— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020



Pdf көрінісі
бет80/88
Дата13.11.2022
өлшемі4.82 Mb.
#464719
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   88
????БИЗНЕСКЕ БАҒЫТ

www.kazagro.kz
8 800 080 35 05


 — 185 —
Көріп тұрғандарыңыздай елімізде бизнес баста-
уға арналған бағдарламалар түрі өте көп, бастысы 
ниет болу керек. Әрекет етіңіздер, маған қашан 
біреу береді деп отырғанша, қазірден бастап іске 
кірісіңіздер! Әрекет түбі – берекет! 


 — 186 —
Кәсіп ашуға бағдарламалар легін тізе кеттім.
Әйтсе де, бұл бағдарламалармен бизнес ашуыңыз 
үшін, ең әуелі дұрыс бизнес-жоспар болуы керек. Еле-
стетіп көріңізші: қалай болса солай, нақты мақсатсыз, 
сауатты бағдарлаусыз, қаржылық есептілік дұрыс 
жүргізілмеген бизнес-жоспарға кім салым салғысы 
келеді? Әрине ешкім!
Бизнес-жоспарыңызды жазуды неден баста-
рыңызды білмейсіз бе?
• Қайтарымсыз гранттар,
• Өте аз пайызбен беріліп жатқан несиелер, 
• Қайтарымсыз субсидиялар жайлы көп етисіз. 
Алайда білсеңіз де ол бағдарламалармен дұрыс 
жұмыс жасау керек екенін ұғыну қиындық тудырып 
жатады. Тіпті әлгіндей бағдарламалардың шартта-
рын тындап қайтып кететіндер де көп. 
Көп ойланып, даурығудың қажеті жоқ. Ең дұры-
сы бұл сұрақтар бойынша кәсіби мамандарға жүгін-
геніңіз абзалырақ болады. 
Біріншіден, көп уақыт жоғатпайсыз.
Екіншіден, анық әрі нақты түсіндерме жұмы-
сы арқылы бәрі ап-айқын, ешқандай қиындығы 
жоқ екеніне көзіңізді жеткізесіз.
Бизнесіңізді бастау үшін қанша қаражат ке-
рек? 
Қаншалықты ол бизнеске сұраныс бар?
Салынған ақшаңыз қалай ақталады, қандай 
қаржы көздері бар, қандай бағдарлама тиімді бо-
лады?
Сондай-ақ өзге де сұрақтарға инвестиция ана-
литиктері өте сауатты түрде жауап береді. Алған ақ-
шаңыз жетпей қалып, жарты жолда бизнесіңіз тоқтап 


 — 187 —
қалмауын қалайтыныңыз анық. Олай болса биз-
нес-жоспарларға тапсырыс бергеніңіз тиімді болады. 
Себебі де сол қыруар шығынға бой алдырғаннан гөрі, 
сенімді бизнес-жоспармен жұмыс жасап, ақшаңызды 
құлдырауға емес, жүз есе ақтауға әрекет ете аласыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет