Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25


Медет Шатаев, Айдын Жамбыл



Pdf көрінісі
бет108/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

Медет Шатаев, Айдын Жамбыл
Назарбаев Университетінің 3- курс студенттері
НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ: 
ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ҰСЫНЫСТАР
In this article, current teaching position of Kazakh language at Nazarbayev University is being 
focused. Raising the level of Kazakh language was proposed.
Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге 
еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас 
болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Еліміз егемендік алып, дербес мемлекет болып 
қалыптасқалы бері туған тіліміз де өз тәуелсіздігін алды. Осы уақыттар аралығында тіліміздің 
қалыптасуы мен дамуында түрлі жетістіктер мен кемшіліктер болып жатыр.Қазақ тілінің 
қолданыс аясы да әр салада түрлі деңгейде. Мемлекеттік тілге деген қажеттіліктер мен оны 
білуге деген талаптардың да біртекті емесекені анық.
Тілдің мәртебесі, қоғамдық беделі оның басты екі тұғырына тікелей байланысты. Біріншіден – 
білім беру саласы. Екінші – басқару жүйесі. Егер осы екі жүйеде тіл дұрыс және керекті деңгейде 
қолданылса, тіліміздің беделі мен мәртебесі арта берері даусыз. Әрине, «көш жүре түзеледі», бірақ та 
тіліміздің қолданыс деңгейін кеңейту аясында біршама өзгерістер жасалуы керек. Әрбір Қазақстан 
Республикасының азаматы «Мемлекеттік тіл – менің тілім» дейтін деңгейге жеткізуіміз тиіс.
Бүгінгі таңда ғылым күннен күнге алға тоқтаусыз қадам басуда. Әлемде жыл сайын көптеген 
ғылыми жұмыстар, кітаптар, жобалар басылып шығарылады. Осылардың басым бөлігі ағылшын 
тілінде басылып шығарылатыны айқын. Яғни, бүгінгі күні сапалы білім алу үшін, заманға сай 
болып, ғылыммен бірге алға жылжу үшін, ағылшын тілін білуі аса маңызды болып табылады. 
Соңдықтан, әлемдегі заманауи жоғары оқу орындарында білім беру жүйесі ағылшын тілінде негіздел-
ген. Назарбаев Университеті де осындай мекемелердің қатарына жатады және оның басты мақсаты 
сауатты, білімді, болашағы зор және бәсекеге қабілетті жастарды даярлап, келешекте мемлекетті 
алға жетелей алатын мамандарды өсіру. Университет қабырғаларында барлық іс-шаралар, сабақтар 
ағылшын тілінде болғанымен, ешқандай мамандығымызға қарамастан қазақ тілін міндетті оқыту 
саясаты біз үшін үлкен мақтаныш. Қазақ тілінің атаулары мен бағыттарының түрлі болғандығы 
да жақсы. Дегенмен, қазақ тілінің қолдануы біз үшін аса жеткіліксіз болып көрінеді. Қазақ тіліне 
байланысты клубтардың аздығы мен үйірмелердің жұмыс жүргізілмейтіндігі көңіл көншітпейді.
Осы жұмыста Назарбаев Университетінің студенттерінің қазақ тілінің қандай деңгейде 
қолданатынын анықтап, қазақ тілін білу университет ішінді қаншалықты маңызды екенін 
зерттеп және болашақта университет түлектері үшін қандай әсерін тигізетінін көрсетеміз. 
Студенттер тарапынан түрлі ұсыныстар айтуды жөн көріп отырмыз.


118 |
4-СЕКЦИЯ: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ БОЛАШАҒЫ: ЖАСТАРДЫҢ КӨЗІМЕН


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет