— 47 —
Франшиза
Жаңа терминдердің бірі болғанымен, ел
арасында етек жайып келе жатқан бизнес түрі.
Нақтылап түсіндіретін болсақ. Нарық заманында та-
уар өндіруші ірі компаниялар өздерінің тауарларын
сатудың жаңа әдісін пайдаланады.
Олар өздеріндегі
дайын бизнес тұжырымдаманы сату арқылы, сатып
алушыға сол аймақта фирманың тұжырымдама-
сын
қолдана отырып, бизнесті іске асыруына мүм-
кіндік береді. Бұл жүйе франчайзинг деп аталады.
«Франчайзинг» термині француз тілінен аударғанда
«franchise» - жеңілдік, артықшылық деген мағынаны
білдіреді. Сонымен, франчайзинг
дегеніміз - айрық-
ша құқық кешенінің құқық иеленушісі.
Франчайзинг – бұл бренд пен бизнес-жүйесін са-
тудағы табыс табу әдісі. Бұл жердегі «франчайзер»
– франшиза беруші, лицензиар, бас кәсіпорын иесі,
ал «франчайзи» – франчайзиат,
франшиза алушы,
лицензиат, фирманың тұжырымдамасын сатып
алушы.
Барлық франчайзингтік мәмілелер обьектілері
бойынша үш негізгі түрге бөлінеді:
1. Тауарлық франчайзинг;
2. Өндірістік франчайзинг;
3. Іскерлік франчайзинг.
Енді, франшизаның артықшылықтары мен
кемшіліктеріне тоқталайық.