— 101 —
10. Өткен посттарды еске салып, бөлісу және т.б.
Көп жағдайда парақшаны жүргізетін жандар дәл
осы история мен тікелей эфирге шығуға ұялады. Ал
бизнесті дамытуда, жеке брендті қалыптастыруда
инстаграмның дәл осы функциялары таптырмас
құралдардың бірі. Эмоцияға толы фото,
видео
түсірудің де нәтижесі тауарды сатуға септігі мол.
Сондай-ақ, сіздің тауарыңызды алған жандардың
да пікірімен stories-те бөліссеңіз, белсенділік арта
түседі. Ал посттың астындағы пікірлердің бәріне
жауап беруге тырысу керек. Тіпті әр жазған пікірге
лүпіл
басып кетсеңіз, оқырман қуанып қалады. Ал
жағымсыз пікірлерді реттеу тікелей сіздің қолыңы-
зда. Инстаграмның (настройка) жөндеу бөліміне
кіріп, пікірлер деген бөлігіне жаман сөздерді немесе
жағымсыз сөздерді кілт сөз ретінде тіркеп, ешкім дәл
сондай сөзді комментарий
ретінде жаза алмайтындай
істей аласыз. Яғни, пікірлеріңіз қоқысқа толы боғауыз
немесе жағымсыз пікірлерден құралмайтын болады.
Өзіңіз қалаған өзгерістерді еңгізу арқылы біраз
жандардың сіздің парақшаңызға жазған пікірлердің
жарияланбауын жоя аласыз.