Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25



Pdf көрінісі
бет31/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

Ш. Қ. Құрманбаева
п. ғ. д., Л. Гумилев ат. ЕҰУ
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА 
ФИЛОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ МІНДЕТТЕРІ
Improving the quality of literary education is one of the main priorities of our country. The ba-
sic capital of the society in this era of globalization is becoming the human capacity for creative ac-
tivity. In this regard, one of the most urgent problems of formation of Kazakhstani society becomes 
competitive personality, ready not only to live in a changing social and economic conditions, but 
also to actively influence the existing reality
Қазіргі таңда отандық білім беру жүйесінің, оның филологиялық жоғары білім беру са-
ласының алдында зор міндеттер тұр. Ол – жаңа заман жастарын әлемдік бәсекеге қабілетті 
кәсіп иесі, білімді, білікті, құзыретті тұлға ретінде дайындау міндеті.
Біз шешуге тиісті филологиялық білім берудің сапасын арттыруға бағытталған бұл 
міндеттер парадигмасы бүгінгі күнде сапалық тұрғыдан өзгерді, жалпы қоғам үшін 
ғылыми-теориялық және практикалық маңызы арта түсті. Білім және кәсіби машық – зама-
науи білім беру жүйесінің негізгі бағдары десек, тіл мен әдебиет мұғалімі, филолог маман 
егемен еліміздің адам капиталын қалыптастырудағы негізгі күш болып табылады. Тіл мен 
әдебиетті ұлттан, ұлттық мәдениеттен, ұлт өмір сүріп отырған қоғамдық-әлеуметтік қарым-
қатынастан бөліп қарау мүмкін емес. Сондықтан оқушылар мен студент жастарды қоғам-
дық-саяси, рухани-мәдени тұрғыдан дамыту арқылы ұлттық құндылықтарын қастерлейтін, 
жалпыадамзаттық құндылықтарды бағалайтын, ана тілі мен әдебиетін сүйіп, шетел тілдері 
мен әдебиеттерін меңгерген, ақпараттық-комуникациялық технологияларды игерген кәсіби 
білікті тілдік тұлға даярлау – қоғам қажеттілігі.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі мен тұтастығын берік қалыптастыруда қоғамдық-
әлеуметтік пәндердің, соның ішінде филология пәндерінің алар орны ерекше. Еліміздің рухани 
құндылықтарын бағалауда филология пәндері тәлім-тәрбиелік, көркемдік-эстетикалық, тарихи-
танымдық маңызды қызмет атқарады. Сол себептен филологиялық білім беру міндеттерінің 
ең бастысы – ертеңгі күні жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналатын жастардың бойында 
тіл мен әдебиетке деген махаббат, құрмет, азаматтық борыш сезімдерін ұялату болуы тиіс.
Филологиялық білімді қатысымдық тұрғыда меңгерте отырып, танымдық бағдарлы 
оқытуды назардан тыс қалдырмау қажет, тіл мен әдебиетті оқи отырып, елтану, ұлттану, 
этномәдениеттану, құндылықтарды тану, сол арқылы тұлғаның өзін-өзі тануына қол жеткізу – 
біздің басты мақсатымыз.
Тілдік ғаламдастыру кезеңінде әрбір филолог маман ең алдымен егемен еліміздің 
үштұғырлы тіл саясатының басты шарттарын айқын білуге тиіс. Көптілді білім беруді 
енгізудің негізі жоғары оқу орындарында сапалы филолог мамандарды даярлаудан бастап 
қалануы тиіс.
Соған байланысты жас ұрпақтың санасында өзге тілдің емес, ана тілінің доминантты рөл 
атқаруына қол жеткізу – басты мақсат болуы тиіс. Тіл экологиясын сақтауда ана тілін шұбар-
ламай, тілдің барлық көркемдік айшықтарын тереңінен қолданып, мәдениетті сөйлейтін, өз 
тұжырымдарын кез келген ортада жеріне жеткізіп айта алатын оқушының тілдік тұлғасын 
қалыптастыру – басты мақсат болуы тиіс.


38 |
2-СЕКЦИЯ:ХХІ ҒАСЫР ФИЛОЛОГИЯСЫНДАҒЫӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет