\\Ъ 5 И. Нугыманүлы, Ж. Ә. Шоқыбаев


Қорытындылау сабақтарын ѳткЬудің әдістемесі



бет143/162
Дата19.12.2023
өлшемі2.23 Mb.
#486989
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   162
Нұғманұлы учебник

Қорытындылау сабақтарын ѳткЬудің әдістемесі. Оқушылар он бірінші сыньшта химиядан эр түрлі дайындықпен келеді. Оқушылардың біразы ғана химияны ѳзінің болашақ мамандығы ретінде таңдап, оны оқып, үйренуге аса ынталы екенін білдіреді. Қалғандары бұл пэннің қажеттігін жете мойындамайды, оның үстіне мұндай оқушыларга химиядан мектеп бітіру емтиханын тапсырмауға рұқсат етіледі. Сондықтан жалпы химияның сабақтарын оқушылар тегіс қатысатындай етіп тартымды ѳткізу мұғалімнен үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қорытындылау сабақтарын ѳткізудегі мұғалімге қойылатын талаптар; 1) жалпы химия курсының алдына қойылатын оқу-тэрбиелік жүктемесіне сэйкес эр сабақтың мақсаты мен міндеттерін нақтылы анықтау; 2) мақсаты мен міндеттері бойынша сабақтың мазмұнын таңдап алу; 3) оқу материалының мазмұнына лайық түрін, құрылымын, әдістерін және амалдарын анықтау; 4) оқушылармен ұйымдастырылатын жаппай, топтық және жеке жұмыстардың түрлерін дэл басып анықтау; 5) оқыту құралдарын тиімді іріктеу, қойылатын тэжірибелерді, техникалык құралдарды, сызбанұсқалар мен тіректік хабарды таңдап алу; 6) үй тапсырмаларын мұқият ойластыру, оқушылардың ѳздігінен істейтін жұмыстарын түрлендіру жэне жеңілдету; 7) оқушылардың білімін есепке алудың ұтымды әдістерін қолдану.

Тақырыптарының мазмұны бойынша жалпы химия қурсында сабақтарды теориялар мен заңдарды, химиялық реакциялар туралы білімді, металдар мен бейметалдар және химияның халық шаруашылығындағы маңызы жѳніндегі білімді тереңдету, жетілдіру және қорытындылау сабақтары деп жіктеуге болады.


Қорытындылау сабақтары кезінде жиі қолданылатын эдістер мыналар; шолу дэрістері, дэріс-эңгімілесу, химиялық тэжірибелер мен кѳрнекі құралдарды кѳрнекі корсете отырып эңгімелесу, оқушылардың баяндамалары, үлестіріліп берілетін материалдармен жұмыс, сарамандық тэжірибелер, эксперимент есептерін шығару.





326

Ѳтілетін материал оқушыларға біршама таныс болғандықтан, бір әдісті пайдаланып, бір сарынмен ѳткізілетін сабақтар оқушыларды жалықтырып жібереді. Сондықтан оқушылардың сыныпта жэне үйде ѳздігінен жұмыс істеуін, сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ететін эдістер (оқулықпен жұмыс, зертханалық тэжірибелер жасау, дидактикалық материалдармен жэне қосымша эдебиеттермен жұмыс, сызбанұсқа сыздыру, т.б.) жиі қолданылады. Қайталау сұрақтары, жаттығулар мен есептер, баяндамалардың тақырыптары мен эдебиеттердің тізімі, оқушыларға кѳрнекі кѳрсететін тэжірибелер мен кѳрнекі кұралдардың тізбесі ертерек беріледі.

Үй тапсырмасының мазмұнын, түрін жэне сипатын анықтауға баса назар аударылады. Оқушыларға қиын тиетін оқу материалы, сан жэне сапа есептері сыныпта талқыланады. Үйге берілетін тапсырма оқушылардың үлгеріміне қарай жіктелген болуы тиіс, оны орындауды жеңілдететін нұсқаулар беріледі.


Қорытындылау сабақтары кезінде химиялық эксперименттің алатын орны ерекше. Бұларда, кѳбінесе кѳрнекі кѳрсететін жэне зертханалық тэжірибелер ѳткізіледі, эксперимент есептері шығарылады. Бұрынғы сыныптардан айырмасы тәжірибелерді орындаудағы оқушылардың дербестігі барынша арттырылады.


Оқушылардың білімін, білігін жэне дағдысын есепке алу жалпы, жиілетіп жэне жекелеп сұрау, сынақтар алу арқылы жүзеге асады. Ауызша жэне жазбаша сұрау ұштастыра қолданылады. Ауызша сұрақ бергенде жеке, топтық жэне жаппай сұрайтын түрлері пайдаланылады. Жекелеп сұрақ қою, хабарлама, баяндама жэне кѳрнекі корсету түрінде ѳткізіледі. Топтық жэне жаппай сұрақтарда эңгімелесу жиі жүзеге асырылады. Химиялық диктант, сан есептерін шығару, зертханалық тэжірибелер орындау жэне эксперимент есептерін шығару түрінде жазбаша сұрақ ѳткізіледі. Оқушылардың алған білімін жан-жақты қолдана білуге мүмкіндік берілетін аралас типке жататын есептер шығарылады, мысалы: "Күкірт қышқылының 15пайыздық 100 мл ерітіндісіне (р=1,105 г/см^) 5 ғ калий карбонаты қосылды. Заттар калий сульфатын түзіп, толық реакцияға түсу үшін қандай затты жэне массасы бойынша қанша қосу керек? Түзілген калий сульфатының массасын жэне зат мѳлшерін есептеңіздер". Бұл сан жэне сапа есебі, мұнда жүзеге асатын есептеулер: 1. Ерітіндінің тығыздығы бойынша массасын, сол массадағы еріген заттың үлесін





327

граммен табу; 2. Ерітіндіге тағы қосылатын затгың ѳзін жэне массасын табу; 3. Түзілген заттың массасын жэне мѳлшерін табу. Бүларды жүзеге асыртанда қисынды ойлау эрекетінің бірсыпыра тэсілдері пайдаланылады, эр кезде алынған химиялық білім қолданыс табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет