— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020



Pdf көрінісі
бет22/88
Дата13.11.2022
өлшемі4.82 Mb.
#464719
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   88
????БИЗНЕСКЕ БАҒЫТ

№1 пайдалы кеңес. Массаж бизнесін жұмыс істеп 
тұрған мекемелерде: медициналық орталықтарда, 
спортклубтарда, монша кешендерінде, сұлулық 
салондарында және т. б. кабинеттерді ашу тиімдірек.
Біріншіден, бұл ұйымдардың санитарлық және 
медициналық лицензиясы бар және сіз тек жалға алу 
шартын ғана дұрыс жасауыңыз керек болады.
Екіншіден, бұл мекемелердің келушілердің 
бір бөлігі сіздің қызметтеріңізге міндетті түрде 
қызығушылық танытады.
№2 пайдалы кеңес. Бастапқы кезеңде, 
клиенттерге үйге немесе кеңсеге бару арқылы массаж 
қызметін көрсету арқылы, жалпы кабинетсіз жұмыс 
істеуге болады.


 — 51 —
Қоян өсіру
Қоян өсіру шаруашылығы – ауыл 
шаруашылығының перспективті саласы. Себебі 
қояндар жоғары ұрықтылығымен және жылдам 
өсетіндігімен ерекшеленеді. 
Соңғы жылдары 
фермерлер мен ірі агрохолдингтердің қояндарды 
өсіруге қызығушылығы күрт өсті. Нарықта диеталық 
ет сұранысқа ие және сарапшылар қоян етіне 
сұраныстың 3 есе өсуі мүмкін екенін алға тартып 
отыр.
Қоян өсіру фермасы жобасының артықшылығы:

еттің пайдалы қасиеттері (оңай сіңіріледі, 
аллергия тудырмайды);

қоянның жоғары өнімділігі: жас ұрпақ әрбір 3 
ай сайын өседі;

басқа ауыл шаруашылығы жануарларын өсіруге 
қарағанда, жоғары емес бастапқы салымдар;

фермаға қызмет көрсету бойынша елеулі 
күштің болмауы (бір қызметкер жеткілікті).
Қоян еті – диеталық ет, 90% -ға дейін сіңіріледі, 
құрамында майлар мен холестерин төмен. Балалар 
тамағын өндіру үшін жарамды болып саналады. 
Ағзадан ауыр металдардың тұзын шығаруға қабілетті. 
Қоян етіне деген сұраныс салауатты тамақтану 
үрдісін қалыптастырады, ал оның жоғары бағасын 
дүкендерде өнімдердің кең ассортиментінің жоқтығы 
тежейді.
Фермерлік шаруашылықтар үшін қоян шару-
ашылығы өте ыңғайлы кәсіп. Бұл бизнес ірі бастапқы 


 — 52 —
салымдарды талап етпейді, қояндарды өсірудің және 
күтіп ұстаудың жылдар бойы жұмыс істеген техноло-
гиялары осы іспен арнайы дайындықтан өтпей айна-
лысуға мүмкіндік береді. Ең қарапайым жабдықтарды 
талап ететін кәсіптің, қажетті заттарының бір бөлігін 
фермер өзі жасай алады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет