Оқушыларды халық шаруашылыгын химияландыру
мәселелерімен таныстыру. Халық шаруашылығын химияландыру химия ѳндірісінің ѳнімдерін және химия ғылымының жетістіктерін шаруашылықтың эр түрлі саласында кеңінен қолдану арқылы жүзеғе асырылады. Химияландырудың мақсаты - шикізаттарды жэне энергияны тиімді пайдалану, ғылыми-техникалық әрекетті жеделдету жэне экономиканы интенсивтендіру.
Халық шаруашылығын химияландыру мәселелерімен оқушылар жеке химиялық элементтерді жэне олардың қосылыстарын ѳткенде танысады. Әрбір элемент қосылыстарының қоаданылуын кѳрнекі бейнелейтін сызбанүсқалар, кестелер жэне тірек хабарларын сызады. Ең маңызды методикалық мэселе - заттың сан алуан қолдануларының ішінен оқушыларға белғілі қасиеттеріне сай келетіндерін іріктеп алу.
Химияның маңызы туралы оқушылардың жеке сыныптарда
алған білімі «Еліміздің халық шаруашылығын дамытудағы химияның мәні» деген соңғы тақырыпта қорытылып, жүйеленеді. Бүл тақырыптың мақсаты; халық шаруашылығын химияландырудың негізгі бағыттарының мэнін ашу; химия ѳнеркэсібіндегі ғылыми-техникалық жаңалықпен таныстыру; экологиялық мэселелерді шешудегі, азық-түлік жэне энергетика бағдарламаларын жүзеге асырудағы химияның маңызын кѳрсету; химия ѳнеркэсібі дамуының басқа ғылымдармен байланысын анықтау; химиялық ѳнеркэсіп жѳнінде бағыт-бағдар беру.
Ең алдымен осы мақсатқа жеткізетін оқу материалының мазмүны таңдап алынады. Мүндағы ескерілетін мэселе - химия
314
ѳнеркэсібі ауыр индустрияның ең маңызды салаларының бірі, оның құрамына мына ѳнеркэсіптер кіреді; тау-кен химия ѳнеркәсібі, негізі і химия ѳнеркэсібі (минералды тыңайтқыштар ѳндіру, сода алу, хром, бром жэне йод ѳнеркэсібі, т.б.); химиялық талшық ѳндіру; синтетикалық смола, пластмасса ѳндірісі, бояу, органикалық синтез, тұрмыстық химия ѳнеркэсіптері, химиялық реактивтер жэне аса таза заттар ѳндіру; химия-фотография ѳнеркэсібі.
Осы енеркэсіптерді іске қосу жэне жедел қарқынмен дамыту арқылы халық шаруашылығын химияландыру үш бағытта жүзеге асырылады.
і р і н ш і б а ғ ы т - шикізат қорларып толық жэне тиімді пайдалану. Химия пайдаланатын шикізаттар минералды шикізат, жангыш қазба байлықтар, ѳсімдіктер жэне жануар шикізаттары болып бѳлінеді. Минералды шикізаттарга химиялық элементтердің табиғатта кездесетін қосылыстары жатады. Олардың ең арзаны мен кең таралғаны - су мен ауа. Ауадан оттегі мен азот, сутегі мен оттегі алынады. Шикізаттарды химиялық ѳңдеу үшін 20 млрд т шамасына дейін оттегі, отын ретінде 2,5 млрд т кѳмір жэне соншама мүнай қажет. Қазба байлықтардың қоры жыл сайын азаюда, кейбіреулері таусылып та келеді. Сондықтан шикізат мэселесін түпкілікті шешудің бір ғана жолы - заттардың түйық тізбекті алмасуын қамтамасыз ету, геохимиялық ашық тізбекті технологиядан геологиялық тұйық тізбекті технологияға кѳшу.
Оқушылардың 8-сыныпта күкірт қышқылы ѳндірісімен танысуына байланысты шикізаттарды кешенді пайдалану жѳнінде нақтылы үғым қалыптастыруға зор мүмкіндік туады. Қазірі і кезде ѳндірілетін күкірт қышқылының үштен бірі түсті жэне қара металлургияның, газ жэне мүнай ѳнеркәсібінің қалдық газдарынан алынады, ол екі есе арзанға түседі. Қалғаны арнайы шикізаттардан - колчедан мен бос күкірттен ѳндіріледі. Колчеданнан жанасу эдісімен күкірт қышқылын ѳндіру, оқушыларға таныс реакциялар бойынша үш сатыда жүзеге асады. Бірінші сатысы;
4Ғѳ82+ 1 Ю г =2ҒѳгОз + 8 8 0 г
Ѳндірістің
|
келесі сатысында күкіртті газ ғана іске жаратылады,
|
темір
|
(111)
|
оксиді қалдық ретінде тасталып, зауыт маңын ластайды.
|
Қазір
|
бұл
|
қалдықты шегендеме ѳнеркэсібі пайдалануга кірісті.
|
Осыған орай бұл ѳнеркэсіп шикізатының 15 пайызы химия жэне металлургия ендірісінің қалдықтарынан құралатыны айтылады.
315
Е к і н ш і б а ғ ы т - шикізаттарды химиялық ѳңдеу әдістерін кеңінен қолдану. Нақтылы ұғым қалыптастыру үшін химиялық жұмыстарды ѳңдеудің басқа тәсілдерімен салыстырып, К.Марқстің «адамзат химиялық эдістер мен реакцияларды меңгерген сайын механикалық ѳңдеудің орнын химиялық ѳңдеу алмастырады» деген кѳрегендік сѳздерін келтіруге болады. Мұның бұлжымас шындық екені нақтылы мысалдармен кѳрсетіледі. Бұрын ағаш пен тас кѳмір отын ретінде ғана пайдаланылса, қазір олар аса бағалы шикізаттар. Ағаштан этил спирті, алебастр, скипидар, ақуыз ашытқысы, фурфурол, кѳмір қышқылы, метил спирті, кѳмірден кокс, кокс газы, смола, аммиак, т.б. толып жатқан ѳнімдер алынады. Оның үстіне тас кѳмірді құрғақ айдау - қалдықсыз жұмыс істейтін ескі ѳндірістердің бірі. Кокс металлургияда тотықсыздандырғыш, кокс газы бағалы химиялық ѳнімдер алу үшін шикіза ретінде пайдаланылады. Бір кезде бұл газ қалдық заты есебінде түтінмен бірге кететін. Осыған орай мынадай бір оқиғаны оқушылар ұйып тыңдайды. Ѳткен ғасырдың аяғында Россияның кокс ѳндіретін зауытына шетелден бір бейтаныс кісі келеді. Тегін алыңыз дегенге кѳнбей, зауыт мұржасынан ауага шығып жатқан түтінді сатып алады. Бұған зауыт басшылары да, есітушілер де қайран қалады. Тіпті осының ѳзі есінен адасқан біреу шығар деушілер де табылады. Кѳп ұзамай-ақ кокс пештерінің жанынан түтінді тосып алатын қондырғы салынады. Одан элгі адам аммиак, фенол, бензол, нафталин жэне бірқатар басқа да бағалы ѳнімдер шығарып, пайдаға кенеледі. Келеке етушілер оның іскерлігіне таңдаңады. Ғылым мен ѳндіріс тарихынан келтірілген қызықты мысалдар оқушылардың кѳңіл-күйін кѳтеріп, ынтасын арттырады.
ш і н ш і б а ғ ы т - химия ѳнімдерін халық шаруашылығының басқа салаларында жэне тұрмыста кеңінен қолдану. Ең алдымен химия ѳнімдерін тұтынатын шаруашылықтың салалары ѳнім үлесінің кему реті бойынша келтіріледі: химия ѳнеркэсібі; машина жасау; жеңіл ѳнеркәсіп; ауыл шаруашылығы; түсті жэне қара металлургия; құрылыс; транспорт; ағаш ѳңдеу ѳнеркэсібі; отын жэне энергетика; құрылыс материалдары; сауда; басқа да ѳнеркәсіптер. Қолданылатын енімнің үлесі кесте түрінде пайызбен беріледі. Бұдан біраз бұрынғы мэліметтерге қарағанда ѳнімнің 30 пайызға жуығын химия ѳнеркәсібінің ѳзі, 17,75 пайызын машина жасау ѳнеркәсібі тұтынады. Машина жасауда мырыш - полиэтиленмен, мыс - полихлорвинил
316
пластинкасымен, қола - капронмен, жез - полиформальдегид пластмассасы-мен алмастырылуда.
Химия ѳнімдерін мол тұтынатын келесі сала - жеңіл ѳнеркәсіп. Ѳсімдіктер мен жануарлардан алынатын мақта жэне жүн маталар, тері мен былғары химиялық жолмен ѳңделеді. Олардың орнын жасанды тері мен былғары жэне синтетикалық талшықтар басуда. Мұндағы назар аударатын басты мэселе - тоқыма ѳнеркэсібінің шикізаттары жақсартылып, жұмсалатын еңбектің мѳлшері азаюда. Мүны мақта, кендір, табиғи жібек жэне жүн жіптерінің, жасанды талшықтың, нитрон, вискоза, капрон жібегінің бір тоннасын ендіруге шығындалатын жүмыс сағатын салыстыру арқылы нақтылы цифрлармен қѳрсетуге болады.
Металдар кен орнынан химиялық эдіспен алынады, химия ѳнімдері бүл салада кѳптеп қолданылады. Мартен пештерінде, конверторда, элехтр пештерінде оттегін пайдалану еңбек ѳнімділігін арттырып, алынатын металдың сапасын жақсартады. Жоғары температурада оттегін үрлеп, шойын қорытқанда еңбек ѳнімділігі 30 пайызғ’а артады, кокс 40% аз жүмсалады. Мүндай мысалдарды мерзімді баспасѳзден кѳптеп табуға болады, эсіресе жергілікті ѳндірістерге байланысты сандық мэліметтерді іздеп табудың жэне пайдаланудың маңызы зор.
Халық шаруашылығын химияландыруға байланысты оқу материалын откенде мынадай әдістемелік тэсілдер қолданылады;
Жеке тақырыптардың мазмүнын деректі материалдармен байыту. Химиялық ѳндірістерді және металлургияны оқытқанда олардың қолы жеткен табыстарын кеңінен корсету. Осы мақсат үшін Орталық Санақ бѳлімінің анықтама мэліметтерін, жергілікті ѳндірістің материалдарын пайдалану;
Жүйелі түрде жиналған материалдардан түсті плакаттар, диаграммалар, графиктер, кестелер эзірлеу, оларды тиімді пайдаланудың үйымдастыру түрлерін жэне эдістерін іздестіру;
Оқушыларға сабақтарда жасайтын хабарлама жэне баяндамалар эзірлету, іс-эрекет ойындарын үйымдастыру. Ол үшін ғылыми-кѳпшіліқ эдебиеттерін, мерзімді баспасѳз материалдарын толық пайдалану;
317
4. Халық шаруашылығын химияландыруға арналған тақырыптық кештер ѳткізу, үйірме жүмыстарын үйымдастыру, викториналар әзірлеу жэне қабырға газеттерін шығару.
Достарыңызбен бөлісу: |