Құзыреттілікті дамыту жолдары


Ғалымдар білім берудегі құзыреттілік тәсілді жүзеге асырудың аспектілерін көрсетеді



бет2/3
Дата20.05.2022
өлшемі0.54 Mb.
#458210
1   2   3
Документ Microsoft Word (2)

Ғалымдар білім берудегі құзыреттілік тәсілді жүзеге асырудың аспектілерін көрсетеді:
Қазір ғалымдардың зерттеулерінде құзырлықты қалыптастыру білім беру мазмұны құралдары арқылы жүзеге асатыны, осыдан келіп білім алушының қабілеттілігі дамитыны және күнделікті өмірдегі шынайы проблемаларды – тұрмыстық мәселелерден бастап, өндірістік және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкіндіктері пайда болатындығына баса назар аударылып отыр.Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай, уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді.
Білім беру жүйесінде коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияның рөлі ерекше. Бұл технологияны қолдану оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін және жұмыс істеу шеберлігі мен қабілеттіліктерін арттырады. Бағдарламаны жақсы меңгеруге, өз жұмысын жоспарлауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді. Студенттің қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасына тікелей әсер ететіндер – ақпараттық құралдар.

Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға білім алушының хабардарлығын емес, нақты құбылыстарды танып білу мен түсіндіруде; қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде; практикалық өмірде; мамандық таңдау кезінде өзінің кәсіби білім алуға дайындығын бағалауда; еңбек нарығын бағдарлау қажет болғанда; өмірден өз орнын анықтауға; өмір салтын, кикілжіңдерді шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар мәселелерді шешу біліктілігін шығарады.Б.Тұрғанбаева: «Құзырлыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі

  • Түйінді құзыреттер;

  • Жалпыланған пәндік біліктіліктер;

  • Қолданбалы пәндік біліктіліктер;

  • Өмірлік дағдылар.

Бұл бағыттардың бәрі медициналық білім беру үшін өте қажет. Бұлардың әрқайсысын орындау студенттердің құзыреттіліктерін, олардың университет бітіргеннен кейін жұмысқа дайындығын арттыруға себепкер болады.
«Құзырлылық», «құзыр» ұғымдарының қолданыстағы білім, білік, дағдыдан айырмасы төмендегідей ажыратылады: молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады»[4, 86].
Студент қиялы жүйрік, жан дүниесі нәзік, өзін қызықтырған істе белсенді, ақыл-қабілеті дамыған, сондықтан шығармашылық оған шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс. Студенттің шығармашылығын дамыту жолдарын ақпараттық және коммуникативтік құзыретіліктер арқылы іске асыруға болады.
Ақпараттық құзыреттілік арқылы нақты объектілер көмегімен қажетті ақпаратты іздеу, талдап, таңдап (іріктеп) алу, ұйымдастыру, түрлендіру,сақтау және ақпаратты беру біліктері қалыптасады. Бұл құзыреттілік студенттің оқу пәндеріндегі және білім аймақтарындағы, сонымен бірге қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағдыларын қамтамасыз етеді.
Коммуникативтік құзыреттілік – қажетті тілдерді, қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді қамтиды. Студент анкета толтырып, хат, арыз жазуды, сұрақ қойып, пікір таластыруды т.б. білуі тиіс. Бұл құзыреттілікті оқу үрдісінде игеру үшін коммуникациялардың нақты нысаналарының қажетті және жеткілікті саны, олармен жұмыс тәсілі белгіленуі тиіс.
Орыс аудиториясында қазақ тілін оқыту барысында нәтижеге бағытталған іс-әрекетті құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру – негізгі міндет. Құзырлылық – студент іс- әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі.
Орыс аудиториясында шығармашылыққа бағыттау мынадай мәселелерді қарастыруы тиіс:


Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда маңызды мәселе.Сонымен бірге «қолданбалылық» желісінде – қазіргі білім беру мазмұнын елеулі байытып және модернизациялауға мүмкіндік беретін кем дегенде екі күшті идея жатыр. Мұның алғашқысы өте қарапайым. Шын мәнінде бұл білім беру мазмұнының іс-әрекеттік сипатта болу идеясы (тәсілдер туралы білімді емес, әртүрлі тәсілдердің өзін меңгеру қажет). Өте қарапайым мысал келтіруге болады. Мәселен, студенттер белгілі бір мәтінді меңгеру арқылы болашақ өз ойын толық түрде тәжірибе барысында да қолдана алуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет