— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020



Pdf көрінісі
бет11/88
Дата13.11.2022
өлшемі4.82 Mb.
#464719
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   88
????БИЗНЕСКЕ БАҒЫТ

 — 28 —
Шаштараз ашу
«Аман болса басым, өсе берер шашым» деп қазақ 
бекер айтпайды. Расында шаш адамның негізгі көркі. 
Қай шаштаразға барсақ та, кезек күтіп отыратынымыз 
жасырын емес. Ерлер, әдетте, екі аптада бір рет 
шаштарын қысқартады, сондықтан да шаштараз 
бизнесін табысты ету қиын мәселе емес. Маңыздысы 
барлығын дұрыс ұйымдастыру және «айналдыру».
Неден бастау керек? 
• Ғимарат пен жалдамалы қызметкерлер 
таңдаудан бастау керек. 
• Егер сіз өзіңіз шаштараз өнерімен айналысамын 
деп шешсеңіз, онда оқу курстарынан өтіп, 
сәйкесінше сертификат алу қажет. 
• Сіз үшін уақытша шаштаразға жұмысқа орналасу 
тәжірибе жинақтауға көмектесетін болады. 
Бұлай істесеңіз, сіз «қолыңызды жаттықтырып», 
болашақ өзіңіздің шаштаразға келетін 
клиенттерді осы бастан таба бастар едіңіз. 
• Орташа деңгейлі шаштараз ашқан жөн, себебі 
қолжетімді бағадағы қызметке сұраныс әрдайым 
жоғарырақ. 
Негізінен, шаштараздың күрделі дизайнды 
болуы маңызды емес, жалдауға немесе қаланың 
айтулы ауданында ғимарат сатып алуға көп ақша 
жұмсаудың қажеті жоқ. Бастапқы кезде екі кресло мен 
екі әмбебап маманға арналған шаштараз ашу ең жақсы 
таңдау болып табылады. Клиенттерге ыңғайсыздық 
туындатпау үшін ер кісілерге ер шаштараздың, әйел 
кісілерге әйел шаштараздың болуын қадағалаңыз.


 — 29 —
Ғимаратты таңдауға ерекше мән берген
дұрыс, орташа бағадағы шаштараз үшін 
ең жақсысы – автобус аялдамасына жақын 
орналасқан тыныш аудандағы ғимаратты жалға 
алу. 
Шаштараз жеке тұрған ғимаратта немесе тұрғын 
үйлерде, қоғамдық ғимараттарда орналасуы мүмкін. 
Пәтерде шаштараз ашуға болмайды. Тек пәтер тұрғын 
емес үй қорына өтіп, оның кіретін есігі бөлек болған 
жағдайда ғана шаштараз ашуға болады. Шаштараз 
тұрғын үй ғимаратының бірінші немесе цокольдік 
қабаттына ғана орналаса алады. Жертөледе (подвал) 
шаштараз ашуға болмайды. Ескеретін жайт, шаштараз 
ашу үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудан 
және өртке қарсы инспекциядан анықтама алу 
бойынша стандартты процедуралардан өту қажет.
Қызметкерлер. Жалдамалы қызметкерлерді 
таңдауда олардың кәсібилігіне және психологиялық 
дайындығына, сондай-ақ шаштараз адамдармен, 
әсіресе, әйелдер қауымына арналған шаштараз аша-
тын болсаңыз, коммуникативтілігіне де мән беріңіз. 
Шаштараздың қызмет көрсету спектрі өте 
ауқымды бұл шаш қысқартудың, бұйралаудың, 
сәндеудің, шашты емдеудің әртүрлілігі. 
Шаштараздың бизнестің аралас түрлерін 
ұйымдастыру үшін қолайлы орын екенін естен 
шығармау керек, мысалы, онда шаш және тырнақ 
күтімі үшін қажетті тауарларды сатуға әбден болады. 
Сонымен қатар, қосымша табыс табу үшін шаштараз 
ішіне өз кезегін күтіп отырғандарға арналған кофе 


 — 30 —
және басқа да сусындары бар сауда автоматтарын 
қоюға болады.
Шаштаразды бәсекелестерден ерекшелейтін, 
клиенттеріңізге жағымды, ұнайтын ұсақ-түйектерге 
де мән беріңіз. Клиенттеріңізге сапалы қызмет 
көрсету, жақсы, жылы шырайлы мамандардан басқа 
не ұсынуға болады? Клиенттер үшін екі параметр 
өте маңызды: қолайлылық және өзіндік қайталанбас 
атмосфера, яғни телефон арқылы жазылуға 
мүмкіндік, желдеткіш, күтіп отыруға ыңғайлы 
орындықтар, теледидар, жаңа журналдар, жағымды 
әуен, қызықты безендіру, тірі гүлдер және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет