— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020



Pdf көрінісі
бет13/88
Дата13.11.2022
өлшемі4.82 Mb.
#464719
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   88
????БИЗНЕСКЕ БАҒЫТ

Құрал-жабдықтар. Фотостудия үшін сізге 
керегі: фотоаппарат, жарықтар мен оларға қажетті 
аксессуарлар - софтбокстар, тіреулер, фондар, 
компьютер, принтер және басқа да қосымша 
жабдықтар.


 — 32 —
Қызмет түрлері. Алдымен бизнесіңіздің 
мақсаты мен бағыттарын анықтап алу керек. Содан 
кейін қандай қызмет түрлерін (портфолио үшін 
фото, имидждік жарнама, қойылымдық түсірілім, 
архитектуралық түсірілім және т.б.) көрсететініңізді 
нақтылау қажет. Және де бәсекелестерге қарағанда 
ерекшеліктеріңізді (жоғары сапа, көрсетілетін қызмет 
түрлерінің сан алуандығы, арзанырақ бағалар және 
т.б.) ойластырыңыз.
Фотоқызмет көрсету бизнесі – бұл кәсіби 
фотопортреттер, паспортқа арналған суреттер, 
маңызды шаралардың түсірілімдері, портфолио 
үшін фото жасау, жарнамалық өнімдердің түр-түрі 
(буклеттер, каталогтар). Тағы бір пайда табудың көзі 
– фотоларды, күнтізбелер мен ашық хаттарды шыға-
ру қызметі. 
Фотожарнамалық қызметтер үлкен табыс әкеледі. 
Жұмыс күні барысында портфолиоға арналған 
суреттер мен каталогтар бойынша тапсырыстарды 
орындап, ал кешке және демалыс күндері – жұмыс 
орны мен құрал - жабдықтарды фрилансерлерге 
жалға беруіңізге болады.
Қызметкерлер. Алдымен бір фотограф пен 
әкімші жұмыс істейтін кішігірім студия ашуға бола-
ды, ал болашақта сіз өзіңіздің бизнесіңізді кеңейтемін 
десеңіз, тағы бірнеше кәсіби фотограф, стилист пен 
дизайнер жалдауға тура келеді.
Өнімді өткізу. Фотостудия үшін жарнаманың 
алатын орны ерекше. Ол үшін өзіңіздің жеке 
сайтыңызды ашып, онда жұмыс үлгілері мен қызмет 
түрлерін, бағаларды, координаттарыңызды енгізіп 
қоюыңызға болады. 


 — 33 —
Ателье ашу
Қазіргі таңдағы әйелдерге арналған табысты 7 
кәсіптің бірі. Ателье ашу үшін осы сала туралы аз да 
болса хабарыңыз болуы қажет. Себебі сізге қандай 
құрал-жабдық қажет екенін білу, өндіріс көлеміне 
сай қанша тігінші жалдауға болатынын анықтау 
маңызды. Бұл қызмет түрі – өте жоғары сұранысқа ие. 
Сондықтан бәсекелестік жоғары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет