\\Ъ 5 И. Нугыманүлы, Ж. Ә. Шоқыбаев


Оқушьшардың білімін, бічігін жэне дагдыларын қорытып



бет55/162
Дата19.12.2023
өлшемі2.23 Mb.
#486989
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   162
Нұғманұлы учебник

Оқушьшардың білімін, бічігін жэне дагдыларын қорытып


тексеру жэне баеалау. Оқушылардың білімін, білігін жэне дағдысын қорытынды тексеру олардың білімін есепке (зачет) алу жэне емтихан қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

Химиядан орта мектепте оқушылардың білімін есепке алу кѳп жылдардан бері қолданып келе жатса да әдістемесі нақтылы талданбаған. Ең алдымен эр сыньшта ѳткізетін сынақ санын және тақырыптарын анықтайды. Екінші кезекте тақырып бойынша тексерілетін білімнің, біліктің және дағдының мазмүны анықталады. Үшіншіден, оларды тексеретін сүрақтар мен тапсырмалардың тізбесі жасалады, бүған жай жэне мэселелі сүрақтар, сан жэне сапа есептері келтіріледі. Тертіншіден, материалдың мазмүнына қарай сынақ ауызша немесе жазбаша откізіледі.


Сынак кезінде белгіленген сүрақтар бойынша бір оқушы жауап береді, қалғандары тыңдап, түзетулер жасайды немесе бір сүраққа барлық оқушы жауап береді. Кейде, әсіресе, қорытындылау сабақтары кезінде 3-4 оқушы ауызша сүралады, 8-10 оқушы эксперимент есептерін, 8-10 оқушы сан есептерін шығарады. Бүл әдістердің эрқайсысының озіне тэн артықшылықтары жэне кемшіліктері бар. Келтірілген әдістердің біріншісінде сүралғаннан басқа оқушылар белсенділік танытпайды, кейбір оқушылар ғана тексеруден отетіндіктен копшілік оқушылар жонді әзірленбейді. Екінші эдіспен білім тексеруге уақыт коп кетеді, барлық сүрақты





131

қамту қиынға түседі. Үшінші эдісте оқушы бір жағынан ғана тексеріледі. Мү.ның қайсысында болса да оқушының тақырыпты толық менгергені жонінде нақтылы пікір айту мүмкін емес. Сондықтан тексеру эдістерін бір-бірімен штастырып, түрлендіріп отыру керек.

Сынақ оқушылар білімін есепке алудың басым түріне жатады, оны емтиханға айналдыруға болмайды. Әдетте, сынақ (зачет) алу 1-2 сағатқа созылады, сабақ үстінде отқізіледі. Оқушыларды толық қамту үшін жартылай жазбаша химиялық диктант, бақылау жұмысы, жартылай эңгімелесу түрінде ѳткізілуі мүмкін.


Химиядан мектеп бітіру емтихадары оқушылардың біліміпің, білігінің дағдысының сапасын анықтап, мемлекеттік бақылау жасау үшін бірыңғай билепер жүйесін қолдану арқылы отқізіледі. Емтихан билеттерінде оқушылардың теориялық білімі (бірінші сұрақтар), химиялық элементерді жэне олардың қосылыстарын сипатай білу (екінші сұрақ), сан жэне экспериментгік есептерді шығару біліктері мен дағдылары (үшінші сұрақтар) тексеріледі. Билеттерде есептердің типі кѳрсетіледі, оларға сэйкес нақтылы есептерді мұғалімнің озі таңдайды. Олардың мазмұны жергілікті материалдарға байланысты құралғаны дұрыс.


Емтиханға эзірлену қорытынды қайталау, типтік есептерді шығару түрінде жүзеге асырылады. Мұнда химияның бір саласының ішіндегі, эр салаларының арасындағы (бейорганикалық химия, органикалық химия, жалпы химия) байланысты тудыруға, негізгі ұйымдардың даму сатыларын анықтауға жэне бір жүйеге түсіруге баса назар аударылады.


Бақылаудың барлық түрлеріндегі оқушылардың білімін, білігін жэне дағдыларын бағалау нормалары бағдарламада кѳрсетілген, соны басшылыққа алу керек.


Бағалау кезінде оқушылар жауабының сапалық корсеткіштері ескеріледі, олар: тереңдігі, толықтығы, сапалылығы, жіберген қателіктерінің саны мен сипаты. Оқушы жауабының тереңдігі теориялық деңгейінен керінеді. Олардың минералды қьшіқылдың қасиеттерін - электоролиттік диссоциациялану, органикалық қышқылдардың қасиеттерін электрондық теория тұрысынан түсіндіре білулері керек.


Оқушының жауабында жіберген қателері елеулі жэне болымсыз деп есептеледі. Елеуліге оқушы жауабының таяз жэне түсініксіз





132

болуынан туындайтын мына қателіктер жатады: оқушы ұғымның негізгі белгілерін, затардың маңызды қасиеттерін, заңның тұжырымын шатастырады, теориялық білімін құбылыстарды салыстыруға, жіктеуге, түсіндіруге, себеп-салдар байланысын ашуға және болжай білуге пайдалана алмайды. Болымсыз қателерге оқушының жаңылып кетуінен, ѳз жауабында мән бермей сѳйлеуінен жэне жазуынан туындайтын қателіктер жатады, мэселен реакция теңдеуіне кейбір коэффициенттер қоюды үмытады, ион зарядтарын және санын дәл кѳрсетпейді, бірақ мұғалімнің ескертпесінен кейін оларды түзетеді.

Осы сапалық кѳрсеткіштер тұрғысынан ауызша жауапқа қойылатын бағалар:


«5» деген бага отілген теориялардың түрғысынан толық жэне дүрыс берілғен, эдеби тілмен жүйелі баяндалған және оқушының дэйектілігін білдіретін жауапқа қойылады.


«4» деген баға отілген теориялардың түрғысынан толық дүрыс жэне жүйелі баяндалған, бірақ еқі-үш болымсыз қате жіберіп, мүғалімнің ескертуімен түзелген жауап үшін қойылады.


«3» деген баға толық, бірақ елеулі қатесі бар жауап үшін немесе толық емес, ретсіз жауапқа қойылады.


«2» деген баға оқу материалының мазмүнын түсінбей немесе елеулі қателер жібергенде, мүғалімнің жетелеуші сүрақтарынан кейін қателерін түзете алмағанда қойылады.


«1» деген баға жауап болмайтынын корсетеді.


Сонымен оқушылардың білімін, білігін жэне дағдысын тексеру





  1. оқыту мақсаттарынның қандай дэрежеде орындалғанын корсетеді. Соңғы кездерде деректерді, теориялық материалды, тілді меңгеруге, экспериментті меңгеруге, есептерді шығаруға қойылатын талаптар, білімді бағалау критерийлері бағдарламада корсетілген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет