1
Дәріс 7-8 Оқытушының деонтологиялық даярлығының құрылымдық
сипаттамасы
Оқытушының деонтологиялық даярлығының құрылымы төмендегідей негізгі
компоненттерден тұрады: жеке тұлғалық, ақпараттық-теориялық, іс-әрекеттік.
Оқытушының деонтологиялық даярлығының жеке тұлғалық компоненті.
С. А. Рубинштейн «тұлға тұтастығы дегеніміз – оның құрылымының бірлігі
және тұтастықтың негізі болатын жүйелi қасиеттері»,– деп санаған.
Педагог тұлғасының құрылымында бұл рөлді кәсіби педагогикалық бағдарлық
атқарады. Сондықтан кәсіби-педагогикалық бағыттылық пен жалпы және
педагогикалық қабілеттер «жеке тұлғалық компонентінің» құрылымдық бөліктері
болып алынды.
Кәсіби-құндылық бағдарда бекітілген ұстаздың педагогикалық қызметке деген
көзқарас жүйесі – кәсіби-педагогикалық бағыттылығының негізі болып табылады.
Тұлға сапасы – даратүрдің (индивид) мінез-құлқында, жүріс-тұрысында
әртүрлі жағдаяттарда ұзақ уақыт бойы қалыптасып, іс-әрекетте білінетін сипат.
Мұғалім тұлғасының iшкi мағынасы, субъективтiк сипаты - оның жан дүниесінің
iс-әрекетiнiң нәтижесi. Бұл әрекет арқылы сыртқы әсер жеке тұлғаның санасынан,
субъективтiлiгiнен өтiп, өңделiп, сезiнiп, түйсініп, практикалық iс-әрекетте
қолданылады. Индивидтiң бойында қалыптасқан, тәрбиеленген қасиеттер жүйесi
оның қоршаған ортамен қарым-қатынасында субъективтiк түрде (идеялары,
мүдделерi, бағалықтары, бағыттылығы, т.с.с.) көрініс табады.
Ұстаз тұлғасының даму үдерісін оның әлеуметтік күштері сипаттайды. Атап
айтқанда, кәсіптік рөлін атқаруға пайдалы қабілеттері, мұқтаждығы, білімі,
біліктілігі, әлеуметтік сезімдері.
Болашақ ұстаздың әлеуметтiк ортамен және өзін-өзі тәрбиелеуiмен
қалыптасатын маңызды қасиеттерiнiң бiрi – жеке тұлғасының дүниетаным сипаты.
Жеке тұлғаның дүниетанымы белгiлi мөлшерде оның бағыттылығын, әлеуметтiк
бағалы шешiмдерi мен қылықтарының ерекшелiктерiн алдын ала анықтайды.
Мұғалiм тұлғасын деонтологиялық негiзде қалыптастыру үдерісінде бағыттылық
пен белсенділік маңызды рөл атқарады.
Деонтологиялық даярлыққа ұмтылыста дара-психологиялық алғышарттардың
орны бөлек. Бұлардың қатарына жалпы және педагогикалық қабілеттер жатады.
Бұл қабілеттер қызметі қажетті әдіс-тәсілдерді игерудің жылдамдығында,
беріктігінде, тереңдігінде байқалады. Жалпы қабілеттер жеке тұлғаның психо-
физиологиялық дамуымен анықталады. Оларға темперамент, мінез, интеллект
жатады. «Педагогикалық қабілеттер деп тұлғаның кәсіби-педагогика талаптарына
сай және сол іс-әрекетті игеруде табысқа жеткізетін психологиялық дара
ерекшеліктерінің жиынтығын айтуға болады. Педагогикалық қабілеттер мен
педагогикалық іскерліктің айырмашылығын айтар болсақ: педагогикалық
қабілеттер – тұлғалық ерекшеліктер, ал педагогикалық іскерлік – жоғары сапада
атқарылған педагогикалық іс-әрекеттің жеке актілері (бөліктері)».
2
Адамның жан-жақты дамуының қайнар көзі, оның ой-өрісінің деңгейі мен
өзіндік іс-әрекетінің ерекше өрістеуіне себепкер болатын, арнаулы қабілеттердің
шарықтап дамуына жетелеуші күш – парыздылық, яғни деонтологиялық әлеует.
Қабілеттер – адамның жеке тұлғалық айырмашылықтарында көрініс табады.
Қабілеттер туа бітетін қасиет емес, олар өмір сүру барысында дамып отырады.
Қабілеттер дәрежесі әр адамда әртүрлі деңгейде болады. Адам бойындағы жалпы
және арнайы қабілеттердің алғышарты нышан болып табылады. Қабілет әрекетте
байқалып, сол арқылы дамып отырады. Ол әрекеттің белгілі бір түрімен айналысуға
мүмкіндік беретін бейімділіктен де көрінеді. «Бейімділік – адамның әрекетпен
айналысуға бетбұрысы, оған көңілінің аууы, оянып келе жатқан қабілеттердің
алғашқы белгісі»
[39], – деп жазады академик Т. Тәжібаев.
Қорыта келгенде, педагогтың деонтологиялық даярлығы жоғары деңгейде
болуы оның интеллекті тұтас дамыған күнде ғана мүмкін. Яғни, тек қана ақыл жеке
түрде жоғары деңгейлі деонтологиялық даярлықты, не педагогикалық шеберлікті
қамсыздандыра алмайды. Теориялық ойлау қабілеті артық бола тұра, кейбір
мұғалімдер практикалық тұрғыдан педагогикалық мәселелер шешуге шорқақ
болатыны белгілі. Ойлау – құпиясы мол дүниені әр қырынан тануға, мәселені
тереңінен түсінуге мүмкіндік беретін аса күрделі жан қуаты. Ақыл – ойлау
процесіндегі ұғымдылық пен тапқырлыққа байланысты қасиет. Ақылы бар кісіге
«иман парыз, әрбір иманы бар кісіге ғибадат парыз екен» деген Абай[41]. Ойлану
үшін білім керек. Бірақ білімі бардың бәрі бірдей ақылды бола бермейді. Ақылдылық
білімді тәжірибе жүзінде дұрыс пайдаланып, қорыта білумен байланысты. Ақылдың
бір көрінісі – парасаттылық. Парасаттылық – педагогикалық деонтологияның
маңызды нышанының бірі. «Ақыл - парасат күші – адамның ойлауына,
пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты
айыруына көмектесетін күш…» деп ғұлама ойшыл Әл-Фараби айтқан.
Сан құбылып, кейде алай-түлей, бұрқ-сарқ қайнап жататын тіршілікте адамның
парасат биігінде қалуы үшін, ақыл мен мінезге қоса, үлкен ерік-жігер керек. Сонда
ғана адам қанды бұзатын, әдеп, ізет шеңберінен шығаратын ашу-ыза, артық сөз бен
әрекетке билік бермей, салтанатты, салиқалы қалпын сақтай алады. Әрине, мұндай
қасиет ұстазға ауадай қажет. Педагогикалық оптимизм, толеранттық, креативтілік,
тағы басқа жоғарыда ескертілген қасиеттерге парасаттылық негіз болады. Осының
барлығы ұстаздың деонтологиялық даярлығының тұлғалық компоненттеріне
жатады.
Ой топшылай келгенде, жалпы қабілеттер педагогикалық қабілеттерде
сәулеленіп көрініс тауып, олардың дамуына негіз болады.
Оқытушының тұлғасының деонтологиялық даярлығының ақпараттық-
теориялық және іс-әрекеттік компоненттерін қалыптастыруы, педагогикалық
деонтология талаптарына сәйкестенуді қажетсінуін анықтайтын кәсіби-құнды
бағдарының даму деңгейінің туындысы болып табылады.
Деонтологиялық даярлықтың ақпараттық-теориялық компонентіне жан-
жақты білімділігі жатады. Педагогикалық қызметтің ерекшелігі мұғалімнен жалпы
мәдениеттік, арнайы, психолого-педагогикалық білімдерден сауатты болуды талап
етеді.
3
Ұлы Әл-Фарабидің айтуынша, «білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз
нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым… білім жолына түскен жан деген адамның
ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында
болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек»
дейді ол. Білім – ақыл ісі, ғылымды көбейтудің құралы, өнер қажеті. Ақыл –
дүниедегі пайдалы мен залалды біле тұғын, сөзін ұғатұғын қасиет. Әр нәрсенің
өлшеуін білу – үлкен іс, құнды бағдар, ескерулі өнеге». Ойшылардың осыған орай
пікірлері үндес «Білім дегеніміз – күш, күш дегеніміз білім» (Ф. Бэкон), «Білім -
мақсат емес, қару» (Л. Толстой), «Тек білімді ғана жарықтың түнекті қуаты секілді,
надандықты құртады» (Ежелгі үнді нақылы), «Білім мен даналық - адам көркі» (Ә.
Науаи). Білім – көрген-естігеннің мән-жайын білу, танымақ нәрсенің бағытын
түсіну, әрекетті жүзеге асырудың тәсілдерін табу, әрі тарату. Білім – құбылысты
тану, адамның өзін тану, адамды тіршілікпен таныстыратын тәсілдерге және оларды
меңгеруге үйрету. «Адамды ойлай білуге үйрету, Т.Эдисон айтпақшы, өркениеттің
аса маңызды міндеті». Бұл – ақылдының үлкен арманы мен ардағы. Тек ол үшін
Абайдың айтуынша, «білгенге жол бос, болсайшы қол бос, талаптың дәмін татуға»
дерлік жағдай мен талап болса демекпіз.
Ұстаз тәлім-тәрбие үдерісін сауатты атқару үшін, жоғары және арнайы
педагогикалық біліктілік міндеттерінде белгіленген талаптарға сай білім мен
төмендегідей білім берудің психологиялық, педагогикалық, деонтологиялық,
этикалық негіздерін білуі қажет:
-
оқыту үдерісінің мәнін, оның заңдылықтары мен ұстанымдарын;
-
оқушылардың оқу іс-әрекеттерінің құрылымы мен ерекшеліктерін, оларды
ұтымды ұйымдастырудың әдістерін;
-
білімді қабылдаудың психологиялық негіздерін;
-
оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың мән-мағынасын,
түрлерін, әдіс-тәсілдерін;
-
өзінің педагогикалық іс-әрекетінің нәтижесін талдау-таразылау әдістерін;
-
сабақта психологиялық комфортты жасауға қажетті қарым-қатынас
құрудың психолого-педагогикалық негіздерін;
-
тәрбие теориясының негіздерін; т.б.
Сонымен бірге ұстаздың жалпы эрудициясы жоғары деңгейде болуы, елде
болып жатқан әлеуметтік құбылыстарды, олардың түсіндірмелерін, қажетті
нормативті құжаттардың мазмұнын жете білуі, мәдениет, ғылым, техника салалары
бойынша жан-жақты білім иегері болуы талап етіледі.
Ұстаздың кәсіптік білімінің ерекшелігі оның кешенділігінде, яғни
педагогикалық шеберлік деңгейі педагогтың ғылым мен тәжірибенің сан алуан
саласынан білім жинақтап өзінің тұлғалық дәулетіне айналдыруына және оларды
кәсіптік іс-әрекетінің, өзіндік жетілуінің құралы ретінде қолдана білуіне
байланысты.
Сонымен ұстаздың деонтологиялық даярлығының ақпараттық-теориялық
компонентін
арнайы
деонтологиялық,
методологиялық,
педагогикалық,
психологиялық білімдері анықтайды.
4
Достарыңызбен бөлісу: |