Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25



Pdf көрінісі
бет106/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

Мейрам Жардаев
студент, Назарбаев Университеті
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ НҰСҚАЛАРЫ
In this research online learning of Kazakh language was studied. These days there are several 
Kazakh language learning online web sites, and they were tested for how they are easy to follow, 
their effectiveness, what kind of people can learn from them and what exactly they can learn; fur-
thermore, they were compared with some other language learning web sites.
Қазақстан – егемендігін 25 жыл бұрын алған, жас республика, алайда біздің еліміздің 
тарихының тереңдігі ғасырлардай. Тіл – ел байлығы, асыл қазынам деп бекер айтпаған, тілі 
жоғалған елдің болашағы бұлтты. Қазақ тіліміз анадан балаға, ұстаздан шәкіртке ауызекі 
айтылып, қаламмен қағазға жазылып үйретіліп келген. Есік алдында XXI ғасыр, білім мен 
озық технология ғасыры. Білім алу жүйесі бірнеше сатыға көтерілген, барлақ жағдайлар 
жасалып келеді, оқимын дегенге таңдау көп. Елбасымыздың 3 тілді, тұғырлы саясатының 
арқасында, Қазақстан көшбастап келе жатқан елдермен терезесі тең ұстап тұр.
3 тілді саясаттың кері әсерлері де көзге түсе бастады, ғалымдар, қоғам қайраткерлері осы 
саясатты сынға алып, оң және кері пікірлерін айтуда. Ағылшын, орыс тілдері үшін қазақ 
тілінің мәртебесі төмендеп, тілге деген сұраныс азаюда деген пікірлер жүруде. Негізінде бұл 
мәселенің астарын келетін болсақ, тілге деген сұранысты көбейту үшін тілді үйрену үшін 
барлық қолайлы жағдайлар жасау қажет. Олардың ішіне кітаптардан бастап видео сабақтар-
дың барлығы кіреді. Қазіргі жаңа ғасырда ғаламтор жүйесі үлкен бір қозғаушы күш болып 
табылады, оны біз кез келген қажеттілікпен қолдана аламыз. Егер оны дұрыс пайдалана 
білсек, қазақ тіліміздің оқытылуында үлкен бір қадам деп ойлаймын. Қазір елде қазақ тілін 
білмейтін жандар өте көп, алысқа кетудің қажеті жоқ, мәселен өз тілін жетік білмейтін қазақ 
бауырларымыз бен қарындастарымыз жетіп-ақ жатыр. Одан бөлек жүзге жуық өзге елдің 
азаматтары бар, міне соларға қазақ тілін үйрену үшін жағдай жасау қажет. Ғаламтор деген 
бүгінгі күні өте жетімді әрі тиімді құрал, сондықтан электронды тіл оқытуды жетілдіру 
қажет. Ия, бүгіннің өзінде, ғаламтор желісінде онға жуық қазақ тілін оқытатын ғаламтор 
беттері бар, алайда олардың қаншалықты пайдалы екені, қандай қоғамға арналғандығы, 
қандай тіл біліктілігін қажет ететіндігі, олардың ағылшын тілі сияқты тілдерді үйрететін 
ғаламтор парақшаларымен ұқсастық, айырмашылықтары барша жұртқа мәйім емес. Қазақ 
тілін білетін халық санының азаюы, қазақ тілінің қолданылуының төмендеуі, ел болашағы 
үшін ана тіліміздің рөлі, және тілді үйренуге деген сұраныс, қажеттілік осы тақырыптың 
өзектілігін айқын көрсетіп тұр.
Бұл жұмыс қазақ тілін оқытудың бар электрондық нұсқаларын қарастырады, оларды 
сынға алып, басқа тілдерді оқытатын электронды желілермен салыстырады. Келешекте осы 
электронды оқытуды жетілдіру жолдарын қарастырады.


116 |
4-СЕКЦИЯ: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ БОЛАШАҒЫ: ЖАСТАРДЫҢ КӨЗІМЕН


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет