— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020



Pdf көрінісі
бет53/88
Дата13.11.2022
өлшемі4.82 Mb.
#464719
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   88
????БИЗНЕСКЕ БАҒЫТ

Салық есептіліктері
Бұл тарауда шағын кәсіппен айналысатын дара 
кәсіпкерлер ең жиі пайдаланатын оңайлатылған 
және патент негізіндегі салық режимдерінің салық 
есептіліктерін қарастырамыз. 
Патент негізіндегі салық режимінің салық 
есептілігі 911.00 нысанды есептілік. Бұл режимді 
табысын алдын ала білетін кәсіпкерлерге пайдаланған 
ыңғайлы. Себебі салығы алдын ала төленеді. Мысалы 
2020 жыл үшін кәсіпкерлер 2019 жылдың желтоқсан 
айында салық төлеп, есептіліктерін тапсырды. 911.00 
есептілігі 1 жылға арналған. Алайда 1 жылдың са-
лығын бірден төлеуге мүмкіндігі болмаса, ай сайын 
есептілікті тапсырып, ай сайын төлемдерді жасап 
отыруға болады. Толығырақ төменде қарастырайық.


 — 127 —


 — 128 —


 — 129 —


 — 130 —
Енді осы салық есептілігі қалай толтырылады, 
қалай есептеледі?
«Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» 
бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді 
көрсетеді:
1) салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі 
(бұдан әрі - ЖСН);
2) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған 
кезде) немесе атауы.
Салық есептілігін электронды түрде тапсыратын 
болсаңыз, ЭЦҚ арқылы салық төлеуші кабинетіне 
кірген кезде жоғарыдағы жолдар автоматты түрде 
толтырылып тұрады. 
3) салық есептілігі (есеп) табыс етілетін салық ке-
зеңі (араб сандарымен көрсетіледі);
4) Есеп түрі. Бұл торкөзде салық есептілігін 
бірінші рет тапсырып отырған болсаңыз «бастапқы» 
одан кейінгі есептіліктер «кезекті» толықтырулар 
мен түзетулер енгізу мақсатында болса «қосымша», 
ал егер салық басқармаларынан келген хабарламаға 
жауап ретінде тапсырылып отырған салық есептілігі 
болса «хабарлама бойынша қосымша» деген түрі
белгіленеді;
5) хабарламаның нөмірі мен күні. Бұл торкөз 
есептіліктің төртінші түрі болған кезде ғана толты-
рылады;
6) салық төлеушінің бөлек санаттары. 
Торкөздер егер салық төлеуші А немесе В, C немесе 
D торкөздерінде көрсетілген санаттардың біріне 
жатқан жағдайда белгіленеді;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет