ЗЕВАКИНО АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ Ж.Т. СИНИЯЗОВТЫҢ
2015 ЖЫЛҒА ЕСЕП ТЕЗИСІ
Зевакино ауылдық округі үш елді мекеннен тұрады, халықтың жалпы саны 2131 адам: Зевакино ауылы – 1258 адам, Новая Убинка – 132 адам, Убинка – 741адам. Ауылдық округ елді мекендерінің ұлттық құрамы – көпұлтты.
Округ орталығы – Зевакино ауылы. Округ аумағы – 29652га, соның ішінде елді мекендер жері – 4243 га, ауыл шаруашылығына тағайындалған жерлер – 26 999га, соның ішінде егістік жер – 19 424, мал жайылымы – 5545га.
Ауыл шаруашылығы.
Ауылдық округ аумағында 25 ауылшаруашылығы құрылымы тіркелген, соның ішінде өсімдік шаруашылығымен айналысатын 8-ЖШС; 17 шаруа қожалығы бар.
Ауылшаруашылығы тауарын өндірушілермен 2015 жылы 8093,9 га дәнді дақыл егілді, орташа өнім 11,6ц/га (2014 жылы 8494,6 га дәнді дақыл егілді орташа өнім 12,3 ц/га) және 8664,4 га күнбағыс, орташа өнім 13,5/га, (2014 жылы 7657,9 га күнбағыс егілді орташа өнім 22,2 ц/га), 365 га картоп (2014 жылы 275 га картоп егілді орташа өнім 358 ц/га), орташа өнім 263,2ц/га, сондай-ақ, жүгері 60 га орташа өнім 23,6ц/га.
Ауылшаруашылығы құрылымдарымен 2015 жылы жалпы сомасы 100 477 488 теңге субсидия алынды (2014 жылы – 75 682 317 теңге), соның ішінде 65 621 515 теңге сомасына көктемгі егіс жұмыстары жүргізілді (2014 жылы 55 802 550 теңге), гербицидтер – 8 048 908 теңге (2014 жылы – 7 405 667 теңге), минералдық тыңайтқыштар – 25 619 200 теңге (2014 жылы – 12 473 100 теңге), ұрық – 1 187 865.
Жеке меншік секторы бойынша:
ІҚМ басының саны - 950, 2014 жылмен салыстырғанда 101%;
Шошқа - 565 бас, 2014 жылмен салыстырғанда 101%;
Қой - 2284 бас, 2014 жылмен салыстырғанда 106%;
Жылқы - 598 бас, 2014 жылмен салыстырғанда 103%;
Құс - 3816 бас, 2014 жылмен салыстырғанда 116%.
Білім беру.
Округ аумағында екі орта мектеп қызмет атқарады: «Зевакино жалпы білім беретін орта мектебі» КММ: 2015 жылы оқушылар 102, соның ішінде мектеп бітірушілер – 3, соның ішінде ЖОО мен колледждерге түскендер – 3, соның ішінде грант – 0, білім сапасы 54,9%, ҰБТ-84,5%, «Убинка жалпы білім беретін орта мектебі» КММ 2015 жылы оқушылар 107, соның ішінде мектеп бітірушілер – 11, соның ішінде ЖОО мен колледждерге түскендер – 11, соның ішінде грант – 9, білім сапасы 57,5%, ҰБТ-77%,
Округ мектептерінде оқушыларға медициналық көмек, ыстық тамақ ұйымдастырылған, «Зевакино жалпы білім беретін орта мектебі» КММ жанынан екі тобы бар 50 адамға бала бақшасы ашылды, оған 41 бала келеді. Убинка және Новая Убинка ауылдарынан мектеп жанындағы шағын орталыққа – 20 бала барып жүр.
Денсаулық сақтау.
Медициналық мекеме - 2 МП. Медицина қызметкерлерінің саны - 3 адам.
Мәдениет және спорт
Ауылдық округте Убинка ауылында 1 ауылдық клуб және Зевакино ауылында дем алу орталығы бар. 2 ауылдық кітапхана бар.
Ауылдық округ мектептерінде дене шынықтыру мұғалімдерімен ауыл жастарына дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша үйірмелер жүргізіледі (баскетбол, волйбол, жеңіл атлетика, шаңғы және теннис).
Инфрақұрылым
Жарықтандыру
2015 жылы қызмет етуге және электр қуатын төлеуге бюджеттен 509мың теңге бөлінді, МӘМ қаржысынан 535 мың теңге бөлінді.Қаржы толығымен игерілді.
Телефондандыру
Округ бойынша 389 телефон нөмірі бар, ұялы байланыс жұмыс істейді. Убинка ауылында телефон байланысы сымсыз байланысқа ауыстырылды.
Жолдар
2015 жылы автомобиль жолдарын қамтамасыз ету Бағдарламасы бойынша қыс кезінде жолдарды сақтауға бюджеттен 321,6 мың теңге бөлінді МӘМ қаражатынан 150 650 теңге қыс жолдарын сақтауға бөлінді, қоқыстарды үйінділеуге 40 мың теңге және санитарлық тазалыққа 160,0 теңге бөлінді. Қаражат толығымен игерілді.
Округте қоғамдық-саяси жағдай тұрақты.
Округ аумағында полицияның учаскелік инспекторымен ескерту бойынша қылмыстың алдын алубойынша және әкімшілік құқық бұзушылық, қоғамдық тәртіп күзеті, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп тұрады. Есеп беру кезеңіне 14 тен астам жедел-алдын алу іс шаралары жүргізілді.
Азаматтардың шағымдарымен жұмыс.
2015 жылы тускен шағымдар саны - 22 соның ішінде 12 шағым заңды тұлғалардан, 9 шағым жеке тұлғалардан (2014 жылы 37 шағым: 3 заңды тұлғалардан, 34 жеке тұлғалардан).
Қаржы-бюджеттік сала.
2015 жылы жергілікті салықтан түсті: жер салығы (104302)-3,5 мың теңге (104309)-258,6мың теңге , мүлік салығы-57,3 мың теңге, баж салығы 1462,5. 2015 жыл ағымында бюджет қаражаты қаржыландыру жоспарымен келісіп игерілді.
Халықты әлеуметтік қорғау.
2015 жылы жалпы сомасы 8 млн.550 мың теңгенің меморандумы жасалды, меморнадумды орындау 8 млн.550 мың теңгені құрады(2014 жылы жалпы сомасы 7млн 261 мың теңге болатын 5 меморандум жасалды).
-
жылға Зевакино ауылдық округін дамыту мәселелері
1.Шемонаиха, Өскемен қаласына дейін жүргіншілерді тасымалдауды қамтамасыз ету.
2014-2018 жылдары келесі жобалар жоспарлануда:
-
Су құбырлары жүйелерін ағымдағы жөндеу.
-
Зевакино ауылының, Убинка ауылының көшелерін ағымдағы жөндеу(жолға құм төгу).
-
«Жұмыспен қамту 2020» Бағдарламасы аясында малшаруашылығы мен ара шаруашылығын дамыту.
-
Округтің ауылшаруашылығы құрылымдарына жаңа техникалар сатып алу
-
жылдары негізгі міндеттер болып табылады:
-
Округ халқына сапалы мемлекеттік қызмет көрсету
-
Округтің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жетілдіру бойынша бағытталған тиімді жұмыс атқару
-
Округ халқын мемлекеттік бағдарламаларды дамытуға белсенді араластыру: «Жұмыспен қамту жол картасы 2020», «Бизнес жол картасы 2020», «Өндіру 2020», «Сыбаға»
-
Халықты жергілікті өзін – өзі басқару жұмысына белсенді жұмылдыру
-
Ауылдық округтің елді мекендерінде абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалық және эстетикалық рәсімдеу бойынша жұмысты жалғастыру
-
Округтің үй шаруашылықтарында ІҚМ басын көбейту
-
Округтің ауылшаруашылығы құрылымдарының өнімін көбейту
-
Кіші ауылшаруашылығы құрылымдарын біріктіру
-
Округ ауылдарының ішіндегі жолдарды жөндеу
-
Зевакино, Убинка ауылдарындағы саябақтарды абаттандыру.
Зевакино ауылдық округінің әкімі Ж.Синиязов
Достарыңызбен бөлісу: |