— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020


— 193 — «Енді бәрі кеш – бұл көптеген адамдардың табысқа жету



Pdf көрінісі
бет83/88
Дата13.11.2022
өлшемі4.82 Mb.
#464719
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88
????БИЗНЕСКЕ БАҒЫТ

 — 193 —
«Енді бәрі кеш – бұл көптеген адамдардың табысқа жету 
жолындағы ең үлкен тұзақ.
«Кеш» деген сөз кез келген өзгерістен қорқудан 
туындаған психикалық блок. Қазақта «ауру қалса да, 
әдет қалмайды» деген сөз бар. Біз сол соңымыздан 
қалмаған әдеттерден арылуға қорқады екенбіз. 
Қалыптасқан өмір салты көбінесе адамдарға батыл 
қадам жасауға және өмірлерін өзгертуге кедергі 
жасайды. Негізі адамдардың көбісі жалақыларына 
қанағаттанбайды; біреулер бірқалыпты өмірден 
шаршайды; енді бірі жағымсыз бастыққа төтеп беруге 
мәжбүр болады және тағы сол сияқты айта берсек 
жағымсыз жайттар жетіп жатыр. Осындай өмірден 
құтылу ешқашан кеш емес. 
Жеке кәсіпті бастау үшін бірден ірі бизнеске қадам 
басудың қажеті жоқ. Шағын бизнесте қолыңызды 
сынап көруге болады. Сізге не жақын екенін түсіну 
үшін бизнесті дамытудың сәтті тәжірибесін зерттеп 
көру керек. 
Кейде барлығымыз өмірде бірдеңені өзгертуге 
кеш болып кеткендей сезінеміз. Сонымен, «менің 
арман-тілегімді орындайтын пойыз жүріп кеткен 
тәрізді» деп күдерімізді үзе бастаймыз. Шын 
мәнісінде, мүлде олай емес. Үмітсіз тек шайтан ғана. 
Ешқашан кәсіп ашып, сүйікті ісімізбен шұғылдану 
кеш еместігіне мына төмендегі тұлғалардың өмірлік 
жолы айқын дәлел бола алады. 
Харланд Дэвид Сандерс
Көпшілікке жақсы таныс Харланд Дэвид 
Сандерс – полковник Сандерс. Ол әлемге әйгілі 


 — 194 —
KFC жылдам тамақтану желісінің негізін қалаушы 
(Кентукки Фрид Чикен – Кентукки штатында 
жасалған тауықтар). Жалпы алғанда, қырық жасына 
дейін ол өз өмірін тамақ пісіру немесе мейрамхана 
бизнесімен байланыстырмаған екен. Ол әскери 
қызметші, сақтандыру агенті, теміржолдағы өрт 
сөндіруші, фермер болып жұмыс жасаған. Бірақ 
ол қырық жастан асқанда ғана өзінің аспаздық 
талантын жетілдере бастайды. Сандерс магистральда 
орналасқан ғимараттан көлік жөндеу орталығы мен 
кішкентай асхана ашады. Сол жерде тауықтарды 
қысыммен қуырудың «құпия рецептін» ойлап тауып, 
жетілдіреді. Соның арқасында 11 дәмдеуіш қосылған 
тауықтар 15 минутта дайын бола бастайды. Ол өзінің 
алғашқы жеке мейрамханасын 47 жасында ғана 
ашты. Гарланд Сандерс 62 жаста болғанда франшиза 
келісімін жасаған. Осылайша Сандерс 70 жасқа 
келгенде ғана миллионер атанған. Қазіргі таңда 
әлемнің 134 мемлекетінде 15 мыңға жуық КFS жылдам 
тамақтану орындары бар. Сандерс ешқашан кәсіп 
ашу кеш еместігінің бір ғажайып үлгісі десек болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет