Құзыреттілікті дамыту жолдары



бет1/3
Дата20.05.2022
өлшемі0.54 Mb.
#458210
  1   2   3
Документ Microsoft Word (2)


Құзыреттілікті дамыту жолдары
Бұл мақалада ЖОО-дағы құзіреттілікті жүзеге асыру мәселелері қарастырылған. Автор білім, білік, дағды, құзіреттілік ұғымдарының мағынасын аша отырып, әдеби анализ негізінде салыстырмалы түрде білім берудің ерекшеліктеріне сипаттама беріп отыр. Орыс аудиториясында қазақ тілін оқыту барысында нәтижеге бағытталған іс-әрекетті құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру – негізгі міндет. Құзырлылық – студент іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі.
Мақаланың өзектілігі: Бұл мақаланың өзектілігі - студент- дәрігерлерге жұмыс барысында қолдануға өте қажетті сөйлесім мәтінін өздеріне құрғызудың нәтижесінде дәрігердің қазақ тілінде сөйлеу қабілеттерінің артуы. Олар үйренген сөйлесім түрлерін жұмыс барысындағы қолданыста тиімді пайдалана алуы.

Зерттеу мақсаты: білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану, сонымен қатар тіл үйренушінің іскерлігі, коммуникативтік құзіреттілігін дамыту жағы да ескерілген.
Зерттеу әдістері: ізденіс, шығармашылық, қорытынды жасау.
Кіріспе. Біз жаңа технологиялық тасқынның куәгері болып отырмыз. Қазір ғылыми-техниканың, өркениеттің даму заманы. Компьютер мен интернет, жаңа байланыс құралдары, ғылыми жаңалықтар, осының бәрі оқушылардың ой-өрісіне әсерін тигізеді. Ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін қолдану студенттердің қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасын көтеруге тікелей әсер етеді. Ал білім сапасын жоғарылату, құзыретті маман тәрбиелеу - барлық оқытушыларды толғандыратын маңызды мәселе. Мына заманда білім алушылардың да алдына қойылатын талаптар да күннен- күнге, жылдан-жылға өсуде.
Оқыту материалдарын тілдік жағдаятқа байланысты, мамандық ерекшелігіне қарай дәл іріктеу дәрігердің лексиканы игеруге деген белсенділігін тудырды.
Жаңа технологиялармен оқытуда келесі мәселелерді қамтуға болады:

  1. оқытудың мақсаты мен міндетін (дәрігерлер тілінде қазақша еркін сөйлесе алуды қалыптастыру) нақтылау;

  2. мақсат пен міндетті орындауда тілдік деректерді нақты іріктеп, тақырыптарын дәл тауып, оқытудың әдіс- тәсілдерін, ұтымды жұмыс түрлерін белгілеу;

  3. күнделікті қарым-қатынастағы сөйлеу жағдайында қолданатын лексика-грамматикалық минимумды таңдап, терминдер мен мәтін тақырыбының мамандық пен тілдік орта ерекшелігіне сай қажеттілігін анықтау;

  4. дәрігердің науқаспен тілдік қатынасқа түсінуіне мәжбүр жасайтын факторды, яғни тілдік ортажағдайын анықтау.

Студент-дәрігерлерге жұмыс барысында қолдануға өте қажетті сөйлесім мәтінін өздеріне құрғызудың (негізін монологты мәтіннен алу) нәтижесінде дәрігердің қазақ тілінде сөйлеу қабілеттері артады. Олар үйренген сөйлесім түрлерін жұмыс барысындағы қолданыста тиімді пайдалана алады.
Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесі мен зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі туындап тұр. Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуі тиіс. Бұл талап оқытушылар қауымына да үлкен жауапкершілікті жүктейді. Сол себепті біздер әр кез үлкен ізденісте жүріп, әр сабаққа жан жақты дайындалуымыз қажет.
Қазіргі студенттердің бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру заман талабы болып табылады. Құзыреттілік - оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны және қызметтің әмбебап тәсілдерін және білім берудің нәтижесі.
Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» (ББД) сияқты ұғымдарды қамтиды. Бірақ бұл ББД-ның жаңаша жай ғана жиынтығы емес. Құзыреттілік оқыту нәтижесін (білім және білік) ғана емес, сонымен бірге ол оқушылырдың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс- жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Ол, ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады. Сонымен, оқытудағы құзіреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, білім беру барысында оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Демек «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын білім беру орындарындағы педагогикалық тәрибеге енгізу білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» деп атап көрсетілген [2, 12]. Аталған міндетттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді.

Қоғамдық дамудың қазіргі үрдісі өзінің іс-әрекетін тиімді жоспарлай алатын, танымдық қызметінде алынған білімді орынды пайдалана білетін, түпкі нәтижеге жету үшін әр түрлі топтардағы адамдармен тиімді қарым-қатынас диалогіне түсе алатын білімді тұлғаны тәрбелеу мәселесін қойып отыр.
Оқыту формасында білім алушының өз еркімен білім алуына, материалды ойлау қабілетіне бағыттауға, оқытуды жаттанды түрде емес, шығармашылықпен меңгертуге көңіл бөлу қажет [3, 101]. Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің қайсыбір мықты тегеурініне төтеп бере алатын тіл үйренушілер ғана болашақтың кілтін аша алады. Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы білімді, жігерлі, рухани бай жас ұрпақ арқылы іске асады.
Сонымен, құзыреттілік – тек білім ғана емес, студенттің оқу үдерісінде меңгерген білімдерін, дағдылары мен біліктерін іс жүзінде дұрыс, орынды, тиімді пайдалануы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет