— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020



Pdf көрінісі
бет50/88
Дата13.11.2022
өлшемі4.82 Mb.
#464719
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   88
????БИЗНЕСКЕ БАҒЫТ

 — 119 —
сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету арқылы 
таза кіріс алуға бағытталған, жеке меншік құқығына 
(жеке кәсіпкерлікке) не шаруашылық жүргізу немесе 
мемлекеттік кәсіпорынды жедел басқару құқығына 
(мемлекеттік кәсіпкерлікке) негізделген дербес, 
бастамашыл қызметі кәсіпкерлік болып табылады. 
Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер атынан, оның тәуекел 
етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге 
асады.» 
Яғни, кәсіпкерлік деп – тәуекелге бел буа отыра 
жасалынатын экономикалық әрекеттерді және өндіру 
мен сатудан, істелген жұмыстардан жүйелі «пайда 
табу» мақсатын көздейтін қызмет. 
Кәсіпкерлік дегеннің не екенін пайымдаған 
соң, санамызда келесідей сауал орнайтыны 
анық. Кәсіпкерлікпен айналысатын, табыс табатын 
жеке тұлғалардың барлығы ДК ретінде тіркелуге 
міндетті ме?
Бұл сұраққа Кәсіпкерлік Кодекстің 35 бабында 
көрсетілгендей мынадай жауап табамыз.
Дара кәсіпкер ретінде мiндеттi мемлекеттiк 
тiркеуге мынадай шарттардың бiрiне сай келетiн 
жеке тұлғалар жатады:
1. жалдамалы жұмыскерлердiң еңбегiн тұрақты 
негiзде пайдаланады;
2. жеке кәсiпкерлiктен республикалық бюджет 
туралы заңда белгіленген және тиісті 
қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста 
болатын ең төмен жалақының 12 еселенген 
мөлшерiнен асатын мөлшерде Қазақстан 
Республикасының салық заңнамасына сәйкес 
есептелген жылдық кірісі болады.


 — 120 —
Демек, сіз жалдамалы жұмысшының еңбегін 
пайдаланбайтын болсаңыз және 2020 жылдың ең 
төменгі айлық көрсеткішімен есептегенде табысыңыз 
510 000 теңгеден аз болса, ДК ретінде тіркелмеуіңізге 
де болады. Бұл жағдайда сіз тапқан табысыңыз 
бойынша 240.00 нысанды салық есептілігін жеке тұлға 
ретінде тапсырып, 10% табыс салығын төлейсіз.
2019 жылы ДК ретінде тіркелмей-ақ заңды кәсіп 
жүргізудің тағы бір жолы пайда болды. Ол бірыңғай 
жиынтық төлем (БЖТ). Бұл дегеніміз салық органда-
рында өз-өзін жұмыспен қамтығандардың қызметін 
тіркеудің оңайлатылған тәртібі.
БЖТ мөлшері
Бірыңғай жиынтық төлемнің ай сайынғы 
мөлшері:
• Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада 
және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын 
жеке тұлғалар үшін – 1 АЕК;
• Басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар 
үшін – 0,5 АЕК.
Биылғы (2020 жыл) 1 АЕК = 2651 теңге. 
АЕК – айлық есептік көрсеткіш


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет