— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020



Pdf көрінісі
бет4/88
Дата13.11.2022
өлшемі4.82 Mb.
#464719
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88
????БИЗНЕСКЕ БАҒЫТ

Мақсат+Еңбек=Нәтиже 
Арықтағыңыз келе ме? Мақсат қойыңыз да, 
еңбек етіңіз!
Көп ақша тапқыңыз келе ме? Мақсат қойыңыз 
да, еңбек етіңіз!
Жақсы жерде демалғыңыз келе ме? Мақсат 
қойыңыз да, еңбек етіңіз!
Мақсат қойып алып әрекет етпеу – жалқаулық. 
Мақсатсыз бей-берекет еңбек ету – жүйесіздік. Ал, 
жүйесіз жасалған дүние керемет шығуы екі талай. 
Мақсат қойғанда ақылға сыймайтын ертегі жазып 
кетпеу керек. 100 келі салмақпен биыл Токиода өтетін 


 — 11 —
жазғы спорт олимпиадасына қатысамын деу күлкілі 
көрінетіні сияқты айға ұшамын, 80 мың жалақымен 
Нью-Йорктен пәтер сатып аламын деген секілді 
армандар мақсат бола алмайды. Нақты мақсат қоя 
білу де өнер. Алдымен өзіңізге ең қажетті деп тапқан 
межеңізге жетер жолды бағамдап алыңыз. Содан 
кейін сол бойынша әрекет етіңіз. Егер дәл осы бағытты 
ұстанар болсаңыз, мақсатыңыз орындалып, жемісін 
көре бастауыңыз шарт. 
Мысалы, үй алуым керек деп жалпы мақсат 
қойғаннан гөрі, қай қаладан, қандай көшеден, неше 
бөлмелі, шаршы ауданы қандай, қаражатын барлығын 
есептеп қою керек. Бұл сіздің ең үлкен мақсатыңыз. 
Осыдан барып кішігірім баспалдақтарын ойластыра 
бастайсыз.
Мақсатқа жетуді биік тауға балау керек. Тауға 
шыққанша мың жығылып, мың сүрінесіз, аяққа 
қайта тұрып ары қарай жүресіз. Мақсатыңызға 
жеткенше де тәуекелге барасыз, шаршайсыз әйтсе 
де ары қарай әрекет етесіз. Мақсатыма оңай жетемін 
деу ақымақтық. Оңай олжа тез дайындалатын тағам 
секілді. Бастапқыда тез дайын болғанына қуанып 
жеп аласыз, қайта-қайта жегіңіз келіп тұрады, бірақ 
соңында денсаулығыңызға зиян екенін түсінесіз. 
Мақсатқа жету үшін жоғарыда айтып өткендей тек 
еңбек ете білу керек. 
Біздің қазекеңнің неге бай адам десе төбе шашы 
тік тұрады екен? Жалпы, ауқатты адамдар жайлы 
жақсы сөзге сараңбыз, есесіне еңселі үйі мен оған 
кіріп-шыққан көліктерін көрген сайын көзімізге бәле 
көрінгендей, «осылар ақшаны қайдан алады екен?!» 
деп іштей күмілжіп қалатынымыз жасырын емес. 


 — 12 —
Сонда, кедейдің кедей болғанына бай жазықты ма? 
Яғни, байығанның бәрі жемқор ма? Санамызға бай 
жайлы, байлық жайлы жаңсақ пікір сіңіп қалған. 
Бай деген қарны жуан, құлқыны терең, қара бастың 
қамын ғана күйттеген, алдындағы малын санаудан 
ғана ләззат алатын ашкөз біреу... Қазақта «бай болсаң, 
Бапақтай бол, Азынабай, Сапақтай бол» деген сөз 
бар. Халқымызда бай–бақуатты адамдар жеткілікті 
болғаны тарихтан белгілі. Соның бір дәлелі, қазақта 
«Байдың тасуы» деген дәстүр болған. Дәулеті тасыған 
бай соны берген Жаратқанға алғыс ретінде бір апта, 
кейде тіпті он күндей елге мал таратқан екен. Мал 
алушылар сондай құрметті дәрежеге көтерілсем деп 
ырымдап алады екен. Яғни, «байлық қазаққа тән 
емес» деген ойды миымыздан шығарып тастауымыз 
керек. 
Адам дүниеге келген кезде не бай не кедей болып 
тумайды. Ол адам болып туады және адам болып 
өледі. Бірақ осы өмір мен өлім арасындағы ғұмырын 
ол өзі жасайды. Себебі ешкім сізге бәрін дайындап 
бермейді. Ал жақсы өмір сүру үшін жақсы адам болу 
ғана жеткіліксіз. Жақсы адамның да жақсы жұмысы, 
табысы, еңбегі болу керек. 
«Ауруын жасырған өледі» демекші, ашығын 
айтуымыз керек, бүгінде біз тәуелсіз ел болсақ та, әлі 
сол кедейлік психологиясынан арыла алмай отырмыз.
Бізге бәрін біреу беру керек секілді. Мәселен, жұмыс 
беруші жалақысын жоғарылатуы керек, мемлекет 
үй беруге тиіс, бағалар төмен болуы шарт, сондай-ақ 
көптеген қызмет тегін болуы тиіс! Ең арзан киім, арзан 
тамақ, әйтеуір арзан атаулыны іздеп, кейде әлдебір 


 — 13 —
затты сәл арзандау алу үшін сағаттап кезек күтуге 
бармыз. Таныс психология ма? Көбіміздің осылай 
ойлайтынымыз өтірік емес қой? Аталған қасиеттердің 
барлығы кедейлік психологиясына тән белгілер екен. 
Ал кедей болсаңыз, ол сіздің өз қателігіңіз. Себебі сіз 
көптеген әдеттерден арыла алмайсыз. Кедейліктің ең 
бірінші себебі ақшаның жоқтығы емес, сіздің ниетіңіз 
бен өмір сүру қағидаңыз. Адамдар қашанда байлыққа 
ұмтылып, бақуатты өмір сүргісі келеді. Алайда, 
көптеген жандардың кедейлік психологиясынан 
арыла алмайтыны да бар. Осы кедейлікке келтіретін 
әдеттер мыналар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет