Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25



Pdf көрінісі
бет35/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

Көпбаева Меруерт
ф. ғ. д., профессор,
М. Х. Дулати атындағы ТарМУ
ФИЛОЛОГ МАМАН ДАЙЫНДАУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН АЛҒЫШАРТТАРЫ
In this article Problems and Prospects of Philologists’ training is provided comprehensively. 
The opening of an applied philology specialty to increase the importance of the Kazakh language 
and communication issues analyzed comprehensively.
Елімізде креативті филолог маманның көмегіне жүгінбейтін сала жоқ. Дегенмен, зама-
науи талаптарға жауап бере алатын жан-жақты білімді, білікті, коммуникация дағдыларын 
меңгерген, инновациялық технологияны қолданатын құзыретті мамандар өте тапшы. Аталған 
мәселені дұрыс шешудің бірден-бір жолы өркениетті мемлекеттердей қолданбалы филологияны 
жеке сала ретінде қолға алып, мамандар дайындау. Қазақстанда бірлі-жарым оқу орындары 
ғана қолданбалы лигвистиканы пән ретінде кіргізген және коммуникацияны филологиялық 
қамсыздандыру тұрғысынан оқытуға баса мән берген. Бүгінгі таңда әлемдік бәсекеге қабілетті 
кәсіби даярлығы жоғары, өз білімін ұдайы жетілдіріп отыратын, шығармашыл, ізденімпаз, 
инновациялық даярлығы қалыптасқан ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын маман 
даярлау басымдықтар биігіне көтерілді. Ендеше, құзыретті филолог мамандарды даярлауда 
қолданбалы филология мамандығын ашуды және батыстағыдай жүйелі жолға қою ісі қазақ 
тіл білімі мен мемлекеттік тіл коммуникациясының күрмеулі мәселелерінің оң шешімін 
табуына зор септігін тигізері анық.Қолданбалы филология – заманауи өмірдің барлық сала-
сында лигвистикалық білімін іскерлікпен қолдануға бейімделген филологияның жаңа бағыты. 
Аталған жаңа сала яғни қолданбалы филология бейіні бойынша маман дайындау бағыттары 
былайша болып келмек:
Қазақ және шетел әдебиеті, орыс тілі саласы бойынша терең жалпы филологиялық 
көптілде білім беру;
Екі шетел тілін, бір түркі тілін, тереңдетіп оқыту;
• Заманауи коммуникацияға тіл арқылы әсер ету.
Бұл бағыттар қазіргі заманғы талапты яғни тиімді тілдік қатынас заңдарын білуге бағытт-
тайды және әр түрлі жыныс, жас, әлеуметтік қатысы бойынша адамдармен тілдесу ептілігін 
меңгеруге мол мүмкіндік ашады. Ал біз көтеріп отырған филологиялық және коммуникативтік 
білім берудің негізінде тиімді тілдік қатынасты меңгеру, осы қатынаста өз мақсатына жету 
ептілігін қалыптастыру мәселесі өз шешімін табар еді. Филолог-лингвист заманауи қоғамда 
коммуникация саласындағы жан-жақты филологиялық дайындық пен тереңдетілген курстан 
өтіп, сұранысқа ие болады. Нәтижесінде коммуникативтік технология саласындағы өз білімін 
қарқынды дамып келе жатқан еңбек рыногында қолдана алады. Аталған мамандық ашылған 
жағдайда, Қазақстанда мемлекеттік тіл мәртебесінің құзыреті мен функционалдық пробле-
малары дұрыс шешімін тауып, туған тіліміздің өрісі кеңейіп, өресін биіктетін аса пәрменді 
тетіктердің бірі қалыптаспақ.


42 |
2-СЕКЦИЯ:ХХІ ҒАСЫР ФИЛОЛОГИЯСЫНДАҒЫӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет