қазақстан Республикасының егемендігінің алғашқы жылдарында мемлекеттілікті нығайтуға, халықаралық аренада позицияларды анықтау және әлеуметтік-экономикалық сферада реформалар жүргізуге басым көңіл бөлінген болатын. Қазіргі жағдайда, егемендіктің жалпыұлттық негіздері негізінен қалыптасты және ондағы приоритетті мәселелердің бірі болып жергілікті және мемлекеттік, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін реформалау, яғни мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру табылады.

Мемлекеттік орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзі басқару сұрақтарын қарастырмас бұрын мемлекеттік басқарудың түсінігі, оның қағидалары мен әдістеріне тоқталып өтуге болады.

Қазіргі кездегі экономикада рыноктық еркіндік, бәсекелестік пен демократиялық тәртіптің болуымен қатар, мемлекеттік әсерге де маңызды орын беріледі. Бұған байланысты мемлекеттік басқару рыноктық механизмнің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек, одан өзге әлеуметтік, экологиялық және таза рыноктық механизмдерді қолдану тиімсіз салаларды реттеу мен елдің мемлекеттілігі мен әлемдік масштабтағы позицияларын нығайтуды қамтамасыз етуі қажет.

Мемлекеттік басқару – мемлекеттің оның органдар жүйесі және ондағы лауазымды тұлғалар арқылы қоғамдық процестерге, адамдардың санасы мен мінез-құлқына, іс-әрекетіне ұйымдастырушылық реттеушілік әсер ету болып табылады.

Мемлекеттік басқару саласындағы атақты маман Г.В.Атаманчук бұған келесідей анықтама береді: «Мемлекеттік басқару – бұл мемлекеттік билік күшіне сүйене отырып, оның тәртіпке келтіру, сақтау және өзгерту мақсатындағы және реттеуші әсер етуі».

Бұл анықтама мемлекеттік басқарудың 3 құрамдас бөлігін қамтиды:

- өзінің жүзеге асыруында ол билікке – мәжбүрлеуге қабілетті қоғамның ұйымдастырылушылық күшіне сүйенеді

- өз әсерін барлық қоғамға таратады, оның негізгі «тізбектік» процестерін, құбылыстарын, байланыстарын басқаруды реттейді

- жүйелік әсер етеді, себебі екі күрделі құрылымның – мемлекетті басқару аппараты мен қоғамның жалпы публикалық (бәрі үшін маңызды) көріністе қызмет етуін біріктіреді.

Қазіргі кездегі мамандардың ойынша, мемлекеттік басқару және мемлекеттік-әкімшілік биліктің 3 сферасымен: заң шығарушылық, атқарушылық және соттық сфераларымен байланысты.

Келтірілген анықтамаларда мемлекеттік басқару жүйесіндегі жергілікті өзін-өзі басқарудың ролі туралы айтылмайды. Осыған байланысты мемлекеттік биліктің келсідей дефинициясын ұсынуға болады: мемлекеттік басқару шаруашылық субъектілеріне жергілікті басқару, өз кезгінде жергілікті өзін-өзі басқару деңгейінде билік күштерін қоса алғандағы қоғамның әртүрлі әлеуметтік-экономикалық сфераларындағы басқару, реттеу және қадағалау қызметтерін жүзеге асыруды білдіреді.

Мемлекеттік басқарудың жүйесі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық процестерді мемлекеттік басқарудың ұйымдастырылуын зерттейтін ғылыми дисциплинаны құрайды.

Тәжірибе жүзінде мемлекеттік басқару мемлекеттік органдардың мемлекет саясатын жүзеге асыруында және оның мүдделерін қамтамасыз етуінен көрініс табады. Мұнда ұйымдастырушылық, жоспарлау, бағдарлау, талдау, бақылау және тағы басқа қызметтер орындалады және ынталандыру, мәжбүрлеу, жазалау сияқты әдістер қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет