Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі».
Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет.
Жоғарғы білім беру саласында техникалық білім беруді дамытуға ерекше назар аудара отырып, жоғары оқу орындары желісінде оңтайландыру жүргізілуге тиіс. Осы заманғы мемлекеттік менеджерлер даярлау үшін Мемлекеттік басқару академиясының негізінде шетелдік серіктестіктердің қатысуымен ең жоғары шығармашылық стандарттарға сәйкес келетін ұлттық басқару мектебі құрылуы қажет.
Білім беру жүйесін дамытуда ынталандыру мақсатында және сектор мен мемлекет арасындағы серіктестікті нығайту мемлекеттік жекеменшілік білім беруге кредиттер бөлу жүйесін жетілдіру қажет –делінген.
Ал, оның негізі бастауыш сыныпта қаланбақ. Осы орайда оқушыларды математика негізі болатын білімдер жүйесімен және ол білімдерді саналы түрде шығармашылықпен қолдана алудың іскерлігі мен дағдыларын берік қалыптастыру мен ой-өрісін дамыту болып табылады. Сондықтан да бастауыш мектепте текстілі есептер шығаруда көрнекілікті пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту көкейтесті мәселе.
Ғылыми жұмысты әуелі осы тақырып бойынша курстық жұмыс жазудан бастадым және студенттердің ғылыми конференциясында баяндама жасадым.
Ғылыми жұмысқа жинақталған материалдар №50 А.Байтұрсынов атындағы көп - салалаы гимназия мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері Турегелдиева А, Сейтова Г, Балғабекова С.апайлардың сабақтарына қатысып, есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану әдістемесімен танысып, педагогикалық іс-тәжірибемде пайдаландым.
Зерттеудің мақсаты – бастауыш сыныпта есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту жолдарын қарастыру.
Зерттеу объектісі – бастауыш мектепте математиканы оқыту процесі.
Зерттеу пәні – бастауыш мектепте есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту жолдары мен әдістері.
Зерттеудің ғылыми болжамы – егер бастауыш сыныпта есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісі дамитын болса, онда математикадан білім деңгейі жоғарылауы және пәнге деген қызығушылығы нәтижелі қалыптасады.
Зерттеудің міндеттері:
-
Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерге шолу жасап, ғылыми тұрғыдан талдау жасау.
-
Балалардың есеп шығаруда математикалық білімін көрнекі құралдар көмегімен белгілі бір жүйе бойынша дамыту мүмкіндіктерін анықтау.
-
Балалардың есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамытудың тиімділігін тексеру.
Зерттеу әдісі–зерттеу тақырып бойынша педагогикалық – психологиялық, әдістемелік әдебиеттермен танысып, талдау жасау; озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерімен танысу; әңгімелесу; бақылау; ізденушілік және зерттеушілік жұмыстар.
Зерттеудің практикалық құндылығы бастауыш мектепте математиканы оқытуда; «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығы студенттері математиканы оқыту әдістемесі пәнінен лабораториялық және практикалық сабақтарда, арнайы курс пен арнайы семинар сабақтарында, студенттердің педагогикалық іс-тәжірибелерінде пайдалануға болады.
I-тарау. Көрнекілікт пайдаланудың психологиялық– педагогикалық негізері.
§1.1 Көрнекілік принципінің психологиялық - педагогикалық негіздері.
Оқыту жүйесінде көрнекілік принципінің алатын орны ерекше. Оқушылардың дүние танымы негізінен көрнекілік арқылы жүзеге асырылады. Ол заттардың өзін немесе бейнесін, көлемін тікелей көріп байқауға мүмкіндік береді.
Көрнекілік принципінің мақсаты оқытылып тақырыпқа сай оқушылардың білім көлемін тереңдету, қызығушылығын орнату және есте сақтау қабілетін шыңдау; мұғалімнің өз ойын оқушыларға нақтылы дәлелдеуі үшін қолдану.
Көрнекілік принципінің міндеті, біріншіден заттың немесе құбылыстар мен оқиғалардың бейнелерін, көлемін түр – түстерін көрнекілік құралдарын пайдалану арқылы оқушыларға жеткізу.
Бұл принциптің екінші міндеті оқушылардың алатын білімін нақтылау үшін сабақтар жүйесінде қолданылатын көрнекі құралдары мен оқудың барлық мазмұнын практика мен өмірмен байланысын қамтамасыз етуді көздейді.
«Көрнекілік құралдары » ұғымының мазмұны психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде түрліше сипатталады.
«Көрнекілік терминінің түбірі көру» естігеннен шықса да, қазіргі уақытта ол түрліше сезім мүшелері арқылы санаға әсер ету керектігін білдіреді.
Себебі біз оқушылардың білімді қабылдануда сезім мүшелерінің қызметі жайлы жоғарыда айтқанбыз. Оқушылар тікелей түйсіну, көру, есту мүшелері арқылы әртүрлі заттардың формасын, түсін, көлемін, бейнесін көріп, дыбысын естиді.
Осылардың негізінде оларда түйсінуі арқылы ой пайда болады, нақтылы құбылыстарды байқауға, қабылдауға деген ынтасы оянады, дағды қалыптасады.
Ұғыну - тікелей сезіну процесінен бастау алса, тікелей сезіну - түйсіну, қабылдау, елестеу арқылы іске асады.
Қабылдаудың ерекше түрі - бақылау. Бақылау – тікелей сезіну процесінің күрделі түрі. Мұғалім сабақтар жүйесінде көрнекілікті пайдалану барысында оқушыларды бақылай білуге, салыстыра, қатар қоя білуге, қабылдаған ұғымдарын дамытып, оларды жетілдіре беруге дағдыландырады.
Я. А. Коменский көрнекілік принципін оқу материалын меңгеру құралы ретінде қарастырса, И. Г. Пестолцци бойынша ол - логикалық ойлаудың дамыту құралы деп қарастырады.
Осы жөнінде К. Д. Ушинский, оқушылардың бойында бақылағыштық, танымдылық белсенділікті дамыту үшін көрнекі оқытуды талдау негізінде оқушыларда айқын обрыздар тудыратын өзіне таныс заттардың жаңа жақтарын ашатын, оқу материалын неғұрлым берік шешуіне көмектесетін көрнекі құралды көрсетуге кеңес береді. Өйткені, олар бір жағынан оқушылардың ой - өрісін, ауыз екі тілін, жазу дағдысын, айналасындағы өмір туралы түсінігін кеңейтеді және оқушының деңейіне сай саралап жасалғанда нәтижелі болады. Демек, оқу озаттарын тежемейді. Әрі үлгерімі төмен оқушыны ескерусіз қалып қоймай олардың теориялық білімі мен дағдыларын дамытуға әсер етеді.
В.Шаталов «Жинақы әдеттен тыс тірек сигналдары оқушыларды қызықтырып, оларды белсенді еңбекке, ізденіске бастайды, сонымен қатар оқу проблеммаларына аударады.
Осыған орай баланың бойында аса маңызды қасиет қалыптасады, күнделікті, сан мәрте көз алдынан өтіп жатқан құбылыстар мен заттарды өзінен әдеттегіден тыс жәйтті аңғарады » десе,
көрнекі құралды пайдаланудың танымдық тиімділігі В.Занковтың пікірінше «оқушыларға объектімен оның қасиеттерін көрсету - бұл сөз бен көрнекі образдың оқушының тиісті дәрежеде қабысуына қол жеткізу деген сөз емес. Егер оқушы объектінің қасиетін өзі айыра алса және оған сөзбен өзі сипаттама берсе оның бойында объекті туралы түсінік қалыптасады және қасиеттердің сөздік белгілері анықталып байланысқа түседі».
Көрнекі құралдар мен мұғалім сөзін ұштастыру проблеммалары Л. В.Занковтың ( «Мұғалімнің сөздері мен көрнекі құралдардың оқыту ішіндегі көрнеклікпен оқушылар белсенділігін көрсету » ) деген еңбегінде анағұрлым толық талданған.
Л.В. Занковтың пікірінше, мұғалім сөзімен көрнекі құралдарды ұштастырудың алты формасы бар, атап айтқанда:
1 – форма: Мұғалім сөздің көмегіме оқушыларға жургізілетін бақылауға жетекшілік жасайды, объектінің бейнесі туралы оның тікелей қабылданатын қасиеттері мен қатынастары туралы білімді оқушылар бақылау процесінде көрнекі объектінің өзінен алады.
2 - форма: Мұғалім сөздің көмегімен оқушылардың өздері көрнекі объектілерге жасалған бақылаулары негізінде және олардың бұрынғы білетіндері негізінде балаларды құбылыстар арасындағы қабылдау процесінде көзге көріне қоймайтын байланыстарды саналы түрде ұғынуға және тұжырымдауға бастайды;
3 – форма: Объектінің бейнесі туралы, оның тікелей қабылданатын қасиеттері мен қатынастары турал мәліметтерді оқушылар мұғалімнің сөз мәлімдемесінен алады ал көрнекі құралдар сөзбен берілген мәліметтерді дәлелдеу қызметін атқарады.
4 - форма: Оқушылар көрнекі объектіге жасаған бақылауына сүйене отырып, педагог құбылыстар арасындағы оқушылар тікелей қабылдай алмайтын байланыстар туралы хабарлайды, яки қорытынды жасайды, жекелеген деректрді біріктіреді, жинақтайды.
5 – форма: Не сөз жәрдемімен, немесе көрнекі түрде көрсете отырып, мұғалім оқушыларға қолда бар объектілері мен жұмыс істегенде орындауға тиісті іс әрекеттерге қатысты, сондай – ақ ол іс - әректтердің орындалу әдістеріне қатысты нұсқау береді.
6 – форма: Педагог сөздің жәрдемімен, оқушыларға қолда бар объектілер мен олар жасауға тиісті іс - әрекеттерді орындау әдістері жайында нұсқау береді, мұның өзінде мұғалімнің нұсқауы қолма – қол көрсетіліп отырады.
Әл – Фараби, Я. А. Коменский, И. Г. Пестолоцци, Ж. Ж. Руссо, А. Дистерверг, Ы. Алтынсарин, К. Д. Ушинский т.б оқыту арқылы оқушылардың ақыл – ой қабілеттерін, дербестігін дамытуға көңіл бөлу керектігін айтқан болса, оқыту үрдісінің ерекшеліктері мен ұстанымдары, оқыту әдістерімен құралдары туралы М. А. Статкин, Н. Я. Лернер, Р. Г. Лемберг, Ю. К. Бабанский, В. Оконь, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, А. Клингберг, М. Марев. С. Н. Архангельский, еңбектерінде талқылаған.
А. С. Выготский «Мектепке оқуға даярлау балалардың алған білім, дағды, біліктерінің ауқымынан зор, ақыл – ой үрдістерінің сапасына көбірек тәуелді болды. Сондықтан мұндай сапаға қол жеткізудің аса маңызды жақтарының бірі - балалардың бойында танымды тудыратын тәсілді қалыптастыру болып табылады.» - дейді.
Бұл жерде оқушының алдына танымдық міндеттерді қойып, оның белсенділігін арттыруға бола ма? - деген сұрақ туындайды. Оқушылардың бақылауын ұйымдастырудың негізгі әдістілік ережелері мен тәсілдерін профессор Т. Сабыров былай көрсетеді.
1) Мұғалім оқушылардың бақылауын - ұйымдастыру үшін ең алдымен, бақылаудың мақсатын, байқайтын нәрселердің немесе көлемін анықтап жоспарын жасау.
2) Бақылауды, мүмкіндігінше оқушылардың барлық сезім мөлшерін қалыптастыру арқылы нәрселердің анағұрлым көп және әртүрлі қасиеттерін жан - жақты байқатқан жөн.
3) Мұғалім бақылау кезінде оқушылардың анализ бен синтез жасап, нәрселердің негізгі қасиеттерін айыру, топтастыру сияқты ойлау амалдарын қоданып, қорытындылар шығаруына басшылық ете білуі қажет.
4) Бақылау кезінде мұғалім өз сөздеріне басшылық ету ролі мен оқушылардың өздігінен жұмыс істеуінің арасында дұрыс байланыс болуын қамтамассыз етіп, олардың өздігінен бақылау қабілетін мейлінше дамыту мақсатын көздеу керек. Демек, мұғалім баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, заттарды немесе көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды көрсетеді, ал оқушылар сол кезде тыңдайды, қызығады, қабылдайды, бақылайды , ойланады және т. б. Таным әрекеттерін жасайды. « Мұғалім оқыту әдісі арқылы оқушыларға білім беруде өзінің іс - әректін балалардың таным әректіне басшылық, етумен байланыстырлады » - деп жазады бұл жөнінде профессор Т. Сабыров. Бұның өзі оқылатын объектілер немесе құбылыстрдың аса маңызды қасиеттері туралы олардың динамикалық белегілерін жан - жақты түсінуіне мүмкіндік береді.
«Таным психикалық үрдістерінің ( түйсік, қабылдау, зейін, ойлау, сөйлеу, т. б. ) дамумен бірге баланың психикалық қасиеттері де (қабілет, бейімділік, мінез) қалыптаса бастайды. Осыған байланысты ойлаудың қабылдағыштық, бақылағыштық, білімге құмарлық, тапқырлық, ізденімпаздық сияқты болымды жақтары да жетіле түседі», - дейді Р. М. Қоянбаев осы мәселе жайында жазған өз еңбегінде:
Ендеше педагог - ғалым Оразбек Нұсқабайдың сөзімен айтсақ, оқыту, тәрбиелеу және жетілдіріп дамыту үрдістерін білім берудің субъектісі болып табылатын оқушылардың белсенді іс - әрекетімен тығыз бірлікте жүргізу керек. Сонда ғана оқушылар өз іс - қимылының мақсаты мен маңызын түсініп – ұғынуға талаптанады. Олардың ойлау қабілеті жан - жақты толысып, пісіп - жетіледі. Алдағы өміріне қажетті білімнің, біліктің және дағдылардың берік негізін дамытады.
Оқушылардың теориялық ойлауын дамытуға көрнекіліктің бір жағынан көптеген нәрселер мен құбылыстарға тән анағұрлым ортақ қасиеттеріне назар аудармауға мүмкіндік беретін, ал екінші жағынан ұғымдарды деректендіруге септігін тигізетін түрлерін қодануға жәрдем етеді. Көрнекі құралдардың бұл мүмкіншіліктері А.М. Пышкало жазған мақаланың бірінде ашылып көрсетілген:
«Әр - алуан нәрселерімен және геометриялық фигуралар моделдерімен жанасса, көптеген тәжрибелерді орындай отырып, оқушылар олардың қандай материалдан жасалғандығын, түр - түсіне, салмағына және т. с. с. қатысы шамалы оларға анағұрлым ортақ қасиеттерді айқындайды»!
Кейінгі кезеңдерде педагогикалық классиктерді, методистер жеке пәндердің оқыту әдістерін зерттеп, оқытудың көрнеклік принципін нақты анықтай түсті.
Қазақстандағы педагогикалық ой - пікірлердің тарихында ұлы ағартушылардың, қазақтың алдынғы қатарлы зиялы өкілдерінің еңбектрінде оқыту мен тәрбиенің негізгі мәселелері туралы көзқараста ерекше орын алады.
Абай өзінің шығармаларында ақыл ойды дамытып, шын білім алудың қажеттілігін, ол үшін ойлау, зейін, ес, мінез құлық, ерік жігер, қиял сияқты психологиялық процестерді дамыту керек екендігін ашық ұғынады. Білім алуда педагогикалық принциптерді қолдануды насихаттау туралы пікірлерді дидактикалық мұра болып есептеледі. Ұлы Абайдың «Адам баласы көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрын мен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады» деген дана ойы педагог классиктердің пікілері мен ұштасып жатыр.
Сонымен, оқуда көрнекілікті қолдану арқылы оқушылардың білімі нанымды, дәлелді болады, ойлауы тереңдей түседі. Сонымен бірге көрнекілік оқылатын нәрсе заттардың негізгі белгілерімен ерекшеліктерін білуді жеңілдетеді. Нәрсе заттардың әр жағының, салаларының байланыстары мен өзара қатынастарын түсінуге көмектеседі. Көрнекілік нәрсе заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте сақтауға ықпал жасайды.
§1.2 Математиканы оқытуда көрнекілік түрлері мен ролі.
Математика сабақтарында білім берудің барлық негізгі принциптері бір - бірімен байланысты жүзеге асырылады: саналылық, көрнекілік, жүйелілік, беріктік, жас ерекшеліктерінің ескерілуі, жекеше қарым – қатынас т. б. Математиканы оқытуда көрнекілік принципінің рольі ерекше.
Көрнекі түрде оқыту - оқшылрдың тиісті бақылауларына сүйеніп оқыту, бірақ көрнекі оқыту дегенді тек көрнекі құралдарды пайдаланып оқыту деп түсінбеу керек.
Математика сабақтарында көрнекілікті дұрыс пайдалану айқын кеңістік және санды түсініктердің, мазмұнды ұғымдардың қалыптасуына көмектеседі, оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамытады, нақтылы құбылыстарды қалыптастыру және талдау негізінде, кейін практикада қолданылатын, тұжырымдарға келулеріне көмектеседі.
Оқушы санасында көрнекілік бейнелерін қалыптастырудың құралдары ретінде мектепте түрлі оқыту жабдықтары қолданылады.
Пегдагогика ғылымын дамытушылардың бірқатары табиғаттың техникалық және қоршаған ортаның барлық заттарымен құбылыстары көрнекіліктің құралы ретінде қарастырылуы керек деп есептейді.
Оқыту процессінде табиғат заттары мен құбылыстарының маңызды роль атқаратыны және көрнекілік бейнелері қалыптастырудың қажеттігі болып табылатыны белгілі.
Мысалы В.А. Сухомлинский жеке тұлғаныє жан – жақты дамуына әсерін тигізетін көріністерімен қамтамасыз етудің құралы ретінде баланы табиғи ортада тәрбиелеп – оқытуды қарастырады. Ол баланы табиғи ортада оқытудың тұтас жүйесін жасай отырып, “табиғат – бала ойын жетілдірудің қайнар көзі” деп атап көрсетті.
Қоршаған ортаның түрлі заттары мен құбылыстары көрнекілік құралдары ретінде зор маңызға ие. Л.И. Мендельштман, О. Занков, Э.Т. Мингазов, Л.И. Фридман, Л.Я. Зорина, В.И. Евлокимов, И.Н. Нұшманов, К. Жүнісова және т.б. сияқты көптеген педагогтар осы көзқарастарын өз еңбектерінде зерттеп тұжырымдаған.
Таным теориясына сәйкес, сезімдік бейнелер бір адамға көрнекі болғаны мен, екінші адамға көрнекі болмауы әбден ықтимал. Сондықтан, “көрнекілік құралдары” ұғымы Л.И. Мендельштманның пікірінше шарты түрде ғана айтылады.
Ал, В.И. Евдокимовтың пікірінше, “көрнекі құралдар” дегеніміз – оқыту барысында түрлі құбылыстар мен процесстерді таныстыруға мүмкіндік жасайтын арнайы таңдап алынған заттармен құрастырмалар. Қорыта айтқанда, көрнекі құралдары туралы ұғымдардың жалпы сипаты мен анықтамасы ғылыми түрде тұжырымдалған. Олар :
1. Көрнекі құрал – нақты объектінің, заттың немесе құбылыстың түрлендірілген формасы, моделі.
2. Көрнекі құрал – таным құралы. Таным процессінде нақты заттарды, құбылыстарды олардың табиғи немесе қоғамдық өмір сүру жағдайын елестетуге жағдай жасайды.
3. Оқу міндеттерін тиімді шешуге бағыттала құрастырылған кез – келген заттық немесе идеялдық модель көрнекі құрал бола алады.
Оқытуда көрнекі құралдарды пайдаланудың маңызды мәселелердің бірі – олардың ғылыми негізделген топтамасының болуы. Бұл мәселе оқытудың теориясы мен практикасында үлкен мәнге ие. Осы негізде көрнекі құралдардың жүйесі және көрнекіліктің әрбір түрі мен типінің атқаратын дидактикалық атқаратын қызметтері анықталады. Кейбір деректерде - “ Мұндай топтаманың болмауы ұғымдарды түсінбеушілікке, сабақта көрнекі құралдарды пайдалану әдістерінің жеткіліксіздігіне әкеліп соғады ” делінген.
Педагогикада көрнекі құралдарды жүйелеудің бірнеше әдісі бар. Көп жағдайда олардың жеке түрлерінің белгілеріне ( көлемі, біртүстілігі немесе әртүрлілігі, статистикалық немесе динамикалық, жекеше немесе ұйымда қолдануға арнаулы және т.б. ), құрастырылған заңына қарай немесе дидактикалық тұрғыда топтастырылады.
Егер танымды объективті ақиқаттың санада бейнелеуі десек, И. В. Евдокимовтың көрнекі құралдары ақиқатты бейнепеу тәсіліне сәйкес топтауы негізді тұжырым деп есептейміз.
Көрнекілік құралдарын жіктейтін сызба нұсқаны қарастырып көрейік.
Көрнекілік құралдар:
Табиғи көрнекіліктер бейнелеуші символикалық динамикалық
(нышандық)
оқу картиналары сызбанұсқа
диапозитивтер мәтіндік
диафильмдер сандық кестелер
муляждар диаграммалар
макеттер план карта
көркем суреттер таңбалық бейнелер
(формула,таңдау белгілері)
Жалпы орта мектептерде оқу – тәрбие үрдісінің міндеттерін шешудегі көрнекілік құралдарының қызметтері олардың дидактикалық құралдары мен тәрбиелік бағыттарына орай анықталады.
Ал, көрнекілік туралы Л.И. Фридман өзінің көзқарасын былайша тұжырымдайды.
- көрнекілік нақты нысанның, заттың немесе құбылыстың қандай да бір қасиеті немесе сапасы емес ол осы объектілердің психологиялық бейнелерінің ерекшелігі мен қасиеті; - жеке адам үшін олардың қарапайымдылығы мен түсініктілігінің көрсеткіші;
- адам санасында қалыптасатын бейненің көрнекілігі мен көрнексіздігі көптеген себептерге тәуелді. Олар - таным қабілетіне және қалауына байланысты болып келеді.
Көрнекіліктің құралы ретінде түрлі модельдер қарастырылады. Л. И. Фридман модельдердің олардың құрастырылған затына қарай былайша жіктеп көрсеткен.
Модельдер
Заттық идеалды
Шыныдан, ағаштан, темірден жасалғандар және т.б.
|
Тірі табиғи объектіден жасалған
|
с
Динамиалық бейнелік таңбалық ұғымдық
татистикалық
|
Модельдердің көрнекілігі негізделетін басты заңдылық: заттық және заттық және идеалды (бейнелік және таңбалық – символикалық) модельдер модельденуші объектінің көрнекі бейнелерінің алдын – ала ұғымдық модельдерде (қандайда бір құбылыс , процесс немесе заттың теориялық сызба – нұсқасын ) құрастырылуы.
Оқытуда көрнекілік ұстамының қажеттілігін ойдың нақтылықтан абстрактылыққа, сезімталдық сипаттан радикалдыққа (орнықтылықа) көшу диалектикасына негізделеді. Мәселен, Л.И. Фридман модельдердің оқытуға арналған арнайы құралдар ретіндегі мазмұнын атап көрсетеді. Біріншіден, модельдеу оқыту нәтижесінде оқушылардың меңгеруі тиіс білім мазмұны мен игеруі қажет таным әдісіне қызмет етеді. Екіншіден, модельдеу жетілдірілген оқытудың негізгі қозғаушы күші мен құралы болып табылады.
Қазіргі оқу жүйесінде мұғалімердің кеңінен қолданып жүрген мынадай көрнекіліктерінің түрлері бар:
1.Табиғи (табиғат, өсімдік, жан –жануар, жәндік т.б.)
2.Көлемділік (әралуан заттардың модельдері).
3.Бейнелік (фото сурет, картинат.б.).
4.Графикалық (схема, чертеж, таблица).
5.Дыбыстық (үн таспа ⁄пластинка ⁄,магнитофон, диофильмт.б.).
6. Символикалық (табиғат, географиялық карталары).
Көрнекіліктің табиғи түрінен басқалары заттар мен құбылыстардың өзін тікелей көрсетуге мүмкіндік болмаған жағдайда ғана қолданылады.
Табиғи көрнекілік негізінде оқушылар заттарды қолымен ұстап, көлемін, түр - түсін байқап, көзімен көруге және әр түрлі дыбысын естуге жағдай туғызылады.
Оқыту процессінде бүгінде біздің жоғарыда баяндаған көренкіліктерден басқа да түрлеін ұсынады. Оған мысалы:
- Заттық көрнекілік (егерде зат болмаса, олардың үлгісін көрсету).
- Экспериметтік (физика, химия сабақтарында түрлі эксперлобороториялық байқаулар жүргізу).
- Тілдік көрнекілік (фонетикалық, лексикалық және грамматикалық жазбалары).
- Аудиовизуалық (кино, телевидение, радио тарату желісі т.б.).
Дидактикалық принциптерді қолдануға сай қойылатын негізгі талаптар жүйесі мыналар:
- Көрнекілікті оқытудың белгілі мақсатына сай қолдану.
- Көрнекілікті қолдану тәсілдерін меңгеру, оның сабақ құрылымында өзіндік үйлесімдігін қатаң ескеру, оқу әрекетінеде оқушылар ойының оған үнемі ауытқып кетуін болдырмау.
- Көрнекілікті қолдану барысында оқушылардың бақылау әрекетін тиімді ұйымдастыру.
- Көрнекілікті мұғалімнің бейнелі сөзімен дұрыс байланысын қамтамасыз етіп, қорытындылар жасау.
- Көрнекі құралдардың түрлерін (заттық, бейнелілік, графикалық, символикалық, техникалықт.б. ) оқу пәдерінде, сабақтар жүйесінде нақтылы өз орнында пайдалану және оқушылардың жас, таным ерекшеліктрін ескере отыра басшылыққа алу.
- Көрнекіліктерді қодануда сан қуаламау, оның санасына үнемі көңіл аударып отыру қажет.
Көрнекілік құралдарын мектепте оқыту мен тәрбие беру барысында:
- оқушының жеке сезім - күйіне әсер етеді (яғни, таныммен, ғылыммен, өнермен байланыс жасауы мен тұратандырушылық қызметі);
- ақппаратты меңгеруді жеңілдетеді (яғни, ақппараттық таныстырушылық қызметі);
- ақиқатты объекті жөніндегі ақпаратты белгілі шамаға дейін ұғынуға мүмкіндік береді (сананы қалыптастырудағы көрнекілік қызметі);
- іскерлік пен дағдының қалыптасуына үлес қосады (жаттықтыру қызметі);
- оқу - тәрбие жұмыстарының нәтижесін бақылауға үлес қосады(бақылау мен бағалау қызметі);
Көрнекілік құралдары төмендегі шарттарды ескеру барысында ғана өз міндеттерін толық орындай алады:
- оқу бөлмелерінің толық жабдықталуы;
- қажетті құралдың білім беру мен оқыту аясында өзіндік мүмкіндіктерінің жүзеге асырылуы;
- оқу - тәрбие жүйесінің барлық салаларының кіріктірушілік, үйлесімділік және кешендік мүмкіндіктерін ескеруі;
- оқытушы мен оқушының қазіргі кездегі оқыту әдістерін пайдалану барысында құрастырылған көрнекі құралдардың сапасын анықтайтын басты өлшемдері.
II - тарау. Текстілі есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану әдістемесі.
Достарыңызбен бөлісу: |