Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25


еңсесін баса ма, бір уыс болып бүрісіп отыр…



Pdf көрінісі
бет28/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

еңсесін баса ма, бір уыс болып бүрісіп отыр… Жылқышы жігіттің әсіресе таңданғаны – 
байдың баяғыдай амандықтан бұрын малды түгендей жөнелетін әдетіне баспай немкетті 
көңілмен өзіне тесіле қарап, ойланып қалғаны-тын. «Жоқ, бұл баяғы байекең емес, өзгерген, 
көп өзгерген», – деп ойлады ішінен» (О. Бөкей.Таңдамалы. 2-т.,95-б.). Ым-ишараттардың енді бір 
ерекшелігі ретінде олардың шығу тегі қимылмен байланысты болғандықтан, этимологиялық 
болжамдар жасауға мүмкіндік беретінін айтуға болады.
Б. Шалабай
ф. ғ. д., профессор, Ш. Уәлиханов атындағы
Көкшетау мем. университеті
КӨРКЕМ МӘТІНДІ ТАЛДАУДЫҢ СТИЛИСТИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ
The article deals with different aspects of text study, including stylistic aspect. The logic, psy-
chological and linguistic approaches have created the explanation of any text composition and the 
main priority positions of scientific searches.
XXI ғ. адамзат қоғамының алдына жаңа мәселелер қойып отыр. Олар қоғамның барлық 
жағын қамтиды, солардың ішінде ғылым саласы көшбасшы қызметін атқаратыны ақиқат 
шыңдық.
Филология, оның қос саласы тілтану мен әдебиеттану да өзінің басынан жаңа кезеңді 
өткізуде. Ғылымдағы интеграция (ықпалдастық) мен көп парадигмалылық, әсіресе, осы 
ғылым салаларынан анық байқалады.
Филология ғылымының өткен ғасырдан жалғасып келе жатқан зерттеу нысандарының 
қатарында мәтін талдау (мәтінді зерттеу) ерекше орын алады. Кез келген мәтінді зерттеу 
(ғылыми, публицистикалық, көркем) оны құрушы сөйлемдердің құрылымдық-стилистикалық 
ерекшеліктерін, элементтерінің байланыстары мен қатынастарының сипатын, контекст пен 
ситуацияға қатысты ерекшеліктерін ашуға негізделеді.
Осыған байланысты мәтінде көрініс табатын логикалық, психологиялық, лингвистикалық 
аспектілердің қарым-қатынастарын ескеру қажеттігі туады. Соған орай мәтін композициясын 
белгілейтін мәтін құрылымындағы логикалық-мағыналық байланыстардың сырын ашудың 
мәні зор. Бұл мәтіннің композициялық-стилистикалық құрылымын анықтауға алып келеді.
Мәтін талдаудың методологиялық негізін шығарманың өзара диалектикалық қатынастағы 
формалық жағы мен мазмұндық жағының тығыз бірлігі құрайды. Стилистикалық талдаудың 
мақсатына орай оларды шартты түрде бөліп алғанмен, нақтылы мәтіндегі олардың өзара 
байланысуы мен әсерлесуін әрдайым ескеру қажет.
Көркем мәтінді зерттеудің аспектілері көп екендігі белгілі. Олар: лингвистикалық, әде-
биеттік, стилистикалық, этномәдени, когнитивтік, психолингвистикалық т. б.


| 35
Көркем мәтінді тарихшы да, философ та, социолог та т.б мамандар өздеріне қажет мате-
риалдар алу үшін тексереді. Солардың ішінде филолог маман үшін стилистикалық аспекті 
ерекше орында тұрады. Ол көркем мәтінді өнер туындысы, өнер құбылысы ретінде алып 
зерттейді. Күн тәртібінде мұндай зерттеудің әдістемесін жасау өзектілігі тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет