— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020



Pdf көрінісі
бет56/88
Дата13.11.2022
өлшемі4.82 Mb.
#464719
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   88
????БИЗНЕСКЕ БАҒЫТ

 — 135 —
түрде тоқтатылатын болатындығымен таныстым 
және келісемін деп көрсетіледі.
16. «Салық төлеушiнiң жауапкершiлiгi» бөлімін-
де:
1) «Салық төлеушінің аты-жөні» жолында жеке 
басын куәландыратын құжаттарға сәйкес дара кәсіп-
кердің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде);
2) есептің мемлекеттік кірістер органына тапсы-
рған күні;
3) орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірі-
стер органының коды көрсетіледі.
4) тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірі-
стер органының коды.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының 
азаматтарды тіркеу туралы заңнамасына сәйкес 
азаматты тіркеу орны (место прописки) жеке тұлғаның 
тұрғылықты жері болып танылады;
Осы тармақтың 5), 6), 7) және 8) тармақшаларын 
декларацияны қағаз жеткізгіште қабылдаған 
мемлекеттік кірістер органының қызметкері 
толтырады.
911.01-нысанын толтыру бойынша түсіндірме
17. 911.01 нысаны патент алу үшін қажетті 
ақпаратты көрсетуге арналған және дара кәсіпкермен 
міндетті тәртіпте толтыруы тиіс.
18. «Патент туралы мәліметтер» бөлімінде:
1) 911.01.001 жолында патент негізіндегі арнаулы 
салық режимін қолданатын мерзімі көрсетіледі;
2) 911.01.002 жолында жүзеге асырылып жатқан 
кәсіпкерлік қызметтің түрі (ЭҚЖЖ) көрсетіледі;


 — 136 —
3) 911.01.003 А, 911.01.003 В, 911.01.003 С, 911.01.003 
D, 911.01.003 Е, 911.01.003 F жолдарында кәсіпкерлік 
қызметті жүзеге асыру орны (облыс, қала немесе ау-
дан, кент немесе ауыл, көшенің атауы, үй және пәтер 
нөмірі (болған жағдайда)) көрсетіледі.
911.01.003 G жолында коммерциялық жылжы-
майтын мүлiк объектiлерiнің, сондай-ақ сауда объ-
ектілерінің атауы, коммерциялық жылжымайтын 
мүлiк объектiлерінде, сондай-ақ сауда объектілерінде 
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде бөлімнің 
нөмірі немесе атауы көрсетіледі. Кәсіпкерлік қызметті 
автомобильмен жолаушылар және жүк тасымалдау 
саласында жүзеге асырған жағдайда 911.01.003 G жо-
лында нөмірі мен жүру бағыты көрсетіледі;
4) мүлікті жалға беру бойынша қызметін әртүрлі 
елді мекендерде жүзеге асырған жағдайда қосымша 
мына жолдар толтырылады:
911.01.004 – жүзеге асырылатын қызмет түрі;
911.01.005 – дара кәсіпкер орналасқан (тіркеу) ор-
нынан бөлек кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың 
өзге орны толтырылады. 
Салық есептілігінің келесі түрі оңайлатылған 
салық декларациясы. Ол 910.00 нысан. 910.00 
нысанды салық декларациясы жарты жылда 1 рет 
тапсырылады. Қаңтардан маусымға дейінгі аралық 
үшін 15 тамызға дейін, шілдеден желтоқсанға дейінгі 
уақыт үшін 15 ақпанға дейін тапсырылу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет