Камила Ижанова
студент, Назарбаев Университеті
ОТАНДЫҚ ФИЛЬМДЕРДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ
ҚОЛДАНЫСЫНЫҢ СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
This article focuses on the aspects of the language use in the domestic films and provides the
concrete examples from these films. The general idea is based on studying the theory of spoken Ka-
zakh language and identifying its features.
Тіл мәдениеті – күнделікті өмірдегі тіл қолданыс ерекшеліктерін зерттейтін тіл білімінің
бір саласы. Ол негізгі үш түрлі тілдік нормадан тұрады. Олар: этика, коммуникативті норма,
тілдік норма. Фильмдердегі қолданылатын ауызша тіл мәдениеті тілдік норманың ішіне кіретін
орфоэпиялық, лексикалық және грамматикалық нормаларға негізделеді. Бұл жерде орфоэпи-
ялық норма сөздердің дұрыс айтылуына жауап береді. Ал лексикалық және грамматикалық
нормалар сәйкесінше сөз таңдалымын, мағынасын қарастыра отырып, сөйлем құрылысы мен
құрамын зерттейді. Біздің қарастыратын фильмдеріміз де осы нормаларға сәйкес талданады.
Кинокөріністерде тіл қолданысының аясы өте кең. Адамдардың бір-біріне махаббатын
білдіруі, ұрсысуы, анайы сөздерді қолдануы, осының бәрі тіл мәдениетінің қандай екенін
көрсетеді. Тіл мәдениеті қазақтардың әдет-ғұрпынан да хабар беруі мүмкін.
Негізінен фильмдер әртүрлі уақыт аралығын қамтитындықтан, олардан тіл қолданысының
уақыт өте қандай өзгерістерге ұшырағанын көре аламыз. Мысалға, «Жау жүрек мың бала»
фильмі XVIII ғасырдың басындағы оқиғаларды қамтыса, «Анаға апарар жол» фильмінде 1930
жылдар сипатталады, ал «Шал» фильмінде бүгінгі күннің көріністері бейнеленген.
Фильмдердегі қазақ тілінің қолданысы күнделікті өмірдегі тіл қолданысына айтарлықтай
әсер етеді. Себебі көрермендердің құлағы қазақ тілінің қолданысына үйреніп, күнделікті
өмірде кинокартинадан естіген қазақ тілін қолдана бастайды. Жастардың сұранысына ие
фильмдер мемлекеттегі тіл қолданысының аясына әсер етеді. Көрсетілетін кезеңі мен оқиғала-
рына байланысты фильмдердің тілдік қолданыстары әртүрлі болып келеді. Бұл мақаланың
мақсаты – фильмнің тіл ерекшеліктерін зерттей отырып, оларды жастарға түсіндіріп беру.
Сол арқылы жастардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.
Қазақстандағы киноиндустриясының қарқынды дамуы бұл тақырыпты таңдауымыз-
дың негізгі себебі болды. Жылына кем дегенде 12 отандық фильм көрерменге жол тартады.
Жергілікті кинотеатрларда отандық фильмдерді көрсету күн санап жиілеп келеді. Оған дәлел
көрерменнің сұранысына ие «Жат», «Жол», «Өмір-ай», «Жау жүрек мың бала», «Келинка Са-
бинка», «Келинка Сабинка 2», «Рэкетир», «Рэкетир 2», «Көшпенділер», «Құнанбай», «Тараз»,
«Анаға апарар жол» және т. б. бола алады.
Аталмыш фильмердің барлығы дерлік, әртүрлі жастағы көрермендерге жанрларының
сан-алуандылығымен қызықтырады. Осы мақалада жасөспірімдер аудиториясындағы фильм-
дердің қазақ тілінің қолданыс аясы сипатталады.
| 117
Достарыңызбен бөлісу: |