Зорлық зомбылық



Дата21.11.2023
өлшемі16.56 Kb.
#483941
Документ Microsoft Office Word (8)


Мектептегі зорлық – зомбылық себептері
(буллинг мәселесі)
Қазіргі таңда педагогтар, психологтар, құқық қорғау жүйесі зорлық-зомбылықтың бір түрі ретінде булингке көп көңіл бөледі. Буллинг кейде өзіне деген теріс пікірі қалыптаса бастайтын және мінез-құлқы жағымсыз бағытта өзгеретін басқа адамдарға деген қатынасы нашарлайтын құрбанға айналу үрдісін немесе оның түпкілікті нәтижесінг білдіретін виктимизация процесімен біріктіріледі.
Соңғы жылдардағы зерттеулерді талдайтын болсақ, булингтің кең таралған түрі – жұптық қатынастар, оның артында физикалық күштің теңсіздігі ғана емес, сонымен қатар бір баланың екінші баланы өзіне бағындыруына мүмкіндік беретін билік дибалансы жатыр, оның үстіне бұл ұзақ уақыт бойы әртүрлі қарқынмен жалғасып отырады. Нәтижесінде тұрақты жұптық қатынастар түзіліп, бір жағындағы буллинг екінші жағындағы виктимизациямен толықтырылып отырады.
Әдетте «буллерлер» немесе қудалауды бастамашылар – бір-екі бала болуы мүмкін, ал мектептегі буллингке көбінесе бір топ балалалар қатысады. Көбінесе мектептегі буллинг бастамашыларының «одақтастары» сыныптағы бұзақы көшбасшының айтқанынан шықпайтын, өздері құрбанның орнында болуға қорқатын өз сыныбындағы әлділердің ырқына тез көнетін балалар болуы ықтимал.
Құрбанның орнында кез – келген бала болуы мүмкін, алайда олар әдетте өзгелерден ерекшеленіп тұратын балаларды таңдайды. Буллинг құрбандары қанша жерден ұялып,ызаланып қынжылса да басынан өткерген қорлығы жөнінде ешкімге тіс жармауға бел буады.
Көбінесе зорлық – зомбылық құрбанына келесі балалар айналып жатады:
-дене кемістігі бар. Денесінде кемістігі бар, мысалы көзілдірік тағатын, есту немесе көру қабілеті төмен балалар және өзін қорғай алмайтын немесе тиісті түрде тойтарыс бере алмайтын балалар жиі мазаққа ұшырайды;
-мінез-құлқында ерекшеліктері бар. Агрессия мен келемеждеу нысанына тұйық балалар немесе мінез-құлқы импульстерге жедел бағынатын балалар жиі ілігеді. Гиппербелсенді балалар басқалармен салыстырғанда ерекшелігімен көзге түседі.
-жаңадан мектепке келген оқушылар. Көптің назарын аудартады. Ерекшеліктері бірден көзге түседі.
Зерттеушілердің пайымдауынша, мектептегі бұзақылардың көбі сабақты нашар оқиды, сауаттылығы төмен болып келеді. Мектептегі үлгерімінің сәтсіздігі кейбір балалардың бойында түңілу, ызалану сезімдерін туындатып, ашу біртіндеп агрессиялық әрекетке ұласады, өздерінің сәтсіздігін жақсы оқитын құрбыларын мұқату есебінен толықтыруды жөн санайды.
Д. Ольвеус өз еңбектерінде буллинг бастамашысы болатын балалардың бәріне ортақ белгілерді атап көрсетті. Сонымен бірге зерттеушінің пікірінше, мінездің мұндай белгілері мектептегі қудалауға бастамашы болмайтын басқа балаларда да кездесуі мүмкін. Бастамашылардың санатына мыналар жатады: сыныптастарына дегенін істету және бағындыру арқылы өздерінің мақсаттарына қол жеткізетіндіктеріне сенімді, тез ашуланатын, ипульсқа берілгіш, құлқы агрессияға толы, өзінің құрбандарына аяушылық танытпайтын, физикалық тұрғыдан әлді болып келетін ер балалар. Қудалаудың бастамашылары үнемі назарда болғысы келетін, құрбандарына әлі келетіндігіне кәміл сенімді; дәмелері жоғары, сыныпты кшбасшы болуға ұмтылатын, өздерін өзгелердің алдында жоғары көтеру үшін құрбандарын төмендетуді жөн көретін агрессияшыл балалар; компромисс дегенді мойындамайтын, өздерін бақылай алмайтын, сыныптастарының қайсылары өздеріне қарсылық көрсете алмайтынын түйсігімен сезетін балалар;
1. Шеттету – мектеп ұжымы қарым-қатынасының істен шығуы. Қудалау – қате жүйе, оны ата-ана және балалар деңгейімен сұрыптау мүмкін емес. Мұғалімдер назарына не болып жатқанын жеткізу қажет. Көп жағдайда мұғалімдер бар кінәні шеттетілген баладан көреді: «ол басқаларға ұқсамайды», «ол өзін дұрыс ұстамайды», «оны ешкім ұнатпайды». Немесе тіпті : «ол өте ақылды, ал ақылдыларды ұнатпайды». Балаға қошемет ретінде айтылса да, ең бастысы бұл арандатушылықтарға берілмеу қажет.
2. Құрбан – әрдайым бір нәрсемен ерекшеленген бала емес. Бірінші бөлімге маңызды қосымша. Шеттетуді көбіне қалай түсіндіреді? Өте семіз, өте арық, көзілдірік таққан немесе бәрі өзіңнің кінәң. Бірақ шышына келетін болсақ сырт келбетіне, музыкалық талғамына, оқу жетістігіне қарамастан, буллинг құрбаны барлық бала болуы мүмкін. Әдемі және ақылды балалар басқалар секілді сыныптастарынан қиыншылық көруі мүмкін. Барлық шеттетілген балалар сезімталдығымен ерекшеленеді: олар өз қорқақтығын жиі көрсетеді.
3. Агрессор мен құрбанның рөлі – бұл мәңгілік емес. Әрине, шеттетудің әсері болашақта білінеді. Өмірінде шеттету болған адамдар мектепті ең жаман естелік деп қабылдайды. Бұл шеттетілген баланың ұтылғанын, агрессор өз кінәсін мойындамағанын білдірмейді. Сонда да мектептегі мінез – қщұлық адамның өмір бойына қала бермейді.
4. Мектептегі шеттетуде тек оқушылар емес мұғалімдердің де қатысы болады. Буллер-мұғалім – бұлагрессор-сыныптас секілді шындық. Тек мұғалімде кең ауқымда шеттетуге барлық ресурстар бар. Көбіне балалар болып жатқан оқиғаны басқаларға айта бермейді. Соның ішінде жыныстық қудалау да кездесуі мүмкін. Бала ұялып немесе бұл туралы қалай айтарын білмей қысылған болуы да мүмкін. Сол себепті балаға өз ойын жеткізе білетін сөздер беруіміз қажет. Мұғалім мен оқушының арасында дистанция болатынын және оны бұзуға болмайтынын бала біліп жүргені абзал. Мұғалім баланы төмендетпеу қажет және екеуінің арасында роман болуы мүмкін емес.
5. Ата-аналар жағдайды одан әрі ушықтыруы мүмкін. Мысалы, болып жатқан жағдайға қарамастан

Немістің ұлы ақыны В. Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып шығып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүруді жаны сүйген. Оның жүрген жерлері мезгілі келгенде керемет гүлдер өсіп шығатын.


Гете сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері көктеді ме, оны білу міндетті емес. Дегенмен сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық-зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет