124
Ауызша сүрау бірнеше кезеңнен тұрады, эр кезеңнің тиімділігін арттыратын эдістері бар.
Сұрақ қою, жауап беретін окушыны тыңдау. Сұрақ алдымен жалпы класқа беріледі, эр оқушы ѳзінің психикалық жагынан жауап қайтаруга эзірлейді. Бірінші сұрақты дайындауға уақыт аз бѳлінетіндіктен жауап беруге тәуір оқитын оқушы шақырылады. Ол тақтага жетіп әзірленгенше сыныпқа екінші сұрақ беріліп, екінші оқушы жекелеп жауап беруге эзірленеді. Осылай, сұрақ жоспарына сэйкес, келесі оқушылар шақырылады, бірінші оқушы жауабын бастайды.
Оқушының жауап беруге ззірленуі. Сұрақтың мазмұнына сәйкес оқушы жауап беру жоспарын жасайды, тақтага химиялық формулаларды, реакция теңдеулерін, есеп шығару амалдарын жазады. Тэжірибе жасау тапсырылған болса, қажетті реактивтерді, аспаптарды, эр оқушының эзірлігін және сыныпты қадагалайды, қажет жағдайда ескертулер жасайды, сыныпқа арнайы тапсырма
береді.
Жауапты тыңдау. Бұл- аузша сұрақ қоюдың ен жауалты және қиын кезеңі. Әдетте оқушылар тақтада жауап берген оқушыны зейін салып тыңдамайды, бос отырады немесе ѳзіне ұнайтын бірдеңелермен айналысып кетеді. Мұндай жағдайды болдырмас үшін мүғалім сыныпқа қалай тыңдау керектігін айтып, тапсырмалар береді:
жауаптыц жоспар бойынша жүйелі берілуін қадағалау;
Ә) қандай ескертпелер және толықтырулар жасауға болатынын межелеу;
Б) жауап туралы пікір айту;
B) жауапқа бага беріп, неге олай бағаланғанын түсіндіру;
Г) оқушының жауабын анықтай түсетін және толықтыратын сүрақтар қою;
Д) тәжірибені дүрыс жасап, қорытындылау.
Жолдасының жауабына пікір айту (б) күрделі жүмыс, пікірде жауаптың толықтығы, тереңдігі, дәлелділігі, есептің шығарылу тэсілі, тэжірибенің қалай қойылғаны талданады. Мүны жүзеге асыру үшін оқушы ѳз білімін басқа оқушының жауабымен салыстырып, айырмасын таба білуі керек. Бүған оқушылар біртіндеп үйретіледі. Жолдастарының жауабын бағалау да (в) оқушыдан парасатты, білімді жэне әділ болуды қажет етеді. Басқа жағдайда білімді багалаудың
125
құны түсіп, бос әурешілікке экеліп соқтырады. Жауап берген оқушыга сүрақтар қоюда (г) күткен нэтижеге жете алмайтын жағдай жиі кездеседі. Ѳйткені оқушылар жауаптың мазмұнына қатысы аз кездейсоқ сұрақтарды жаудыртып жібереді. Сонымен пікір айту, бағалау жэне сұрақтар қою оқушылардан білімділікті, сыйластықты, т.б. жоғары сапалы қасиеттерді қажет ететін болғандықтан, мектеп сарамандығында тиесілі орын ала алмай келеді. Бүкіл сынып ұйымдасқан түрде жұмыла кіріскенде ғана сұрау мақсатына жетеді, ал білім бэсекесін тудыру арқылы сыныптың белсенділігін арттыру мұғалімнің шеберліғіне байланысты. Тэжірибесі аз мұғалімдердің ауызша сұрақты ойдағыдай жүргізуге қиналатынын, қойылатын талаптарды толық орындамайтынын ұстаздық сараман кѳрсетіп келеді.
Жаппай ауызша сұрау қысқа мерзім ішінде бүкіл сыныптың бір мэселе жѳніндегі білімін анықтау үшін пайдаланылады. Үй тапсырмасы, химиялық ұғымның қалыптасуы, жаңадан ѳтілген материалды қалай түсінгені, кѳбінесе, жаппай тексеріледі. Сұрақтар қысқа, негізгі мэселені ғана қамтитын түрде беріледі. Мэселен хлор тақырыбы бойынша “Хлордың суда ерігіштіғі қандай?”, “Хлор суының қасиеті жѳнінде не білесіздер?” іспетес 25 сұрақ эзірлеуге болады.
Жаппай сұрау кезінде оқушылар нақтылы деректі біле ме, білгенін түсіне ме, түсінбеген жағдайда себебін анықтау жэне болдырмау мақсаты кѳзделеді. Деректі толық білмейтін оқушыдан оны дәлелдеп тұсіндіруді талап етудің қажеті шамалы. Кейде деректің ѳзін білгенімен мэнісін түсінбеуі де мүмкін. Мэселен, оқушы хлордың суда аз еритіндігін, бірақ оның себебін молекула құрылысы тұрғысынан дәлелдеп бере алмайды. Ѳйткені газдардың ерігіштігі химиялық байланысының табиғатына тэуелді екенін естен шығарып алған. Мұндай жағдайда оқушының жауабын нақтылай түсетін қосымша сұрақтар қоюға тура келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |